Қытайлық азамат пен әйел Чунцин қаласының оңтүстік-батысындағы тұрғын үйден құлаған балалардың өліміне кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Чжан Бо есімді азамат отбасылы бола тұра Е Чэнчэн деген әйелмен көңіл қосқан. Көңілдесі оның некелі жары мен балалары барын білгенде, ер адам бірінші әйелімен ажырасатынын айтып, уәде берген. 2020 жылдың ақпан айында Чжан Бо мен оның әйелі Чэнь Моумо ажырасады. Өзара келісім бойынша Чжан Моуму А. (қайтыс болған кезде 2 жаста) есімді қызы анасымен, ал ұлдары Чжан Моумоу Б. 6 жасқа дейін (қайтыс болған кезде 1 жаста) әкесінің тәрбиесінде қалу керек еді. 

Сүйіктісінің ажырасып кеткенін білгенде, Е Чэнчэн оның бірінші некесінен туған балалары оларға кедергі келтіреді деп шешіп, Чжан Боны екі баласын өлтіруге көндіреді. Егер өлтірмесе, “айырылысып кетеміз” деп қорқытқан. 

Соттың мәлімдеуінше, 2020 жылдың қарашасында Чжан Бо жатын бөлмесінің терезесінің жанында ойнап жүрген екі жасар қызы мен бір жасар ұлын 15-қабаттағы пәтерінен лақтырып жіберген.

Қытайдың Жоғарғы соты қылмыскерлердің балаларды аяусыз, асқан қатыгездікпен өлтіргенін мәлімдеді. 

“Бірінші инстанцияның қаулысында және екінші сатының үкімінде көрселген деректер анық, айғақтар сенімді әрі жеткілікті және үкім орынды”, – дейді басылым тілшісі Чжоу Вэньтао.

Чжан Бо мен Е Чэнчэн 2021 жылдың желтоқсанында өлім жазасына кесілді. Қылмыскерлер қаңтардың 31-і күні таңертең дарға асылды. Бұл жағдай Қытай тұрғындары арасында қызу талқыға түсті.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.