Қарағанды облысы жол-көлік оқиғалары басқармасы қалада жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында оқушыны басып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 6 ақпан күні сағат 08:00 шамасында Toyota жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Аманжолов көшесімен келе жатқан. Алайда жол қозғаласы қауіпсіздігін сақтамаған жүргізуші, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 12 жастағы оқушыны қағып кетті. 

  • Таразда жолаушылар автобусы бір адамды қағып кетті

  • Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен

"Ауыр жарақат алған оқушы ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, 2024 жылы 19 қаңтарда Алматы облысында 9-сынып оқушысы 14 жастағы қызды көлікпен қағып кеткен еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.