Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы олимпиада жолдамасын сарапқа салатын Грузия астанасы Тбилисиде өтетін әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

22-24 наурыз күндері өтетін байрақты бәсекеде әлемнің 60 елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж олимпиадасының жолдамасы үшін тартысқа түседі. Руслан Курбанов пен Эльмир Алимжанов бастаған қазақстандық шпагашылар тарихта тұңғыш рет командалық сында лицензия жеңіп алуы мүмкін. Грузиядағы әлем кубогіне Қазақстан сапынан 12 спортшы қатысады.

Олар: Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Александр Савин, Георгий Тинников, Никита Жулинский.

22-23 наурыз күндері шпагадан жекелей сындағы жеңімпаздар анықталса, 24 наурызда командалық жарыстан олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі. Егер Тбилисидегі әлем кубогі кезеңінде қазақстандық сәтті өнер көрсетіп, жолдамаға қол жеткізетін болса, Қазақстанға Париж олимпиадасының төрт жолдамасы беріледі. Оның үшеуі жекелей сынға, біреуі тұтас командаға беріледі. 

Айта кетейік, Грузиядағы әлем кубогі кезеңінде шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия құрлығындағы жалғыз жолдамаға таласады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.