Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

6 наурыз күні сағат 22:44 шамасында көп қабатты үйден өрт шықты. Қалалық ТЖД қызметкерлері мен техникалары Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 41/2 мекенжайына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үйдің 7 қабатында тұрмыстық заттар өртенген. Пәтерден шыққан өрттің түтіні саты алаңына жеткен. 

Өрт сөндірушілердің басты мақсаты адамдарды құтқарып, эвакуациялау болды. Кейбір тұрғындар өздігімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. 

  • Қазақстанда құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілмек
  • Алматы облысында 35 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп кетпек болды

“Іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады. Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.