Танымал блогер, кәсіпкер Айжан Байзақова мереке қарсаңында анасына сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Блогердің айтуынша, бойындағы өзіне сенімділік анасынан дарыған көрінеді. 

“Анашым! Ең жақын адам. Оның маған берген дүниелерінің жанында ұялы телефонның маңызы жоқ. Менен өз уақыты мен қолдауын аямайды. Ол өзін бір сәтке де ойламайды, таңертеңнен кешке дейін маған балаларға қарауға көмектеседі. Немерелерінен бір қадам алшақ кетпейді. Дәл осы адам менің өзіме деген сенімділігімді нығайтты. Кейде, әрине, екеуміз бір-бірімізді түсінбеуіміз мүмкін, өйткені мен жаспын, ал ол қатал тәрбие көрген адам. Бірақ, мен оның мені қандай болсам да қабылдайтынын білемін", – деп жазды блогер. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Еске салайық, Айжан Байзақова күйеуінің ел білмейтін құпиясын жайып салған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.