Әлихан Смайылов үкіметке сервистік салық моделіне көшу мәселесін енгізуді тапсырды. Премьер-министр ұлттық экономика министрлігіне қосылған құн салығын қайтару мерзімін қысқарту үшін оны әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау керектігін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дереккөз

Смайылов елде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 36,5%-ке дейін өскенін мәлімдеді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға дейін жеткізу керектігін айтты. Дегенмен үкімет басшысы кей мәселелер уақытылы шешімін таппай жатқанын айтты. 

“Мысалы, әкімдіктер бизнестің базалық инфрақұрылымға қосылу бойынша өсіп келе жатқан қажеттілігін игере алмай отыр. Өңірлер жоспарланған жобаларды уақытылы пайдалануға беру үшін инженерлік желілер мен коммуникацияларды жеделдетіп жүргізуі қажет. Жалпы, бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін үкімет жанында отандық кәсіпкерлер кеңесі жұмыс істейді", — деді Смайылов.

Осыған орай, премьер-министр салық салудың сервистік моделіне көшуді ұсынды. 

"Онда бизнеске қолдау көрсетуге көбірек назар аударылады. Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығын қайтару мерзімін қысқарту үшін оны әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарауы керек. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға серпін беру үшін нормаларды пысықтауды жеделдетіп, кейбір салықтардан 3 жыл босата тұру қажет. Салықтардың санын 20%-ке, ал салық жөнінде есеп беру нысандарын 30%-ке қысқарту керек", – дейді премьер-министр.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.