Шымкент әкімдігі қаладағы ең көне мешіт бұзылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Otyrar.kz

Желіде мешіттің кеңейтілген құрылысы бұзылып жатқаны түсірілген видео тараған еді. Кейіннен шымкенттіктер мешіттің бұзылуына қатысты наразылығын білдірді. Қала тұрғындары мешіттің XIX ғасырдың ортасында салынғанын және оның ерекше құнды екенін айтты. Онда Ферғанадан келген ең таңдаулы шеберлер жұмыс істеген.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлері видеоға қатысты пікір білдіріп, мешіттің сүрілмейтінін айтты. 

"Бұл мәселеге қатысты мешіттің сүрілмейтінін хабарлаймыз. Мешіт басшылығының берген өтініші бойынша мешіт аумағындағы шатыры бар құрылыс бұзылып жатыр", – делінген хабарламада.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.