Шетелдіктер асырап алған Жәнібек биологиялық анасын іздеп елге келген еді. Баланың анасы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kymbatdoszhan/

Осы орайда танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты жаңа деректі жария етті. “Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған еді. 

“Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан мырзадан жауап келді. Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі еді. Өйткені, Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда тіпті Испанияға кетіп қалған. Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген еді. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болған. Сондай-ақ, осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадам жасауға құқығы жоқ дегендей жауап алдық”, – дейді журналист. 

Еске салайық, алаяқтар Жәнібектен 5 мың еуро сұрағанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 𝑸 𝑨 𝒁 𝑨 𝑸 𝑹 𝑨 𝑫 𝑰 𝑶 𝑺 𝒀 (@qazradio.fm)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.