Танымал әнші, кәсіпкер, продюсер Мөлдір Әуелбекова қара түсті образ киіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Әншінің айтуынша, той иелерінің өтініші бойынша, қонақтар қара көйлек киіп барған. 

“Орамал таққалы қап-қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә, білемін, қазақ қара жамылмаған.
Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек бір-бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жай ғана әдемі образға лүпіл басып, тілек жазайық. Сүйем сіздерді!”, – деп жазды әнші.

  • "Уәлибек ағамыз ренжіп қалды": Берік Тұрсынбеков "Шымкент шоу" театры қалай құрылғанын еске алды

  • "Арада келісім болды": Танымал блогер Төреғали Төреәліге ән арнағанын мойындады

Желі қолданушылары сүйікті әншілерін қолдап жатса, енді бірі қара киім кимеуін өтінген. 

“Орамалға тиісетіндер оқыса екен”, “Қара түс сізге жарасады”, “Қара киім кимеші, қайғы-мұңның түсі”, “Ақыл айтқыштар алдымен ұл-қыздарын тәрбиелеп алсын”, “Қара кебінге оранып алыпты”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, әнші жаңа үйіне көшіп, қоныс тойын тойлаған еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Singer from Kazakhstan🇰🇿 (@moldir.auyelbekova)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.