Қазақстанда жаңадан жинақталған үкімет құрамы қалай өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Бүгін президент Тоқаев мәжілісте сөйлеген сөзінде премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бектеновтің кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды. Осылайша Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы "Заңгер". 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген.

Сондай-ақ президент жарлығымен Мади Такиев қаржы министрі болып тағайындалды. Мади Төкешұлы Такиев 2023 жылдың наурызынан бері парламент мәжілісінің депутаты болған. Мәжілісте қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 

Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды. Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда облысынан сайланған парламент сенатының депутаты.

Ұлттық экономика министрі лауазымына Нұрлан Байбазаров тағайындалды. Ол премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар атқаратын болады. Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. 

Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шыңғыс Әрінов тағайындалды. Ол бұ,ан дейін президент күзет қызметінің басшысы қызметін атқарып келген. 

Бірқатар министрлер бұрынғы лауазымдарына қайта тағайындалды. Олар:

— Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;

— Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу;

— Премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев;

— Премьер-министрдің орынбасарлары Тамара Дүйсенова мен Серік Жұманғарин; 

— Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов; 

— Ішкі істер министрі Ержан Сәденов;

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова;

— Әділет министрі Азамат Есқараев;

— Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев;

— Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров;

— Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин; 

— Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;

— Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев;

— Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев;

— Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұжігітов;

— Көлік министрі Марат Қарабаев;

— Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бұрынғы лауазымдарына қайта тағайындалды.

Сонымен қатар премьер-министр лауазымына кіріскен Олжас Бектеновтің орнына президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайындалды. Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Бұған дейін президент іс басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.