Бүгін мәжіліс отырысында депутат Баққожаев Анас Ахатұлы “Ауыл” партиясы азаматтарын қазақтың дәстүрін тап-таза күйінде сақтау алаңдататынын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс отырысынан скриншот

Ол ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлына қыз алып қашуға қатысты сауал жолдады.

“90-жылдары кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. Сол кезде қыз алып қашу деен үрдіс пайда болды. Оны қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын орындайтын халықпыз. Бірақ экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты сондай жағдай 90-жылдары болды. Ал қазір қыз алып қашу жоқтың қасы. Себебі еліміз дамыған, өркениетті елміз, дамыған мемлекеттермен теңесеміз дейміз. Бірақ википедияға қараңызшы, википедия бойынша Қазақстан қыз ұрлау бойынша Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда, Қазақстан қайда? Осыған байланысты бірінші сұрағым, қызды алып қашу статистикасы шынында қандай? Шын мәнінде оққа жақын болса википедияға ресми жазып, Қазақстанды сол тізімнен алып тастау туралы ұсыныс жасайсыздар ма”, – деп сұрады депутат. 

“Комитет отырыстарында осыған байланысты бірқатар сұрақ болған, талқылағанбыз. Ондай фактілер бар. Былтыр бір-екі факті болған. Бұрынғыдай емес, халқымыз да өзгеріп келеді. Қыз ұрлау – адам ұрлау. Ауыр қылмыс санатына жатады. Кейбірі жастықпен істеп қояды. Талқылап көрейік”, – деді Ішкі істер министрі.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.