Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге біржолғы төлем беріледі.

Су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет. Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде.

Төлем алуға келетіндер жұмыспен қамту бөліміне Штаб комиссиясының қорытындысы негізінде Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алып келуі керек. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді. Егер анықтамадағы ақпарат расталса, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.