Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Зеленский өзінің Telegram-арнасында жазды. 

"Біріншіден, мен елімізге көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысымды білдірдім. Мен әріптесіме Украинаның бейбітшілік формуласын жүзеге асыру бойынша қауіпсіздік кеңесшілерінің жұмысының нәтижелері және Жаһандық бейбітшілік саммиті алдындағы дайындық шаралары туралы хабардар еттім", – деп жазды Зеленский.

Сонымен қатар, ол бүгін Киевте күштеп қоныс аударылған украиндық балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияның отырысы өтіп жатқанын атап өтті.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.