Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығына иелік ететін "Си Пи Ритаил Алматы" компаниясы ғимараттың сатылымға шыққаны туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет 2gis-тен

Бұған дейін БАҚ-та осы жылдың басында Esentai Mall сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Мұнда оның құнын 22 миллиард теңгеге бағалаған. Хабарландыру иесі жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайтын кеңселерді, дүкендерді, бутиктерді, қоймалар мен автосервистерді, автокөлік жуу орындарын, қоғамдық тамақтану орындарын және сұлулық салондарын сататыны айтылған. Одан бөлек сауда орталығының жалпы жалдау алаңы 49 мың шаршы метрді құрайтыны туралы да ақпарат тараған еді.

  • Шетелден алынған үйлер мен виллалар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мемлекетке қайтарылған активтерді көрсетті

  • Фитнес-клуб, сауда орталығы: Қайрат Боранбаевтың бірнеше мүлкі Алматының коммуналдық меншігіне өтті

Осыған байланысты Esentai Mall сауда орталығына иелік ететін  "Си Пи Ритаил Алматы" компаниясы сату туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, түсініктеме жасады. 

"Си Пи Ритаил Алматы "компаниясы" ЖШС Esentai Mall СОО меншік құқығындағы серіктестікке тиесілі үлесін сатуға ұсынбаған. Серіктестік Esentai Mall сауда орталығын немесе оның үлестерін сату мәселесін қарастырмайды және мұндай ниеті жоқ", — деп түсіндірді компания.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.