Қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында көз жұмды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bassportkz Instagram-парақшасы

Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Мұхамбет Қуатбек Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

"Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек өмірден озғанын Қазақстан күрес федерациясы растады.

Ойындардың финалында Мұхамбет америкалық Датон Фиксті 7:6 есебімен ұтты. Ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.