Танымал продюсер, әнші Гүлзира Айдарбекова жағымсыз пікір жазған оқырманын орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Жақында кенже ұлын үйлендірген өнерлі отбасының кіші келіні үйде ыстық нан жауып, қамыр илеп жүр. Мұны көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазып, жас келінге аяушылық танытты. Өз кезегінде жұлдызды ене істің ақ-қарасын түсіндірді. 

“Өткенде біреу жазыпты: “10 жыл асүйінде тығып қоймасын” деп. Өз келінімді өзімнен қызғана беретіндер, сонда отбасындағы басты құндылықты қалай үйренеді, түк жасамаса?!. Өзіміз ризамыз. Келінім дәмді ас дайындап, ыстық нан жабады. Әбден үйреніп алса, ертең көше жұмыстарын жасағанда қиналмайтын болады. Бәріне үлгеретін сабақ алады. Өздерінің саналарына берсін деп көп жұмсамаймын. Мен көрген қиындықты көрмесе екен деймін. Анам да келіндерін жұмсай алмай жүретін. Таңертең өзі тұрып, самаурын қайнатып, шайын дайындап, келіндерін оята алмай жүретін. Ал мен келіндеріме көмекші дайындап қоямын. Жүгірісім көп, өзім қастарында жүре алмаймын. Үйде де көп бола бермеймін”, – деп ақталды жұлдызды ене. 

  • "Амалсыздан көніп тұрған сияқты": Актриса Салтанат Серкебаеваға сырға салынды

  • Әлеуметтік көмек төрт есе азайған: Алматы облысында көпбалалы аналар наразылық білдірді

Продюсердің жазбасынан кейін желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі үйренгені өзіне жақсы десе, енді бірі оңтүстік адамдары келінді күң ретінде жұмсайтынын айтып жатыр. 

“Шымкент пен Түркістанның адамдары келінді күң ретінде жұмсайды деген рас сияқты”, “Заманның түзу уақытында қолдан ыстық нан жабады екен ғой”, “Жұлдыз бен Жібек осы тірлікке шыдамады” десе, енді бір тарап продюсер ененің тәрбиесін қолдайды. “Келін үйдің тірлігін істеуі керек”, “Келіндерінің ата-енеден жолы болды”, “Мұндай ата-енеге келін болу кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ” деген пікірде бір топ оқырман. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Еске салайық, продюсер ене кіші келінін туған күнімен құттықтағанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.