Умра және Қажылық
(www.toislam.com сайтының редакциясы дайындаған)
Қажылық парызға айналатын шарттар
-
Ислам.
Яғни адам мұсылман болуы керек.
-
Еркіндік.
Яғни адам құл болмауы тиіс.
-
Балиғат жасына толу және ақыл-парасат (таклиф).
Алайда егер бала қажылық жасаса, онда оның қажылығы есептеледі, бірақ ол оның мойнынан Исламның (парыз) қажылығын түсірмейді. Балиғатқа толу ер адамдарда 3 белгінің, әйел адамдарда 4 белгінің біреуінің пайда болуымен жүзеге асады: 1-Поллюция, 2-жыныстық мүшелердегі түктер, 3- 15 жасқа толу. Әйелдерде де тура солай және тағы бір белгі – етеккір.
-
Құдірет (Күш-қуат) (Қудра). Яғни қажылықты жасауға дене және материалдық мүмкіндігі бар адам
Бұл мәселенің 4 жағдайы бар:
1 – Дәулеті мен денсаулығы (қажылықты өтеуге) жеткілікті адам. Мұндай адам қажылықты өзі орындауға міндетті.
2 – Денсаулығы бар, бірақ қаражаты жоқ адам. Егер қажылықты ақшасыз орындау мүмкіншілігі болса, онда ол мұны істеуге міндетті.
3 – Дәулеті (қажылықты өтеуге) жеткілікті, бірақ дене тұрғыдан ауру адам. Ол өзінің орнына қажылық жасайтын адамға тиісті қаражатын беруге міндетті.
4 – Кедей (қажылық жасауға қаражаты жоқ) әрі ауру адам. Оның мойнынан қажылық міндеті алынады (түседі).
- Сондай-ақ материалдық мүмкіншілікке оның қажылық сапарға кетер кезінде өз отбасына қаражат (нәпақа) тастау керектігі де кіреді.
- Сондай-ақ адамға қажылық жасауы үшін зекет беруге де болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық – Аллаһтың жолынан», - деп айтқан.
-
Әйелдер үшін махрамның болуы.
Махрамның болуы күш-қуат (құдірет) (қудра) мәселесіне қайта тіреледі. Және кімнің махрамы болмаса, сол материалдық немесе дене тұрғыдан мүмкіншіліктері жоқ адам секілді. Әйелдің махрамдарына мына туысқандары жатады: әкесі, әкесінің әкесі, ұлы, ұл немересі, туған бауыры, туған бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұл балалары, әкесі мен шешесінің бауырлары. Сондай-ақ махрамға омыраумен емізудің себебінен махрамға айналғандар да жатады. Яғни сүт әкесі, сүт атасы, сүт ұлы, сүт немересі (ұл бала), сүт бауыры (сүт ағасы немесе інісі), сүт бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұлдары.
Сондай-ақ махрамға күйеуінің әкесі мен атасы, күйеуінің ұлы мен ұл немересі, анасының күйеуі (егер онымен ерлі-зайыпты өмір сүруді бастаған болса), қызының күйеуі және ұлы кіреді.
Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы
Аллаһ Тағала былай деп айтқан:
الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُوْلِي الأَلْبَابِ
«Қажылық (шәууал, зуль-қағда және зуль-хижжаның онына дейінгі) белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ. Әй, ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер де, Аллаһ бұл туралы біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (әл-Бақара 2: 197).
Абу Хурайрадан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі және орынсыз еш нәрсе жасамай, Аллаһқа қажылық жасаған адам анасы оны туған күнде қандай болса, солай оралады». Әл-Бухари 1521, Муслим 1350.
Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Амр ибн әл-Ас жеткізген хадисте былай дейді: «Ислам оған дейін болған нәрсені өшіреді, қажылық оған дейін болған нәрсені өшіреді, хижра оған дейін болған нәрсені өшіреді». Муслим.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Умрадан кейін умраны орындау олардың араларындағы күнәлардың өтеуі болады, мінсіз қажылыққа келер болсақ, ол үшін Жәннаттан өзге сый жоқ!». Әл-Бухари 1773, Муслим 1349.
Әрбір мұсылман Исламның бес парызының бірі болған осы ұлы рәсімді орындауға міндетті, әсіресе бұл Қажылықты орындау мүмкіншілігіне ие, алайда оны ешбір себепсіз кейінге қалдырып жүрген адамға қатысты. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Парыз қажылықты орындауға асығыңдар, өйткені расында сендерден ешкім оған не кедергі болып қалуы мүмкін екендігін білмейді!» Ахмад 1/314. Хадистің сенімділігін хафиз ’Абдул-Хаққ әл-Ишбили, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Ал ‘Умар ибн әл-Хаттаб мына қорқынышты сөздерді айтып ескерткен: «Кімнің қажылықты орындау мүмкіндігі бола тұра оны орындамаған болса, онда оның қалай өлетінінде: христиан болып па, әлде иудей болып па – айырмашылығы жоқ!» әл-Исма’или, Ибн Абу Шайба, Са’ид ибн Мансур. Хафиз Ибн Касир иснадын сахих деді. Қз.: “«Тафсир» Ибн Касир” 2/97.
Бұдан қалса, бірауызды пікір (ижма’) бойынша, қажылықты орындау өмірде бір рет міндетті болып табылатындығына қарамастан, көптеген имамдар қажылықты әр бес жыл өтісімен орындауды дұрыс көрген. Мұнымен олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисіне сүйенген: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала айтады: “Егер Мен Өзімнің құлымның денесін сау етсем және оны кеңшілікке бөлесем, ал бес жыл өтісімен ол Мені зиярат етпесе, онда ол игіліктен құр қалғандардың қатарынан!» Ибн Хиббан 960, Абу Йа’лә 1/289, әт-Табарани 1/110. Хадистің сенімділігін имам Абу Зур’а, имам Ибн Хиббан, шейх Али әл-Қари, шейх әл-Әлбани, Абу Исхақ әл-Хууайни және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Ибн ‘Умар былай баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мина өлкесіндегі мешітте отырғанымызда бізге біреуі ансарлардың қатарынан, ал басқасы Сақиф руынан екі адам келді де, сәлем беріп, содан соң отырды. Сосын олар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, біз саған сұрақ қоюға келдік”, - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Егер қаласаңдар, мен сендерге сұрағыларың келген нәрселеріңді хабарлайын, ал егер қаласаңдар, сендер мұны өздерің айтыңдар”, - деді».
Олар: “Уа, Аллаһтың елшісі, хабарла», - деді. Сақафи ансарға: «Сұра», - деді». Алайда ол: «Хабарла маған, уа, Аллаһтың елшісі», - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен Қорықты мешітке бару үшін үйіңнен шыққаның үшін саған не (сый-сауап) болатынын сұрау үшін келдің. Тауаптан кейінгі екі ракағат туралы, (яғни) саған ол үшін не (сый-сауап) болатынын білу үшін. Сафа мен Маруаның арасын айналып жүру туралы білу үшін. Арафатта тұру туралы, бағаналарға тас лақтыру туралы, шашты қыру және Қағбаны айналу туралы, осылар үшін саған не (сый-сауап) болатыны туралы!». Әлгі кісі: «Сені ақиқатпен Жібергенмен ант етемін, мен дәл соны сұрауды қалап келгенмін», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сен Қорықты мешітке қарай жол алып үйіңнен шықсаң, сенің мінген жануарың аяғын әр көтерген және түсірген сәтте, саған бір сый-сауап жазылады және бір күнәң кешіріледі.
Қағбаны (жеті рет) айналудан кейінгі екі ракағатқа қатысты айтар болсақ, онда бұл сенің Исмаил (пайғамбардың) ұрпақтарынан болған бір құлға азаттық бергеніңдей.
Сафа мен Маруа төбелерінің арасын айналып жүруге келер болсақ, бұл жетпіс құлды босатумен бірдей.
Сенің Арафатта тұруыңа қатысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала төменгі аспанға түсіп, періштелердің алдында мақтанып, былай дейді: “Құлдарым Жәннатымды қалап, Маған әр жақтан шаштары ұйпалақтанған күйде келді! Егер олардың күнәлары майда тастардың, жаңбыр тамшыларының және теңіз көбігінің санындай (көп) болса да, Мен оларды кешірер едім! Әй, Менің құлдарым, сендерге кешірім сый етілді!»
Тас лақтыруға келер болсақ, әрбір тасталған тас үшін сенің кіші күнәң кешіріледі.
Құрбандығыңа келер болсақ, бұл үшін саған Раббыңның алдында ұлы сый әзірленген.
Басты қыруға қатысты айтар болсақ, әрбір талшық шаш үшін саған игі іс жазылады әрі күнәң кешіріледі.
Ал сенің осының барлығынан соң Қағбаны айналуың туралы айтар болсақ, онда сен күнәсіз болған күйде тауап жасайсың. Әрі осыдан соң періште келеді де, қолдарын сенің иығыңа қойып, былай дейді: «Болашақта саған жазылған нәрселерді орындай бер, өйткені бұрын болған нәрселердің барлығы саған кешірілді!”» әл-Баззар 2/182, Ибн Хиббан 963, ‘Абдур-Раззақ 8830. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1112.
Умра мен Қажылықты орындаудың ережелері
Умра
1 - Изар мен рида1 киімдерін киіп, (қажылық өтеу) ниетімен2 ихрамға кіру, әрі осыдан бұрын толық жуыну (ғұсыл алу)3.4
2 – Денесіне хош иістерді ихрамға кіруден бұрын жағу керек (тек ер кісілер үшін).
3 – Ихрамға миқат5 деп аталатын арнайы орында кіру.6
4 – Умраны орындау ниетімен ихрамға кіру.7
7 – Ихрам халіне кіргенде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан тәлбийя8 сөздерін айту керек.
9- Тәлбийяны дауыстап айту керек.9
10 – Кейін Меккеге аттанамыз.
11 – Меккеге кіруден бұрын толық жуыну, егер осыған мүмкіндік болса.
12 - Әл-Харам мешітіне оң аяқпен, мешітке кірерде айтылатын зікірлерді айтып кіру.10
13 – Қағбаны тауап ету11.
14 – Қағбаны осы тауап етудің кезінде ер кісілердің оң иықтарын жалаңаштауы (әл-идтиба’)12.
15 – Қағбаны осы тауап жасауда етуде алғашқы үш айналымды жылдам қадамдармен жүріп өту (әр-рамль)13.
16 – Қағбаны (осы) тауап жасаудан соң Ибраһимнің орынының артында екі ракағат намаз орындау14.
Оның бірінші ракағатында («әл-Фатихадан» кейін) «әл-Кәфирун» сүресі (№109), ал екінші ракағатта - «әл-Ихлас» (№112) сүресі оқылады немесе керісінше.
17 – Бұл намазды Ибраһимнің (тұрған) орнының (макам Ибрахимнің) артында тұрып орындау.15
18 – Зәм-зәм (бұлағынан) су ішу және оны басқа құю.
19 – Қара тасты ұстау үшін оған қайта оралу.
20 - Әс-Сафа төбесіне белгілі аятты16 оқып бару.
21 - Әс-Сафа (төбесінде) Қыблаға бетті қаратып тұру.17
22 – Әс-Сафа мен әл-Маруаның арасында жеті рет әрі-бері жүріп өту, әрі осыны әл-Маруамен аяқтау.
23 - Әл-Маруада (Қыблаға бетті қаратып және) әс-Сафада орындаған амалдарды орындап тұру.
24 – Әс-Сафамен мен әл-Маруаның арасын әрбір айналып өтуде, құрғап қалған арнаға (уади) қадам басқанда рәсімдік жүгіруді (сай) орындау18.
25- Рәсімдік жүгіруді (сай) әл-Маруада аяқтау19.
26 – Қажының басты қыру арқылы емес, шашты алу арқылы ихрамнан шығуы.20
Қажылық
1 – Әт-таруия (8-зу-ль-хижжә) күні күн шыққаннан кейін ихрамға кіру21 және қажылық (өтеу ниетімен) тәлбийяны жариялау.
2 – Мина (алқабына) аттану және сонда түнеу.22
3 – Минада бесін (зухр) және қалған бес уақыт намазды қысқарта отырып, әр намазды өз уақытында орындау23.
4 – Арафатта тұру күні күн шыққаннан кейін Минадан Арафатқа қарай жүру24.
5 – Егер мүмкіншілік болса, Арафаттың жанындағы Намирада (тал) түстің алдында тоқтап өту.
6 – Урана уәдиіне жүру және бесін (зухр) мен екінті (аср) намаздарын қоса орындау. Сүннет намаздар орындалмайды.
7 – Арафатта тұру күні имамның намазға дейін құтпа айтуы.
8 – Арафатта дұға жасап, Аллаһты мадақтап, ораза ұстамай тұру.
9 – Арафатта тұру кезінде Аллаһқа дұға етіп жалбарынғанда екі қолды көтеріп, бетті Қыблаға бұру.
10- Арафатта тәлбийя сөздерін айту25.
11 – Арафаттан күн батқаннан кейін, тыныштық сақтап жылжу.
12 – Муздалифада ақшам (мағриб) және құптан (иша) намаздарын қосып оқу. Алдымен ақшам (мағриб) намазы, ал содан соң бірден құптан (иша) намазы орындалады. Осы екі намаздың әрқайсысының алдында иқама айтылады.26 Бұл екі намаздың арасында сүннет намаздарын оқудан бас тарту қажет.27
13 – Муздалифада түні бойы түнеп шығу28.
14 – Таңның алғашқы шапақтарының көрінісімен таң (фажр) намазын орындау29.
15 – Муздалифа аумағында орналасқан әл-Маш’ар әл-Харамда жүзді Қыблаға қаратып, Аллаһқа дұға етіп жалбарынып, Оны мадақтап (тахмид), Оны ұлықтап (такбир), «Лә иләһә иллә-Ллаһ» сөздерін айтып (тахлиль), күн шыққанға дейін тұру.
16 - Әл-Маш’ар әл-Харамнан күн шыққанға дейін жылжу.
17 - Әл-Мухассир алқабынан әдеттегіден сәл жылдамырақ жүріп өту.
18 - (Үлкен) бөренеге (тас лақтыру үшін) Арафатқа барған жолдан өзге жолмен бару.
19 – Құрбан айт күні күн шыққаннан бастап түске дейін әл-хазф мөлшеріндей жеті тасты уәдидің ішкі бөлігінен үлкен бөренеге (әл-джамрат әл-кубраға) лақтыру30.
20 – Егер қажеттілік болса, түстен түнге дейін лақтыруға рұқсат етілген.
21 – Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту.
22 – Тас лақтырудың алдында тәлбийя сөздерін айтуды тоқтату.
23 - Тас лақтыру ихрамнан «кіші» яғни жартылай шығуды білдіреді31.
24 - Әт-таматту’ қажылығын орындаушы қажылар құрбан шалады. Кім құрбан шалуға мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды32.
25 – Түйе немесе сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады, қой немесе ешкі – бір адамның атынан.
26 – Құрбан шалу Меккеде де, Минада да орындалады33.
27 – Шашты бастың оң жағынан бастап қырып тастау34.
28 – Меккеге Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әс-садр/ тауаф әл-ифада) жасау үшін жөнелу.35
29 – Қағбаны негізгі тауап етіп болған соң Зәм-зәм (бұлағынан) су ішу.
30 – Қағбаны негізгі тауап етіп болғанннан кейінгі рәсімдік жүгіру (сай)36.
31 – Осы рәсімдердің барлығын орындап болған соң ихрам халінен толық және түгелімен шығу.
32 – Құрбан айт күні орындалатын рәсімдердің тәртібін сақтау37.
33 – Минаға қайта оралу және үш ташриқ күндерінде сонда болу.
34 – Әр ташриқ күнінде үш бағанаға тас лақтыру38.
35 - Қағбамен қоштасу тауабын (тауаф әл-уада’) Меккеден үйіне кетудің дәл қарсаңында жасау, әрі оны жасау кезінде алғашқы үш айналымда жылдам жүрмеу және оң иықты жалаңаштамау керек39.
Умра мен қажылықтың рәсімдерінің дәлелдерімен конспектінің www.toislam.com сайтындағы толық нұсқасынан танысуға болады.
Әрі соңында Аллаһқа мақтау-мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |