Усербаев муса усербаевич


Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы



жүктеу 1.22 Mb.
бет4/6
Дата29.08.2018
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6

6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы

Азаматтық процестегі арнаулы білімді пайдаланудың ең білікті нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол дербес құқықтық институттан, яғни сараптаманы тағайындау, жүргізу, сарапшы қорытындысын алу мен бағалау бойынша қатынасты реттемелейтін азаматтық іс жүргізу құқықтары нормаларының жиынтығынан тұрады.

Сараптама тағайындаудың нақты негіздері істі қарау кезінде туындайтын мәселелер бойынша қорытынды беру мақсатында арнаулы ғылыми білімдер негізінде зерттеу жүргізу қажеттілігі болып табылады. Арнаулы ғылыми білімдерді меңгеруден басқа сарапшыға қойылатын өзге талаптар АІЖК-нің 91-бабы 4-бөлігінде және «Сот сараптамасы туралы» Заңының 10-бабында белгіленген.

Сараптама тараптың өтініші бойынша сондай – ақ соттың бастамасы бойынша да тағайындалуы мүмкін.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы тікелей сот талқылауы сатысында, сондай-ақ өзге сатыларда жүргізілуі мүмкін. Осы белгілері бойынша сараптама тағайындаудың мына төмендегі іс жүргізу нысандарын бөліп көрсетуге болады:

Сараптаманы жүргізу дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Оны дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен тағайындау, егер соңынан сараптама жүргізу мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар жағдайда болуы мүмкін.

Аталған мән-жайлар сараптама объектілерінің, олардың уақыт өте қасиеттерінің өзгеруіне, жойылуына немесе зерттеу үшін қол жетпейтіндігіне байланысты.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібінің сараптама тағайындаудың заңды негіздері мүдделі адамның мәлімдемесі болып табылады, онда: қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар; өтініш беру үшін қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер; қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен сараптама тағайындау туралы өтінішті беру осы іс-әрекеттер үшін заңда көзделген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

Қылмыстық процеске қарағанда, азаматтық процесте алдын ала тергеу сатылары болмайды, сот талқылауына дейін іс жүргізу әрекеттері тек шектеулі деңгейде және тек сотта істі кейін қарау үшін жағдайлар жасау мақсатында ғана жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізу заңы сот отырысында бұрын жүргізілген іс жүргізу әрекеттерін міндетті түрде қайталауды талап етпейді. Іс жүргізу әрекеттері, соның ішінде бастапқы сараптама оларды сот талқылауында қайталамас үшін сотқа дейінгі сатыларда жүргізіледі. Егер сараптама алдында жүргізілсе, сот талқылауында қайталама немесе қосымша сараптама тағайындалуы мүмкін, ал қылмыстық процесте сот талқысы барысында жүргізіліп отырған сараптама оның бұрын алдын ала тергеу сатысында жүргізілген жүргізілмегендігіне қарамастан бастапқы болып есептеледі.

Сараптама жүргізу кезінде тікелей сотта сарапшы сотқа шақыртылады, онда оған сараптама тағайындау туралы ұйғарым тапсырылады. Сот талқылауының дайындық сатысында төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға кім сарапшы екендігін жария етеді және олардың сарапшыға қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.

Қорытындының толық немесе анық еместігін жою мақсатында сарапшыдан жауап алуынуы мүмкін, сондықтан да жауап алуды жүргізу мен қосымша сараптама тағайындау негіздерінің арасын айырудың критерийін қосымша зерттеулер жүргізу қажеттіліг болады. Егер қорытындының толық немесе анық еместігіне байланысты мәселелерді анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет етілмесе, олар сарапшыдан жауап алу арқылы анықталады да, оның материалдары сарапшы қорытындысымен бірге дәлелдемелердің бірыңғай бөлігін құрай отырып, іске қоса тіркеледі.


6.3 Әкімшілік процеске арнаулы білімдерді пайдалану

Әкімшілік процестегі арнаулы білім институты, негізінде, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңына ұқсас, бірақ қысқартылған түрде берілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның кодексінде көзделген арнаулы білімдерді пайдаланудың нысандарын істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану, сараптама тағайындау, маманды тарту, аудармашыны тарту құқығы берілген органдар пайдаланады.

Әдебиеттерде көрсетілгендей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің ауқымы біршама кең, бұл әкімшілік құқық бұзушылық құрамының көп қырлығымен себептелген. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау аясындағы немесе халықтың денсаулығы мен игілігіне қол сұғушылық туралы құқық бұзушылық істерді қарау кезінде экологиялық, топырақтану, биологиялық сараптамалар; автожол қозғалысы аумағындағы құқық бұзушылық істерді қарау кезінде ЖКО-мен ҚК сараптамасы және сот медициналық сараптама; кәсіпкерлік қызмет аумағындағы құқық бұзушылық істерді қарау кезінде сот тауартану сараптамасы; өз бетінше жер телімін алу, межелік белгілерді жою, өз бетінше құрылыс салу мен тұрғын жайды пайдаланудың ережелерін бұзу туралы істерді қарау жөнінде сот құрылыс сараптамасы тағаындалады. Жалған немесе қасақана банкроттық, банкроттық кезінде заңсыз іс-әрекеттер туралы істерді қарау кезінде сот экономикалық сараптамалар, ал бухгалтерлік есеп жүргізу мен бухгалтерлік есепті ұсынудың ережелерін өрескел бұзу туралы істерді қарау кезінде сот бухгалтерлік сараптама тағайындалуы мүмкін.

Әкімшілік процестегі сараптама қамтамасыз ету тәртібімен тағайындалады. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етілуі қажет дәлелдемелер; растау үшін бұл дәлелдемелерді қажет ететін мән-жайлар; арыз берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелерді қажет етіп отырған іс көрсетілуіге тиіс. Арыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа, органға беріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда мыналар көрсетіледі: судьяның, лауазымды адамның аты-жөні, соттың, органның атауы; сараптама тағайындалған ауқыты, орны; сараптама тағайындаудың негізі; сарапшының аты-жөні немесе сараптама жүргізуге тиіс сараптама органының атауы; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшының қарауына ұсынылатын материалдың тізбесі.

Жалпы, сарапшының қорытындысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелер қатарына жатады. Оның қорытындысы судья, орган үшін міндетті болып табылмайды.
7 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру

7.1 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сот-сраптама қызметін ұйымдастыру мәселелері

7.2 Сот сараптамасының принциптері

7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары

7.4 Сот-сраптама қызметін кадрлық қамтамассыз ету

7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-тезхникалық және қаржылық қамтамассыз ету

7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
7.1 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру мәселелері

Қазақстан Республикасында құкықтық мемлекет құру азаматтық қоғамның барлық аясын реттейтін жаңа заңнамаларды қалыптастьруды көздейді. Осыған байланысты, іс жүргізу институты және сот-сараптама қызметі ретіндегі сот сараптамасының қызмет етуі мен дамуының нормативтік негізі жаңадан жасалуда.

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыруды реттемелейтін негізгі заңнамалық акт «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және оны орындау үшін қабылданған нормативтік заңға тәуелді құқықтық актілер болып табылады.

Аталған Заңды қабылдау өзекті мәселе болды, өйткені сот сараптамасының қажеттілігінің өсуі бүтіндей сот-сараптама қызметін заңнамалық қамтамасыз етуді жетілдіруді талап етті.

Сот-сараптама қызметін құқықтық реттемелеу проблемасының ерекше маңызы болды, өйткені Заңды қабылдау кезінде Республикада оны сот сараптамасының мемлекеттік органдары, мамандандырылған ведомстволық қызметтер, сондай-ақ өзге де заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырып отырды.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңын қабылдау, соған сәйкес сот-сараптама қызметі лицензияланушы қатарына жатқызылды, бұл белгілі бір дәрежеде сот-сараптама қызметіне мемлекеттік бақылау проблемасын жоюға ықпалын тигізді.

Қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасын жүргізу функцияларын ала отырып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сарапшылық жүйесіне беруді көздейтін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқықтық органдар жүйесін одан әрі реформалау туралы» 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын іске асыру сот сараптамасын жүргізуді бір ведомство аясына шоғырландыруға мүмкіндік берді, сөйтіп алдында болған тиісті органдардың ең елеулі кемшіліктерін:

— қылмыстық істі тергеумен байланысты мемлекеттік органдарға сот-сарапшылық бөлімшелердің ведомстволық бағыныштылығын;

— кейінде әр түрлі ведомстволарға жатқызылатын сот сараптамасын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен бөлімшелердің бытыраңқылығын, олардың өзара, соңдай-ақ құқық қорғау органдарымен қажетті үйлесімінің болмауын;

— сот сараптамасын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен бөлімшелердің, әр түрлі ведомстволар қызметіндегі кадр және материалдық-техникалық ресурстарды бөлу мен рационалды пайдалануға әкелмейтін параллелизмді жойды.

Сот-сараптама қызметінің деңгейін одан әрі көтерудің кепілі процестің субъектісі ретіндегі сарапшының тәуелсіздігін, сарапшылық зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік біркелкілігін, сот сараптамаларын жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың кәсіби біліктілігі мен қызметіне бақылауды, сот-сараптама қызметінің қаржы, әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін тұрақтандыру мен көтеруді қамтамасыз ететін бірынғай нормативтік құқықтық акт болып табылады.

Айтылғандарға байланысты Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз, білікті және объективті сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық негіздерін белгілейтін Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы қабылданды.

Жоғарыда атағандай, тәуелсіз, білікті және объективті сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық негіздері Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңымен белгіленетіндіктен, сот-сараптама қызметін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелерін оның ережелерінен шыға отырып талдау керек.
7.2 Сот сараптамасының принциптері

Сот сараптамасының принциптері — ол азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасының мәніне, мақсаттарына және міндеттеріне коғамның заң шығарушы және құқық, колдану органдары атынан тұжырымдамалық көзқарасын көрсететін негіз қалауының бастауы.

Сот сараптамасы мына принииптерге негізделеді: заңдылық; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігі; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігі; зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігі; кұзыреттілігі, жан-жақтылығы, толық және объективтілігі; кәсіби этиканы сақтауы (Заңның 3-бабы).

Заңдылық - бұл құқықтың барлық салаларының қалған принциптері мен ережелерін анықтайтын, тегіс қамтитын сипаты бар құқық принципі.

Сот сараптамасына қатысты заңдылық принципін сақтау сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізудің мәселелерін белгілейтін қатаң құқықтық реттемелігін және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын барлық лауазымды адамдар мен онда қатысатын өзге де адамдардың сақтауын көздейді.

Сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігінің талабы, ол сараптама жүргізуді жүзеге асыратын сарапшы дәлелдемелерді өз бетінше зерттеу функциясын орындаушы іс жүргізу тұлғасы болып табылатындығы фактісін көрсетеді. Сот сарапшысы жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, өз атынан қорытынды береді. Мұнда сарапшы қорытындысының мазмұнына ықпал ету мақсатымен оған сот сараптама органдарының басшысы, қылмыстық істі жүргізуші органдар, өзге адамдар тарапынан әсер етуге жол берілмейді, ал бұған заң кепілдік береді (ҚІЖК-нің 12-тарауы және 245-бабы 3-бөлігі, АІЖК-нің 93-бабы 8-бөлігі, ҚК-нің 340, 347, 354-баптары).

Сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігі принципін сақтау қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінің сараптама жүргізу мүмкіндіктерін болдырмайтын Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 4-бабы 3) тармақшасында нормативтік түрде іс жүзіне асырылды.

Зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігі принципін сақтау, ол сарапшылық зерттеу барысында ғылымилығы мен сенімділігі күмән тудырмайтын құралдар мен әдістерді ғана пайдалану дегенді білдіреді. Сарапшы қолданған әдістемені оның ғылыми зерттеу тұрғысынан бағалау үшін мыналарды анықтау керек: сараптаманың осы түрінің әзірленген ғылыми негіздері бар ма; сарапшы қандай ғылыми ережелерді пайдаланды; ол зерттеудің ең жаңа және тиімді әдістері мен құралдарын қолданды ма. Қазіргі уақытта сарапшылық зерттеу әдістемелеріне жол берушілікті оларды төлқұжаттандыру және Мемлекеттік сарапшылық әдістемелер тізілімін жасақтау жолымен анықтау туралы мәселе шешілуде.

Құзыреттілік принципін сақтау тек қажетті арнаулы ғылыми білімі бар, Заңның 10-бабы 2-тармағы және 11-бабы 6) тармақшасымен олардың болуы расталған адамның сот сараптама жүргізуін талап етеді. Қажетті ғылыми құзыреттің болмауы іс жүргізудегі сарапшыға қарсылық білдіру ушін негіз болады.

Сарапшылық зертеудің жан-жақтылығы мен толықтығы өзара тығыз байланысқан. Зерттеудің жан-жақтылық принципі мына аспектілерде: а) сарапшылық зерттеу үшін алғашқы мәліметтерді қалыптастыру кезінде; б) зерттеу процесіндегі сарапшылық болжамдарды қалыптастыру мен тексеру кезінде және в) зерттеу белгілері мен нәтижелерін анықтау мен бағалау кезінде қарастырылуы керек. Зерттеуге кіріскен сарапшыда зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті жан-жақты деректер болуы керек.

Объективтілік принципінің мазмұны екі аспектіде қаралауы керек - а) нақты зерттеулер жүргізу кезінде сарапшы тарапынан қорытьнды беруде яғни белгілі бір шешімді қабылдау үрдісінде зерттеу деректеріне негізделмеген субъективизмге жол бермеушілік; б) аласыздық — сарапшының белгілі бір тұжырымдағы қандай да бір мүдделігінің болмауы.

Объективтілік принципін іске асыру механизмі Заңмен (4-баптың 3-тармақшасы), сондай-ақ сарапшыға қарсылық білдіру туралы іс жүргізу нормаларымен де көзделген.

Сарапшының кәсіби этикасын сақтау принципін іске асыру дегеніміз, ол оның кәсіби қызмет аясында, соңдай-ақ тұрмыста да адамгершілік мінез-құлық нормалар жүйесіне бағыну қажеттілігін білдіреді. Сот сарапшысының кәсіби этикасының негізгі элементтері: объективтілік; принциптік тұрақтылық пен бөтен әсер етуге иілмеушілік; сараптама тақырыбына жататын мәселелер бойынша өзіндік пайымдауы; зерттеу нәтижелерін жан-жақты, толық және объективтік жиынтықта оқып-зертгеуге негізделген ішкі сенім бойынша анықталған белгілерді бағалауы; өз-өзіне сыни тұрғыдан қарауы; кызметтік құпияны қатаң сақтауы; сараптамаға қатысушылардың ар-ожданы мен абыройына нұқсан келтірмейтін әдістер мен құралдарды жұмыста пайдалануы болып табылады. Кәсіби этиканы сақтау барлық ситуа-цияларда сот сарапшысының жоғары әлеуметтік мәртебесіне сәйкестілігі деп түсіндіріледі.
7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары

Сот-сараптама қызметі процеске қатысушы болып табылатын адамдардың құкықтары мен заңіды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы ғылыми білім құралдарымен сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі іс-қызмет ретінде Занның 1-бабында белгіленген.

Сот-сараптама кызметінің мазмұны сарапшының сот сараптамасын жүргізу жөніндегі тікелей қызметінен кеңірек ұғылады және сонымен бірге оған сот сараптама органдарының қызметін ұйымдастыру, сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулер, сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; сот сарапшыларының кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру (Заңның 5-бабы) кіреді. Проблеманы бұлайша шешу сот-сараптама жүйесінің сапалы жұмыс істеуі үшін білікті мамандарды пайдалану қажет етілетін сарапшылық қызметті жан-жақты қамтамасыз ету деңгейін көтереді.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функциялары жүктелген мемлекеттік мекемелер мен олардың құрылымдық бөлімшелері сот сараптамасының органдары болып табылады.

Қазақстан Рсспубликасындағы сот сараптама органдарының жүйесінің құрылымы Заңның 4-бабында белгіленген және оған:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтык бөлімшелері;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттеріне сот сараптамасын жүргізу жататын мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.

3) тармақшада көрсетілген сот сараптама органдарының тізбесі қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарындағы сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарап-ама жүргізу аясымен шектеледі. Тиісті құқық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы азаматгардың денсаулығын қорғау туралы» Заңның 72-бабында және «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңның 40-бабында берілген.

Қазақстан Республикасы сот сараптамасының базалық органдары Сот сараптамасы орталығы және Сот медицинасы орталығы - тұрған орындарындағы атқару биліктері құрылымына бағынышты емес тәуелсіз мемлекеттік мекемелер болып табылады. Олар филиал құқығындағы аймақтық бөлімшелері бар бірыңғай ұйымды құрайды. Сот сараптамасы органдарына басшылық аймақтық бөлімшелер бастықтарының Орталық директорларына тура бағыну тәртібімен жүзеге асырылады.


7.4 Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз ету

Заңның 1-бабына сәйкес сот сарапшысы — сот, тергеуші, анықтаушы сот сараптамасын жүргізуді тапсырған іске мүдделі емес арнаулы ғылыми білімі бар адам.

Заңның 1-бабында аталғаннан басқа сот сараптамасын жүргізуді адамға тапсыру мүмкіндігі үшін ол бірқатар талаптарды қанағаттандыру керек. Осыған мәселелерге байланысты сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз етуге «Сот сарапшысы» тарауы арналған.

Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес сараптама жүргізу:

1) сот сараптамасы органының қызметкерлеріне;

2) лицензия негізівде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

3) заңның талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіпте өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.

Сот сараптамасын жүргізу мына адамдарға:

- заң белгілеген тәртіпте әрекетке қабілетсіз деп танылған;

- бұрын сотталған;

- сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға байланысты келеңсіз себептерге бойынша қызметтен босатылған адамдарға тапсырылмайды.

Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес сот сарапшысының жоғарғы білімі және белгілі бір сот сараптамасы түрі саласынан арнаулы ғылыми білімдері болуы тиіс.

Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз етудің өзіндік ерекшелігі, онда ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық қызмет, негізінде, сол бір адамдармен жүзеге асыратындығымен байланысты.

Сот сарапшысының біліктілік куәлігін алған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің комиссиясында аттестациядан өткен, сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылатын адамдар, Тізілімде жеке тұлғалардың тізімі, оның ішіне сот сарапшысы туралы мына мәліметтер кіреді: тегі, аты, әкесінің аты; білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы; сарапшылық мамандығы (мамандықтары), біліктілік куәліктің нөмірі мен берілген күні; сот-сараптама қызметін жүзеге асырудың лицензия нөмірі мен берілген күні (сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар үшін); сот сарапшысының жұмыс орны және оның атқаратын лауазымы; сарапшылық мамандық (мамандықтар) бойынша сот сарапшысының жұмыс өтілі.

Заңның 11,12-баптарында жинақталған түрде сот ісін жүргізуге қатысушы сарапшының іс жүргізу міндетгері мен құқықтары, сондай-ақ оның сарапшылық функцияларды орындамау немесе тиісінше орындамау үшін жауапкершілігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 13-бабына сәйкес өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жауапкершілікке әкеп соқтырады. Бұзушылықтың сипатына қарай әр түрлі - тәртіптік, материалдық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы сөз болып отыр.

Сарапшылық қорытындының объективтілігі мен дұрыстығына кепіл болу мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сарапшыға көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі көзделген, ол жөнінде оған сараптама тапсыру кезінде ескертіледі.

Сарапшының моральдық және этикалық нормаларға сиыспайтын қылықтар жасаған, сондай-ақ ондағы бар сарапшылық мамандық бойынша сұрақтарды шешуде сарапшы құзыретінің болмауы байқалған жағдайда, оны сот сарапшысы біліктілігінен айыру мүмкін.

Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы соңдай-ақ қызметтік міндеттеріне ұқыпсыз қарағаны үшін тәртіптік жауапка тартылады.

Сот ісін жүргізудегі сарапшылар қорытындыларының елеулі рөліне байланысты Заңның 14-бабында көзделген сарапшының тәуелсіздігі мен оның қорытындысының дұрыстығын құкықтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар маңызды болып табылады.

Сот сарапшысының тәуелсіздігі:

— заңда көзделген жағдайларда сарапшыға қарсылық білдіруді көздейтін сот сараптамасын тағайындау тәртібімен;

— процеске қатысушылар мен өзге де адамдар тарапынан сарапшылық зерттеуді жүргізуге және сарапшылық қорытындыны дайындауға араласуына тыйым салумен кепілдік беріледі.

Сарапшы қорытындысының дұрыстығы:

— сарапшылар комиссиясының қатысуын көздейтін комиссиялық және кешенді; қорытындының толық және анық еместігін жоюға мүмкіндік беретін қосымша; сарапшы қорытындысындағы күмәнді шешетін қайталама сараптамалардың түрлерін тағайындау мүмкіндігімен;

— заңда көзделген сот сарапшыларын таңдау жүйесін, кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыруды жасаумен;

— сарапшының өз құкықтары мен міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жеке басының жауапкершілігімен кепілдік беріледі.

Сарапшының тәуелсіздігі мен оның қорытындысының дұрыстығы, сонымен бірге Республиканың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарымен қамтамасыз етіледі.


7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету

Сот сараптамасы органдарының жұмыс істеуінің негізгі бағыттарының бірі арнаулы білімдерді пайдалану аясындағы ғылыми және әдістемелік жұмыстар болып табылады. Сондықтан да сот сараптамасы органдары ғылыми-өндірістік бірлестік принципі бойынша ұйымдастырылған және өзара тәуелді және өзара себептелген күйде болатын ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік және ғылыми-әдістемелік қызмет түрлерімен бірігеді. Өндірістік қызметтің тиімділігі ғылыми әзірлемелердің болуы мен оларды іске асырудан көрінетін оның тікелей ғылыми қамтамасыз етуіне байланысты. Ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының байланысы сарапшылық кадрларды дайындау процесінің тікелей сот сараптамасы органдары базасында жүзеге асырылумен себептелген және сот сарапта-масының осы немесе өзге саласынын жай-күйі туралы ақпаратты оқитындарға беруді ғана емес, сонымен қатар оларға дағды-біліктерді, соңдай-ақ зерттеу жұмысының нақты әдістемелерін меңгеруді талап етеді. Сонымен бірге ғылыми зерттеулер бір мезгілде жаңадан келген қызметкерлерді оқыту құралының және оқытылатын құрамның жоғары кәсіби деңгейін көтерудің рөлін атқарады.

Сот сараптамасы органдары: сот сараптамасының. құқықтық және теориялық сипаттағы және арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарын жетілдіруге; сот сараптамасының әдістемелерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-қолдаңбалы сипатындағы; сарапшылар мен құқық қорғау органдарына арналған оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға бағытталған ғылыми-әдістемелік сипаттағы ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыруда.

Ғылыми әзірлемелерді жүргізу мен олардын нәтижелерін іске асырудың ұйымдастырушылық нысаны республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу бағадарламалары болып табылады. Сот сараптамасы органдары соңдай-ақ заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша да ғылыми және ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыстарды қаржыландыру шарттар негізінде тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады (Заңның 20-бабы).

Сот сараптамасының институты нормативтік реттеу, субъектілер (сарапшылар), техникалық құралдар, теориялық құрылымдар, зертеулерді жүргізудің әдістері мен әдістемелері, ұйымдастырушылық іс-шаралар кіретін әр текті элементтердің күрделі жүйесін құрайды. Арнайы ұйымдастырылған ақпараттық қамтамасыз етусіз мұндай жүйенің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін болмайды.Сот-сараптама қызметінің өзіндік ерекшелігіне орай, оны ақпараттық қамтамасыз ету сот сараптама органдарының шешуге тура келетін әр қилы міндеттеріне барабар болуы керек. Аталған тәсіл тұрғысынан сот-сараптама қызметін ақпараттық қамтамасыз етуден талдау (сарапшылық), ғылыми, әдістемелік және басқару құрамдастарын бөліп шығаруға болады.

Сот сараптама органдарының өмір сүру мерзімі ішінде олар анықтамалық-ақпарат қорларын мақсатты түрде құрып, пайдаланып келеді: натуралық коллекциялар, каталогтар, әр түрлі объектілер бойынша нормативтік-техникалық құжаттамалар, бұларсыз сараптаманы, ғылыми зерттеулерді жүргізу және сарапшыларды оқыту мүмкін емес.

Сот сараптамаларын қаржыландыру көздері туралы мәселе Заңның 22-бабымен реттеледі. Заңмен сот сараптамаларға төлем жүргізудің дифференциалды нысандары белгіленген, бұл сот сараптамаларын мемлекеттік қаржыландыру көлемінің азаюымен және бастамашылық пен тараптар есебінен сот сараптамасын жүргізуді көздейтін іс жүргізу нормаларын енгізумен байланысты болып отыр.

Сот сараптамасы органдарындағы сарапшылық зерттеулерді қаржыландырудың шарттары сот ісін жүргізу нысандары мен іс санаттарына байланысты болады. Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру:

1) қылмыстык істер және әкімшілік құкық бүзушылық туралы істер бойынша - қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, республикалық бюджет қаражатынан;

2) азаматтық істер бойынша — қайталама сараптама жүргізілген, соңдай-ақ азаматтық іс жүргізу заннамасында көзделген соттың дәлелді ұйғарымымен расталған негіздер болған жағдайларды қоспағанда, тараптар есебінен жүзеге асырылады.

Сот сараптамасы органы алған сомалар сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу бөлігінде республикалық бюджетке, сараптама жүргізуге байланысты сот сараптамасы органына келтірілген шығындарды өтеу бөлігінде - сот сарапшыларының кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сот-сараптама қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруге аталған органдардың шоттарына құйылады.
7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Сот-сараптама қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігі мен негізгі нысандары «Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық» деген 6-тарауда белгіленген.

Сот сараптамасы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердің сот-сараптама қызме-ін жүзеге асыратын органдарымен және қызметтерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпараттар алмасу, сот сарапшыларын дайындау мақсатында халықаралық байланыстар орнатуға құқылы.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біраз жақын шет елдермен, соның ішінде Армения, Грузия, Беларусь Республикаларымен сот сараптамасы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми және әдістемелік ақпаратпен алмасуды, сот сарапшыларын кәсіби дайындау мен біліктіліктерін көтеруді көздейтін ынтымақтастық туралы бір-қатар келісімдерге қол қойды.

Қазақстан Республикасымен тиісті халықаралық келісімі бар шетел мемлекетінің мемлекеттік органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сарапшы (сарапшылар) жүргізе алады. Егер халықаралық келісіммен өзгеше көзделмеген болса, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

Қылмыстық, азаматгық немесе әкімшілік процесті жүргізуші органның (адамның) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы мамандарын тартуға құқығы бар.

Сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімімен іске асырылатын шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту құқығына сот сараптамасы органының басшысы ие болады.

Шет мемлекет сот сарапшысының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамаларына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық, және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құкықтық қатынастар туралы Конвенсияға қатысушы болып табылатын шетел мемлекетінің мемлекеттік органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде сарапшыға қатысты: күштеп әкелуге, ақшалай айыппұл салуға, сондай-ақ көрсетпелер беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін және көрінеу жалған қорытынды бергені не көрінеу жалған қорытындысы үшін қыл-мыстық жауапқа тартуға жол берілмейді. Аталған адамдарды осы аталған елдердің аумағында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға, тұтқындауға және мемлекеттік шекараны өткенге дейінгі іс-әрекеттері үшін жазаға тартуға, жауапқа тартуға, талқылау мәні болып табылатын қылмыстық іс бойынша сарапшы ретінде қорытындысы үшін жазаға тартуға болмайды.
8 Сараптама түрлері: құжаттар, портреттік, бейнефонографиялық, фототехникалық сараптамалар

8.1 Құжаттардың сот сараптамасы

8.2 Сот портреттік сараптама

8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама

8.4 Сот фототехникалық сараптама

8.1 Құжаттардың сот сараптамасы

Сот жазутану сараптамасының тақырыбы: жазуды іске асырудағы орындаушының жеке ұқсастығын; жазуды іске асырудағы орындаушының кейбір әлеуметтік-биологиялық сараптамаларын(жынысын, жасын және т.б.); жазуды іске асырудағы орындаушының психофизиологиялық күйін анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың обьектлері жазуды іске асыру, (қолжазбалар мен олардың фрагменттері, қысқаша жазулар - әріптік, цифрлік, қолтаңбалар), жазуды іске асыруды орындаудың жағдаяттары туралы деректер салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот жазутану сараптамасын тағайындауда материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Еркін үлгілер – ұсынылған орындаушының іспен байланысты емес орындаған қолжазбасы, ол бойынша осы істі қозғағанға дейін сраптама тағайындалады. Оған хат жазу материалдарындағы мәтіндер мен қолтаңбалар, өмірбаян, анкеталар, күнделіктер, бухгалтерлік құжаттар жатады. Экспериментті үлгілер зерттелетін құжаттың жобаланған орындаушысымен орындалады және тергеушінің(соттың) қатысуымен хаттама толтырылып, сонымен бірге үлгілерді алудың жағдайы белгілене отырып алынады.

Экспериментті үлгілерді алу барысында орындаушыға әдеттегі жазу жағдайы қамтамасыз етіледі. Мәтін бірқалыпты қарқында 3-4 рет айтып жаздырылады. Егер орындаушы өзінің жазуын өзгертуге тырысса, онда оның өз жазуына өзгерістер енгізуін ұмыттыру үшін, ұзақ уақытқа үзіліс жасап немесе айтып жаздыру қарқынын тездеткен лайық. Экспериментті үлгілерді алу кезінде зерттелетін мәтінді көшіріп жазуға рұқсат берілмейді, өйткені мұндай жағдайда мәтін немесе қолтаңба еліктеумен, жазуды өзгертумен орындалуы мүмкін.

Шартты-еркін салыстырмалы үлгілерге оған өз қолымен жазған түсініктемелер, жауап алу хаттамалары мен беттестіру, өтініштер мен басқалары жатады. Онда, сараптамаға әдеттегі жағдайларда оындалған үлкен және орташа көлемдегі мәтіндерді жіберген кезде, еркі үлгілер ретінде мазмұны бойынша әртүрлі 5-6 қолжазбаларды ұсынған жеткілікті. Экспериментті үлгілердің саны 12 парақтан кем болмауы тиіс.

Қолтаңбаларды зерттеу әдістемесімен өзгешелігі салыстырмалы материалдарды дайындаумен ерекшелінеді. Салыстырмалы үлгілер ретінде мыналар ұсынылады:


  • зерттелетін құжаттағы жазуды орындаған адамның қолтаңбалары мен жазбаларының еркін үлгілері;

  • жазуды орындаған деп жобаланған адамның қолтаңбалары мен жазуының еркін үлгілері;

  • зерттелетін қолтаңбаларды орындаған адамның қолтаңбаларының экспериментті үлгілері;

  • зерттелетін қолтаңбаларды орындаған адамның 3-5 парақтағы аты-жөні жазылып көрсетілген жазуының экспериментті үлгілері;

  • жазуды орындаған деп жобаланған адамның 5-7 жазбадан 3-5 парақтағы аты-жөні жазылып көрсетілген жазушының экспериментті үлгілері.

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу. Сот-техникалық сараптаманың тақырыбы: құжатты дайындаудың тәсілін; құжат мазмұнын өзгерту фактісі мен тәсілін; құжат деректемелерінің аз көрінетін және көрінбейтін мазмұнын; құжаттың бастапқы түрін; құжатты дайындаудың уақытын; құжатты дайындауға қолданылған құралдар мен материалдардың табиғаты мен тепе-теңдігін немесе құжат мазмұнына өзгертулер енгізуді; құжаттың техникалық орындаушысын анықтау мен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болыптабылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес «құжат» лат. тілінен documentum – дәлелдеме, куәлік деген мағынаны білдіреді.

Сараптама обьектлері: құжаттар, құжаттарды дайындауға пайдаланылатын техникалық құралдар және материалдар, өзгертулер енізу, құжаттардағы фототүсірілімдері, мәтіндер қолтаңбалар және т.б.

Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздері құжатты қалыптастырумен оны өзгертудің заңдылықтарының тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, техникалық, математикалық және т.б. әдістері кіреді.

Құжаттардың сот – техникалық сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Құжаттарды қарау кезінде пинцетті пайдалану талап етіледі. Құжттарды айналдыра сызуға, белгілеуге, астын сызуға болмайды. Ескірген немесе зақымдалған құжаттар жабысқақ лентамен қоршалған екі шынының арасына салынады. Құжаттарды жеке конверттерде сақтау керек.

Құжаттарды сақтау және тасымалдау кезінде олар ылғалдылықтан, жылу және жарық әсерінен қорғалған болуы керек. Жоғарғы температура әсіріне ұшыраған құьжаттарды папирос қағазының жабылған мақта ұяшасына, содан кейін қорапшаға орналастыру қажет. Жазу аспаптары горизанталь күйде, жазу бөліктерін зақымдамайтындай буып-түйіледі.

Сот –автортану зерттеуі. Сот-автортану зерттеуі көбінде азаматтық істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздіне қарсы, меншікке қарсы басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот-автортану сараптамасының тақырыбы:



  • мәтін авторын

- сөйлеу хабарының қалыптасу жағдайын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптама обьектлері жазбаша сөйлемдердің әртүрлі стильдерінде (қолжазба, машинамен жазылған, құжаттардың поиграфтық және өзге де тәсілмен орындалған мәтіндер) орындалған, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де материалдар болып табылады.

Сот-автортану зерттеуінің тікелей обьектлері мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері, автордың тілдік және интеллектуалдық білік-дағдылары қасиеттері көрінеттін мәтіннің тілдік және мағыналық-түсінік құрамдарының сипаттамасы болып табылады.

Сот-автортану сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздері жазбаша сөйлемнің дербестігін, динамикалық тұрақтылығын, түрлілігін анықтайтын заңдылықтар тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, лингвистикалық, психологиялық, социологиялық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Сот – автортану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сот-автортану сараптамасын тағайындау туралы қаулыда сараптама тақырыбына жататын мына мәліметтер көрсетіледі: жобаланған автордың жеке басы туралы(жынысы, жасы, білімі, кәсібі, ұлты, тілі): зерттелетін мәтіні бар құжат туралы (ол жіберілген аймақ, жасалған жағдайы, жасалды деп жобаланған уақыты) болуы тиіс.

Мәтіннің байланыстылығы мен мән-мағынасы және оның көлемі 500 сөзден кем болмаса, оның авторы туралы сұрақты шешу мүмкін болады.

Жазбаша сөйлеу еркін үлгілерінің саны 10-15 құжат болып ұсынылуы керек. Сонымен бірге, үлгілер ретінде өзге де стилде жазылған мәтіндер алыну керек. Экспирементті үлгілердің жалпы саны 25 парақтан кем болмауы тиіс.
8.2 Сот портреттік сараптама

Сот-сарапшылық габитологиялық зерттеу көбінде азаматтық істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ жеке адамға, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тіртіпте, халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот-портреттік сараптаманың тақырыбы: сыртқы пішіннің обьективтік көрінісі негізінде адамның жекелеген ұқсастығын; адамның сыртқы пішінінің обьективтік көрінісі негізінде оның жынысын, жасын, нәсілдік-этникалық қатыстылғын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптама обьектлері фотосуреттер, көзі тірі адамдар және мәйіттердің басқа да бейнелері(портреттері, өлгенде алынған масклері, гипстік жапсырылымдар, рентген түсірілімдері, бейнежазбалар және т.б.), салыстырмалы үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де материалдар болып табылады.

Сот-портреттік сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері адамның сыртқы пішінінің қалыптасуы мен өзгеру заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Портреттік сараптама әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Сот портреттік сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда: адам бейнесінің дайындалу уақыты, бейнеленген адамның туған жылы, туыстарымен сыртқы ұқсастығы, егізінің болуы, жарақат алуға, аурулық салдарынан немесе өзге де жағдаяттарға байланысты сыртқы белгілерінің өзгеру туралы мәліметтер көрсетілуі талап етіледі.

Салыстырмалы материалдар ретінде ұсынылатын бейнелерге мынандай талаптар қойылады:


  • адам зерттелетін суреттегідей, не болмаса соған жақын ракурста бейнеленуі керек;

  • бейнелер мүмкіндігінше бір уақыттағы мезгілге сәйкес болуы керек;

  • фотосуреттер қанағаттанарлық сапада болуы, ретуштары болмауы тиіс.

Егер адамды фотоға түсіруге мүмкіндік болса, онда танымдық түсірілім және зерттеуге жататын бейнені белгілеу кезінде сондай оның болған жағдайындағы түсірілім жүргізіледі.

Сондай-ақ, танылмаған мәйіттерді анықтау үшін түсірілім әр түрлі ракурстарда жүргізілуге тиіс.


8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама

Сот-сарапшылық бейнефонографиялық зерттеу көбінде адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот-бейнефонографиялық сараптаманың тақырыбы: түсініксіз және бұрмаланған фонограммалардың мазмұнын; фонограмма негізінде адамның жекелігін ұқсастыруды; ауызша сөйлеу жазбасы бойынша адамның кейбір физикалық қасиеттері мен әлеуметтік-биологиялық сипаттарын; адамның сөзін белгілеу сәтіндегі оның психофизиологиялық күйін; фонограмманы дайындау кезінде пайдаланған дыбыс жазу құрылғыларының қасиеттерін; фонограмманы белгілеу шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың обьектлері фонограммалар, дыбыс жазу құралдары, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдар болып табылады.

Бейнефонографиялық зерттеудің негізгі тікелей обьектісі – магниттік таспадағы электромагниттік сигнал-бейнелер ретінде белгіленген адам сөзі мен дауысының қасиеттері.

Сот-бейнефонографиялық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері фонограммалардың қалыптасу және өзгеру заңдылықтар тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Сот-бейнефонографиялық сараптаманың әдістемесіне криминалистика, акустика, перцептивтік талдау, лингвистика, психология, әлеуметтік лингвистика, матемматика және өзге де әдістер кіреді.

Бейнефонографиялық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда зерттеу обьектісін барынша нақтылау керек. Мұнда сарапшылық зерттеу обьектлерінің мына белгілеулері: кассета марксі және зерттеуге қажетті жазбасы бар жағы, жазба стенограммасы қоса берілген мәтін фрагментінің зерттеуге жататын шекарасы ұсынылады.

Салыстырмалы материал 3 негізгі талап – түсініктілік, дауыстың дұрыс шығуы, табиғилыққа сай болу керек.

Түсініктілік – қайта өндірілетін ауызекі сөйлеудің мағынасын дұрыс қабылдап түсіну. Мұнда жазу сапасымен болған түсініксіздікті, нақты адам сөзінің жекеленген белгілері болып табылатын баяндау мәнерімен себептелген түсініксіздікті шатастыруға болмайды.

Дауыстың дұрыс шығуы – бұл жазбаны қатты құлақ тігіп естімей-ақ түсінікті болатын ауызекі сөйлеудің қайта өндірілетін магниттік жазбасының деңгейі.

Табиғилығы – мұнда адам өзіне тән мәнермен сөйлейді, ал бұл ауызекі сөйлеудің магниттік фонаграммасын мәтіннің мағынасын қабылдап түсіну тұрғысынан бағалауға, сонымен бірге тембрі мен интонациясын анықтауға мүмкіндік береді.
8.4 Сот фототехникалық сараптама

Сот- сарапшылық фототехникалық зерттеу көбінде азаматтық істер бойынша іс жүргізу кезінде, сондай-ақ адамның жеке басына қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы, сот әділдігіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот-фототехникалық сараптаманың тақырыбы: фотосуреттерді дайындау кезінде пайдаланылған құрал-жабдықтар мен материаларды; бейнелеулердегі фотографиялық белгілеу мен фотоматериалдарды өңдеу шарттарын; фотографиялық тәсілмен жасалған жергілікті жерлер, үй-жайлар, заттар бейнелеулерінің мөлшерлері мен өзара орналасуын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың обьектлері фотографиялық түсілімдер, оларды дайындау үшін қолданылатын техникалық құралдар мен материалдар, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де материалдар болып табылады.

Фототехникалық сараптаманың негізгі обьектлері Фотографиялық түсілімдер болып табылады. Фототехникадағы зерттеу обьектісі ретіндегі Фотографиялық түсірілімге фотоқағаз бен мөлдір материалдарда дайындалған фотографиялық бейнелеулер кіреді.

Фотографиялық түсілімдерді 5 топқа бөлуге болады: жай фототүсірілімдер, цифрлік фототүсірілімдер, микрофильмдер, рентгенограммалар және басқалар.

Жай фототүсірілімдер – бұл жай көзбен қабылданатын және жай құралдар мен процестерді пайдалану арқылы алынатын бейнелеулер.

Цифрлік бейнелеулердің қылмыстық процесте екі түрі бар:



  1. арнайы қағазда не жай жазу қағазында басылған

  2. магниттік не сол секілді жеткізгіште(диск, дискета) жасырын түрде белгіленген.

Микрофильмдер – фотографиялық жолмен алынған және ортақтық мазмұнымен біріктірілген бір немесе одан да көп микробейнелеулер түріндегі ақпаратты жеткізгіштер ретінде белгіленеді.

Рентгенограммалар – бүл рентген сәулелерінің жарық сезгіш материалдарына әсер ету нәтижесінде алынған бейнелеулер. Бұл топқа өтпелі сәулеленудің басқа да түрлерінің әсер етуі кезінде алынатын бейнелеулерді жатқызуға болады.

Фотографиялық түсірілімдердің басқа да түрлеріне спектрдің көрінбейтін аймағында жандандырылған арнайы фотоматериалдағы бейнелеулер жатқызылады.

Сот фототехникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері фотографиялық бейнелеулердің заңдылықтарын қалыптастыру тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Сот фототехникалық сараптаманың әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Сот фототехникалық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда зерттеу обьектлерін толықтай және дәл сипаттау талап етіледі. Сонымен қатар сараптама тағайындайтын адам түсіру үшін пайдаланылған аппаратура, түсіру жағдайы мен фотоматериалдарды өңдеу туралы ақпаратты білген болса, ол жайлы тиісті қаулыда көрсетуі тиіс.

Диагностикалық сипаттағы міндеттерді шешу мақсатында сараптама тағайындалған кезде, сұрақтар қойылған обьектлер ұсынылады. Зерттеуге ұсынылған барлық обьектлер сыртқы әсерден қорғалып, тиісінше буып-түйілу керек.


9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері

9.1 Сот трассологиялық сараптама

9.2 Сот баллистикалық сараптама
9.1 Сот трасологиялық сараптама

Сот – сарапшылық трасологиялық зерттеу қылмыстық істердің әр қилы санаттары бойынша, сонымен бірге жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қооғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот трасологиялық сараптаманың тақырыбы: із – кескіндері бойынша әр түрлі оьбъектілерді жекелей тендестіруді; заттар бөліктерінің бір бүтінге қатыстылығын; із – кескіндердің пайда болу шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері іздер мен олардың модельдері, заттай дәлелдемелер, оқиға орнының заттық ахуалы, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Трасологиялық сараптаманың объектілері ретіндегі іздер дегеніміз: қылмыс оқиғасымен байланысты әрекеттер мен түйісу нәтижесінде болған, сыртқы құрылым белгілерінің және өзге де тұрақты кеңістік шекаралары бар объектілерді қасиеттерінің материалдық көріністері. Іздерге:

а) зерттеу аясына кіретін объектілердің өзара әрекет ету фактісі;

б) өзара әрекет ету нысаны ( механикалық, химиялық, биологиялық);

в) әсер ету бағыты мен күші, із түйісуінің механизмі мен шарты;

г) із қалдыруда көрінетін оъектілердің қасиеттері белгіленеді, мұнда объектілердің сыртқы құрылымын анықтайтын қасиеттердің аса маңызы бар.

Трасологиялық сараптамада әр түрлі негіздер бойынша іздерді жіктеу пайдаланылады, сараптаманы жүргізуге материалдарды дайындау үшін іздердің шығу тегі бойынша:



  • бүтіндей адам денесі мен оның жеке бөліктері қасиеттерінің белгілерін көрсететін гомеоскопиялық іздерді;

  • саймандар мен механизмдер қасиетін көрсететін механоскопиялық іздерді;

  • жануарлар іздерін дифференциялау тиімді.

Гомеоскопиялық іздер – адам қолдары іздеріне (дактилоскопиялық), адам аяқтары іздеріне, адам басының терілері іздеріне, адам тістері іздеріне сараптама жүргізу кезінде, механогомикалық іздер – киімнің механикалық зақымдануына, бөліктер бойынша бүтінді анықтауға сараптама жүргізу кезінде, механоскопиялық іздер – бұзу аспаптары іздері мен құрал – саймандар, құлыптар, пломбылар, суық қаруға; жаппай өндірілетін бұйымдарға сараптама жүргізу кезінде зерттеледі.

Сот трасологиялық сараптаманың түрлеріне суық қаруды сот – срапшылық зерттеу жатады.Затты суық қаруға жатқызу туралы сұрақты шешу үшін сарапшы оның белгілі бір суық қару түріне жатқызуға болатын белгілер жиынтығының бар/жоқ екендігін анықтайды. Сот трасологиялық сараптама әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, математикалық, техникалық және өзге де әдістер кіреді.

Дактилоскопиялық сараптама тағайындау кезіеде салыстырмалы үлгілер ретінде тиісті нормативтік талаптарға сәйкес алынған дактилоскопиялық карталар ұсынылады. Сезіктілердің қол із – таңбаларымен бірге, күнделікті өмірдегі іс - әрекет барысында заттарға қолы тиюі мүмкін адамдардың да қол із – таңбалары ұсынылады.

Аяқ іздерін салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер ретінде сезіктінің (айыпталушының) жалаңаяқ із – таңбалары, осы адамдардың жалаңаяқтарының 2 – 3 көшірме бедері, аяқкиім, шұлықтар (нәскейлер), 2 -3 экспериментті түрде алынған із жолдары, олрды алу үшін тексеретін адам баспа бояуының жұқа қабаты жағылған қағаз лентаның үстімен жүргізеді.

Тіс бедерлерінің эқспериментті салыстырмалы үлгілеріне тістердің, жақтардың модель – көшірмелері немесе маманның көмегімен алынған олардың бедерлері жатады.

Пломбаларға сараптама жүргізуге арналған материалдарды дайындау жағдайында сараптама сол адамның бекіткен 3-5 ұқсас экспериментті пломбалары жіберіледі.


9.2 Сот баллистикалық сараптама

Сот – сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай – ақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы:


  • заттарды атыс қаруына, оқ – дәрігерлерге жатқызу фактісін;

  • атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) және қарудың атуға жарамдылығын;

  • атыс қаруы данасының дайындау тәсілін немесе оның күйінің өзгеруін;

  • атыс қаруы данасының, оқ – дәрілердің түрі, моделі, маркісі, калибрін;

  • атыс қаруы мен оқ – дәрілердің шығу көзін;

  • атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері:

  • бүтіндей атыс қаруы және оның жеке бөліктері;

  • оқ – дәрілер – оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер және басқалары;

  • газды қару;

  • қару мен оқ – дәрілерді қайтаратын заттар – атылған снарядтар (оқтар, бытыра, кәртеш), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай – ақ жәбірленушінің киімдеріндегі зақымдар және оқиға орнындағы заттар (тесіп өту жерлері, рикошет іздері);

  • атыс қаруы мен патрондар жарақтары құрауыштарын дайындауға пайдаланылған құрал – саймандар;

  • сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сот баллистикалық сараптама объектілерінің әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін:

  • атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы;

  • оқ – дәрілер сараптамасы;

  • газды қару сараптамасы;

  • атылыс іздері мен жағдаяттары.

«Атыс қаруы» деген түсінікке мынадай белгілер кіреді:

  • жалпы – шабуыл жасауға немесе белсенді қорғануға (қорғанысқа) және нысанына бұзу арқылы оны зақымға ұшыратуға немесе дене жарақатын (егер нысаны тірі организм болса) салуға арналған қару;

  • арнайы:

а) дәрі газдары энергиясын немесе басқа жарылыс заттарын снарядқа лақтыруға пайдалану;

б)снарядқа қозғалыс бағытын беруге зарналған ұғымның болуы;

в)зарядтың от шығаруына арналған құрылғының болуы;

г) снарядтың жеткілікті зақымдау әрекеті;

д) бір атылыстан көп атуды қамтамасыз ететін объектінің конструкциясы мен мықтылығының болуы;

- факультативтік – жабу механизмдері мен от шығару зарядының, қаруды ыңғайлы ұстауды және көздеуді қамтамасыз ететін құрылғыларының болуы.

Атылыстың негізгі іздері – ол снарядтан пайда болған зақымдаулар. Кедергіге еніп келкен снарядтан пайда болған зақымдар өтпелі зақымдар болып табылады.Олар тесіп өткен және соқыр зақымдар болуы мүмкін. Тесіп өткен зақымдар снарядтың кедергіден өтіп кетуінен пайда болады. Ол кірген және шығып кеткен тесіктері бар арна түрінде болады. Оқ кедергіде қалып қалғанда, соқыр зақымдар пайда болады. Олар бір кіру тесігі бар арна ретінде болады. Соқыр арнаның соныңда снаряд тұрады.

Жеке қорғану құралдары ретінде тітіркендіргіш әрекеттегі уландыру заттары(ТӘУЗ) мен лакриматорлық эффектісі бар табиғи қосылыстар кеңінен тарады. ТӘУЗ – ді пайдалану үшін аэрозольді баллондар қол қаруына арналған патрондар кеңінен тарады, оларды «газды тапаншалар мен револьверлер» деп те атайды.

Тапаншалармен қатар, өзін - өзі қорғау үшін газды және сигнал беретін патрондармен атуға арналған әр тү.рлі модельдегі револьверлер пайдаланылады. Газды патрондардың мақсаты – кристалды белменді заттың атуы кезінде 3 – метрге дейінгі қашықтыққа лақтыру. өзінің біршама арзандығы, құрылымының қарапайымдылығғы, қолданудың көптігі мен тиімділігі жағынан кең қолданатын, өзінің құрамында ТӘУЗ – і бар аэрозольді баллондар болып табылады.

Сот баллистикалық сараптаманың ғылыми - әдістемелік негіздері атылыс процесі және оқ – дәрі қарауыштары мен кедергілерде іздердің қалыптасу заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды.сот баллистикалық сараптамасы әдістемесіне криминалистік, баллистикалық, физикалық, химиялық, математикалық, техникалық және өзге де әдістер кіреді.

Егер қауіпсіздік үшін тасымалдау кезінде қарудың оғы алып тасталынса, онда ондағы патрондардың саны мен орналасуын бұлжытпай сипаттау керек. Сарапшының алдына атылыстың өздігінен болу мүмкіндігі туралы сұрақты қойған кезде қаруды бөлшектеу рұқсат етілмейді.

Хаттамада қару және қолға түсіру мен сақтаудың жағдайлары толық сипатталуы керек.


10 Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот сарапшылық зерттеу

10.2 Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

10.3 Металдар мен қорытпаларды сот сарапшылық зерттеу

10.4 Топырақты сот сарапшылық зерттеу

10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу
10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Сараптаманың объектілері: Үсті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лакты бояу материалдары көлемі мен олардың құрамдас құрауыштары, түйіспелі өзара әрекет ету іздері бар боялған заттардың нақты жиынтықтары, полимер материалдарын дайындауға арналған шикізат пен құрал-жабдық, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Лакты бояу материалдары, жабындары және полимер материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері:

Заттай дәлелдемелерді қараған кезде мына талаптарды сақтаған жөн:



  • Заттай дәлелдемелер – оқиға орнынан алынған бояу, полимер кесектері, олардың бөліну шекараларын бұзбай отырып, бір қағаз пакетке жиналады;

  • Нақты заттың (мыс.,көлік құралы) боялуының толық жүйесі туралы ақпаратты алу үшін жабындардың салыстырмалы үлгілерін алуда, олардың бөліктерін төменгі қабаттарына дейін кесе отырып жүргізу керек;

  • ЛБЖ, ПМ іздері бар заттарды алғанда, ескі іздерін сақтап және қылмыс оқиғасына байланысты емес жаңа іздер пайда болмайтындай алу керек;

  • Боялған заттар лактыбояу жабындарының зақымданған жерлерін, сондай-ақ киімді немесе бояу іздері бар басқа объектілерді қосымша механикалық әсер етуден, қандай да бір бөтен бөлшектердің түсуінен сақтаған жөн; киімде немесе басқа затта бояудың микробөлшектері көрінбеуі мүмкін, сондықтан да, олармен барлық жұмыстар таза ақ қағазда жүргізіледі, оған сол заттарды буып-түйіп, сараптамаға жібереді.

  • Бояу жұғындылары бар жеткізгіш-заттарды, лактыбояу жабындар қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға жолдаған кезде әрбір затты тығыз ақ ақағазға немесе полиэтилен пленкасының қиындысына жақсы жауып буып-түю қажет;

  • Кабельді өнеркәсіптің бөліктерге бөлінген бұйымдарына сәйкестендірушілік зерттеу жүргізу үшін, егер бөлудің жалпы жолағы болмаған жағдайда, онда ізделініп отырған бүтіннің шекараларын анықтайтын мәліметтерді ұсыну керек (оның саны, пайда болу жағдайлары, пайдалану және бөліктерге бөлу ерекшеліктері);

  • Көлік құралын қайта бояу фактісін анықтау үшін әр бөлшектері жабындарынан үлгілер таңдап алу талап етіледі, оның негізгісі автомобиль қорбы болып табылады. Нөмірін қайта жасау жағдайында бөлшектің ішкі бөліктерінен де үлгілерді алу жүргізіледі.




    1. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Сараптаманың объектілері – заттардағы мұнай өнімдері мен олардың іздері; жанар-жағармай мұнай материалдары мен олардың заттардағы іздері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдары дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда істің мән-жайы, сондай-ақ:



  • Зерттелетін объектілердің шығу тегі, сақталу жағдайлары, тасымалдануы, пайдаланылуы, объектілерді табу және алу тәсілдері жөнінде;

  • Қолдан жасалған композициялар технологиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ-де іздері табылған заттың қасиеттері туралы ақпарат ұсынылуы керек.

МӨ мен ЖЖМ объектілерін сарапшылық зерттеуге дайындаған кезде мына төмендегі талаптар сақталу керек:

  • Зерттеу объектілері ұқыпты жабылып ұсынылады, өйткені көптеген сұйық МӨ (бензин, керосин, еріткіш) құрамында тез буланғыш компоненттері болады;

  • МӨ мен ЖЖМ қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін оларды алуды және сарапшылық зерттеуге ұсынуды қысқа мерзімде өткізу керек және үлгілерді зерттеуге жібергенге дейін оларды салқын әрі қараңғы жерде сақтаған жөн;

  • Ыдыс габариттерінің едәуір үлкен болуына байланысты МӨ-ның нақты көлемдерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шығарылған көлемді МӨ-нің сұйық үлгілері ұқыпты жабылған құрғақ шыны ыдысқа құйып алынады;

  • Қоймалжың МӨ мен ЖЖМ үлгілерін (май, пластик майлар) шыны ыдысқа, ал қатты МӨ мен ЖЖМ-ні таза полиэтиден пакетке орналастыру керек;

  • Қағаз пакеттер, сіріңке қораптары, ағаштан, картоннан, матадан жасалған орама материалдар МӨ-ні буып-түюге жарамсыз, өйткені сұйық және қоймалжың МӨ саңылауы материалдарға сіңіп кетеді;

  • Жеткізгіш-заттардағы МӨ мен ЖЖМ іздерін табу және зерттеу үшін сол заттарды және ондағы МӨ мен ЖЖМ жұғындылары іздерін сақтауды қамтамасыз ете отырып ұсынған мақсатқа лайықты;


10.3 Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу

Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:



    • жеткізгіш-заттардағы металдар мен қорытпалардың микробөлшектерінің болу/болмауы;

    • жалпы қабылданған металтану жіктеуіне сәйкес металдың белгілі бір түрге қатыстылығы;

    • металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың бұзылу сипаты мен себептері, нақты сипаттамалары;

    • металдар мен қорытпалардан жасалған объектілердің бірыңғай тектік (топтық) қатыстылығы;

    • металдар мен қорытпалардың бірыңғай шығу көзіне (массасы, тобы, қорытылуы) қатыстылығы;

    • металдардан жасалған объектілердің өзара түйіспелі әрекет ету фактісі анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері – негізгі металл болатын (болат, шойын) қорытпалардан жасалған бұйымдар, түсті металдар бұйымдары және олардың қорытпалары (мыс, алюминий, қорғасын, мырыш), шикізат, металл сынықтары, асыл металдардан жасалған (алтын, күміс, платина) бұйымдар мен жабындар, жеткізгіш-заттардағы металдану іздері, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Металдар мен қорытпаларға сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда сарапшылық зерттеу барысында заттай дәлелдемелердің жойылу немесе зақымдану мүмкіндігін ескерткен жөн. Объектілердің сыртқы түрі, құрылымы, химиялық құрамының өзгеруі мүмкін жағдаяттарды толықтай баяндау қажет. Заттай дәлелдемелер сараптамаға сол табылған түрде, бөлек пакеттерге буып-түйіліп ұсынылады.

Объектілерді сертификациялаған өнімге немесе белгілі дайындаушы-зауыттың өніміне жатқызу туралы сұрақтарды шешу қажеттілігі туғанда, тиісінше, сапа сертификаты мен осы кәсіпорын өнімінің үлгілерін ұсыну талап етіледі.

Объектілердің өндіріс технологиясы туралы сұрақтарды шешу үшін тиісті үлгілер мен технологиялық құжаттамаларды ұсыну керек.


10.4 Топырақты сот-сарапшылық зерттеу

Сараптама объектілеріне - әртүрлі қалыптасқан жергілікті жер орындарының топырақтары, жеткізгіш-заттардағы (көлік құралы, киімдегі, кісі өлтіру құралындағы) топырақ текті заттардың жұғындылары, белгілі бір жер орнынан алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері, үлгілерді алудың сызба-жоспары, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.

Салыстырмалы үлгілерге табиғи, жаратылыс шектерінде бөлінген немесе іс-жағдаяттарына байланысты белгіленген шектерде жер орны көлемі шегінде алынған топырақ үлгілері жатады, ал бақылау үлгілеріне оқиға орны ретінде белгіленген жер орны шектеріне тікелей жақын алынған топырақ үлгілері жатады.

Сот топырақтану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері:Сараптама тағайындау туралы қаулыда жер орнына (улы химикаттармен өңдеу, белгілі дәнді-дақылдарды себу, қылмыстық оқиға кезіндегі метеорологиялық ахуал), сондай-ақ жеткізгіш-заттарға (аяқкиімді қию мерзімі, оны тазалау, жуу) қатысты мәліметтерді келтіру керек.

Топырақ жұғындылары тікелей жеткізгіш-заттарда (киімде, аяқкиімде, қылмыс құралдарында) ұсынылады, мұнда заттай дәлелдемелер орамасы жеткізгіш-заттардағы жұғындылар шоғырының сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Топырақ үлгілері жер бетінен жеткізгіш-заттың топыраққа жобаланған еніп кету деңгейіндегі тереңдіктен алынады және қылмыс жасалу сәтіндегі метеорологиялық ахуал ескеріледі. Бір үлгінің салмағы 50-100 г болуы керек. Үлгілер ылғал болған жағдайда, оларды бөлме температурасында кептіріп алған жөн.

Салыстырмалы үлгілер зерттелетін жер орны топырағының ерекшеліктерін оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін көлемде ( негізінде, 5 үлгіден кем болмауы керек) алынады. Әрбір нақты үлгіні алу орны сызба-жоспарда белгіленуі тиіс.
10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу

Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде мына жағдаяттар анықталуы мүмкін:

- жеткізгіш-заттарда табылған тоқыма талшықтары микробөлшектерінің орналасқан жері және оның зерттелетін оқиға ситуациясына сәйкестілігі;

- тоқыма талшықтары микробөлшектерінің, жіп қиындыларының, мата мен басқа да талшықтық текті объектілердің нақты және ортақ тектік (топтық) қатыстылығы;

- тоқымы талшықтары микроіздерінің басқа микроіздерімен жиынтығы бойынша (майлау, металл бұйымдары ЛБЖ бөлшектері), сондай-ақ қандай да бір зат беттеріндегі із-көріністер бойынша кісі өлтіру құралымен (пышақ т.б) немесе көлік құралымен киім құрамдарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;

- бөліктері бойынша бүтін (матаның нақты қиындысы, киім заты), жеке заттар бойынша (белбеудің курткаға қатыстылығы) киім құрамы;

- материалдардың (талшық, жіп, бояғыш зат) жиынтығы бойынша киім заттарын теңдестіру.

Сараптама объектілеріне – талшықтар, олардан жасалған бұйымдар (киім, тұрмыстық заттар, арнайы мақсаттағы заттар), талшықтық материалдардың (талшық құрайтын полимерлер, бояғыш, тоқыма-қосалқы заттар) химиялық құрамының элементтері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер, сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.

Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарға сот сраптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері? Сараптама тағайындау туралы қаулыда:

- қылмыстың жасалу уақыты;

- қылмыстың жасалу орны, соның ішінде материалдық ортаның сипаттамасы;

- қозғалыс бағытын, кедергілерден өту, сол кезде қандай да бір іс-әрекеттер жасалуын көрсете отырып, қылмыс жасалуының тәсілі мен механизмі;

- іс-әрекетті жасау сәтіндегі метеорологиялық ахуалы;

- жәбірленуші мен сезіктінің (айыпталушының) киімін алу уақыты;

- қылмыс жасалған сәттен сараптамаға жібергенге дейін жәбірленуші мен сезіктінің киімінің жағдайы туралы мәліметтер көрсетілуі керек.

Сарапшыға:

- қылмыс жасалғанға дейін қатынаста болған адамдарға қатысты;

- қылмыстық оқиғадан кейін пайдаланған, тазаланған, жуылған киім заттарына қатысты;

- киімдердің толық емес құрамының;

- түсі және құрамы бойынша бір текті киім заттарының;

- киім заттары мен ақ матадан істелген бұйымдардың өзара түйіспелі әрекет ету фактісі туралы сұрақты қоюдың қажеті жоқ.

Заттай дәлелдемелермен бірге сараптама жүргізу үшін мына іс материалдарын: оқиға орнын қарау хаттамаларын және сарапшылық зерттеу объектілерін табу, белгілеу және алу жөніндегі деректері бар сызбаны, алу уақыты, талшықтардан пайда болған микроіздердің сыртқы белгілері мен орналасу жері туралы, жеткізгіш-заттардың өздерінің қасиеттері туралы деректер көрсетілген заттай дәлелдемелерді қарау мен алу хаттамаларын; объектілердің шығу тегі, пайдалануы, сақталуы туралы ақпараты бар жауап алу хаттамалары; сот-медициналық сараптама қорытындысын ұсыну қажет.


10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу

Спиртқұрамдас сұйықтықтарды (бұдан әрі – СҚС) сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:

- қолданыстағы жіктеушілікке сәйкес көлемдегі немесе іздердегі СҚС-нің белгілі бір түр мен сортқа қатыстылығы;

- СҚС сапасының Мемстандартқа немесе медиктік-биологиялық талаптарға сәйкестілігі;

- СҚС-ні дайындау тәсілі;

- СҚС-нің ортақ тектік, топтық қатыстылығы;

- СҚС-нің дайындалу (өндіріс) орны, тәсілі бойынша шығу көзі;

- тексерілетін оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген СҚС-нің нақты көлемінің ортақ шығу көзі;

- әртүрлі қондырғылар мен құрылымдардың спирттік сусындарды өңдеуге арналған аппараттарға қатыстылығын анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері - СҚС әр түрлерінің нақты жекелей белгілі бір көлемдері, соның ішінде өзге текті сұйықтықтармен қоспада; өндірісте (зауытта) дайындалған СҚС (спирттер, арақ, коньяктар, шараптар); жалған жасалған өнім; қолдан дайындалған СҚС (самогон, чача, тұнбалар); әр түрлі жеткізгіш-заттардағы СҚС іздері; спирттік ішімдіктерді дайындау үшін пайдаланылатын құрылғылар, құрылымдар, аппараттар; өндірістік технологиялық процестер және СҚС дайындауға арналған аппараттар; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер; сараптама тақырыбына қатысты өзге де іс материалдары.

Объектілерді дайындау кезінде мына талаптар сақталуы керек:

- Мемлекеттік стандарт нормаларына сәйкестілігін анықтау мақсатында зауыттық тәсілмен дайындалған объектілер, белгілі бір дайындаушы-зауыт өнімінің қатыстылығы толық көлемде алынуы керек;

- шөлмек тығыны және тауар қағазы алынған сәттегі түрде сақталуы тиіс;

- егер зерттеу объектісі үлкен көлемдегі СҚС болса, әрбір ыдыстан әр деңгейде сынамалар алу жүзеге асырылады, өйткені сынамалар сұйықтықтың барлық көлемінің қасиетін көрсету керек;

- біраттас СҚС-ның өнімдері көп көлемде болған кезде, сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер осы үлгілердің кескін-келбетін қамтамасыз ететін көлемде: бір жәшіктен 3 шөлмектен кем емес, әрбір құтыдан (бөшке, канистр) орталанған сынамадан ұсынылады;

- үлгілер таза құрғақ жақсы жабылған ыдысқа (ашыту сатысындағы СҚС-дан басқа) алынады;

- жеткізгіш-заттағы СҚС іздері полимер пленкамен бөлек буылып, зерттеуге осы затпен бірге ұсынылады;

- агрегаттың пайдалануын анықтау мақсатында зерттеу жүргізу үшін, оның барлық бөліктерін ұсыну қажет;

- СҚС өндірісі технологиялық процесін зерттеу кезінде тиісті техникалық құжаттаманы ұсыну талап етіледі.
11 Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

11.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайаттарын сот сарапшылық зерттеу

11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу

11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет