Global Firepower-2024 мәліметіне қарағанда Қазақстан әскери қуат деңгейі бойынша жыл сайынғы рейтингте 145 елдің ішінде 58-орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: khabar.kz

Белгілі болғандай, Қазақстан әскері Орталық Азиядағы ең үздік деп танылды.

Рейтингте Қазақстаннан кейін Әзірбайжан (59), Беларусь (64), Өзбекстан (65), Түркіменстан (83), Қырғызстан (100), Тәжікстан (107) елдері орналасқан.

Әскери қуаты ең жоғары елдер – АҚШ, Ресей және Қытай. Ал 145 елдің көрсеткішін Бутан елі жапты.

Айта кетейік, елдер 60 түрлі критерийлер бойынша бағаланды: әскери бөлімдердің саны, кадрлық ресурстар, қаржылық жағдай, технологиялық даму, географиялық орналасуы мен мықтылығы.

2023 жылдың наурыз айында Қазақстан бұл рейтингте 63-орынды иеленген еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.