Былтыр желтоқсан айында Fly Arystan бортсерігіне қазақстандық әртістің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған еді. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев сол әртістің кім екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мұндай факт 2023 жылдың 18 желтоқсанында Шымкент әуежайында Шымкент — Астана 7308 рейсінде болғанын растады.

"41 жастағы Нұрымбетов атты жолаушы ұшақтан шығарылды. Астана тұрғыны мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол "Целиноград” аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 17 қаңтарда азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", — деді Сұлтанбаев.

  • Қытайдан Қазақстанға келетін туристердің саны 17 есе өскен

  • 17 сағатқа кешіккен Fly Arystan рейсінің жолаушыларын қайта тіркелгені үшін ақы төлеуге мәжбүрлеген

Сонымен қатар комитет төрағасы Нұрымбетовке 15 АЕК, 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық әншінің FlyArystan әуе компаниясының бортсерігіне қол көтергенін хабарлаған едік. Ол сыртқы киімі үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразы болған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.