V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары



Дата14.04.2019
өлшемі55 Kb.
#98389

v ӘОЖ 373+371.3
БIЛIМДI БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСIН ҚҰРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ЖОЛДАРЫ
Сыдыкова Г.К., Сагнаева С.К.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Қазіргі уақытта білімгерлердің, мектеп, лицей және гимназия оқушыларының үлгеріміне ықпал ететін факторлардың сандық бағалауын анықтайтын құралдар мен әдістерді іздестіру маңызды болып отыр. Көптеген әсер етуші факторларды қоса алғанда бұл тапсырманың шешімін қазіргі компьютерлік технологияларды қолданусыз орындау мүмкін емес.

Қазіргі уақытта қолданыста жүрген оқыту құралдарының екі қарама-қарсы тұстарын атап өтуге болады, олар оқытушы программалар және комплексті жаттықтырушы жұйелер [1]. Алғашқысы қарапайым және бір ғана тапсырмаларды шешуге арналған. Екіншісі қоғамдық қызметтің әр түрлі жағдайларында кәсіби операторларды дайындауға бағытталған күрделі бағдарламалы-аппараттық кешен болып табылады.

Соңғы жылдары есептеу құралдары мен телекоммуникациялық технологиялар ресурстарының дамуына байланысты оқытушы бағдарламалар мен комплексті жаттықтырушы жүйелердің арасында аралық орын алатын оқытушы жүйені жобалау тенденциясы қарастырылуда.

Бұл жүйе комплексті жаттықтырушыдағыдай басқару үрдісін ақпараттық қамтамасыз ете отырып, объектілерді еркін басқаруға мүмкіндік беруі тиіс.

Мұндай жүйелерді орындаудың негізгі мәселелеріне бақылау мен білім бағасын, адаптивті оқытуды қамтамасыз ететін, пікірлер механизмін өңдеу жатады. Осыған байланысты оқыту жүйесін ашық ұйымдастыруға мүмкіндік беретін пікірлер моделін құру маңызды тапсырмалардың бірі болып тұрады. Мұндай тектес жүйелер оқушының мінез-құлық стратегиясын және білмеушілік аймағын талдауы қажет.

Эксперттік оқыту жүйелерін қолдану және құру сұрақтары И.М. Адамович, Д.В. Черевик, Л.Н. Бабанин, П.Л. Брусиловский, О.Т. Баловнев, А.Ю. Казеннов, В.И. Берестова, О.В. Заволович, Г.В. Рыбина жұмыстарында қарастырылған. Оқыту жүйесі үшін диалог құру жүйесінің үрдістері Е.И. Машбиц, В.В. Андриевска, Е.Ю. Комиссарова, И.Н. Голицына, А.М. Гофен, Н.А. Левин, Т.В. Корнилова, О.К. Тихомиров, Н.А. Петрова, М.А. Сухинина, Б.И. Федоров, З.О. Джалиашвили еңбектерінде қарастырылған. Эксперттік оқыту жүйесінің архитектурасын құру жолдары Э.В. Попов, И.Б. Фомин, Е.Б. Кисель, М.Д. Шапот, В.А. Петрушинмен қарастырылған.

Зерттеу мақсаты болып интернет ортасында адаптивті оқытуды қамтамасыз ететін интеллектуалды оқытушы жүйелерді қолдану арқылы оқыту үрдісінде және тренингтерде білімнің деңгейін тиімді көтеру жатады.

Мақаланың негізгі тапсырмалары:



  1. Білімді бағалау және бақылау кезінде ақиқатқа жуық алгоритмдер мен модельдерді өңдеу және зерттеу.

  2. Интеллектуалдық адаптивті оқытушы мен ақпараттық-үйретуші жүйелерде білімді өңдеу және ұсыныс моделін құру.

  3. Ұсынылған модельдер мен алгоритмдер негізінен қолданбалы интеллектуалды оқытушы жүйесін құрастыру.

Тікелей тестілеу деп тесттің құрылымы оқушының нақты жауабына тәуелді болмайтын оқушы білімін бақылау әдісін айтамыз. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық білімді бақылау жүйелері тікелей тестілеу режимінде жұмыс істейді, дегенмен олар білімді бағалаудың қарапайым және тиімсіз әдістерін жиірек қолданады. Тікелей тестілеу алгоритмінің қасиеттері 1-ші сызбада көрсетілген.

Оқытушы мен тестіленушінің «тікелей» диалогтық қарым-қатынасының және педагогикалық әдістердің толық талдау нәтижесі білімді бағалау және бақылау үрдісін ұйымдастыруға ықпал ететін кем дегенде бес параметрлерін көрсетуге болатынын анықтады.

Тестілеудің мақсаты жауабы тестілеу нәтижесінен алынған: а) барлық материалдар бойынша оқушы біркелкі білім деңгейін меңгерген (білім деңгейінің кеңдігін тексеру) немесе б) тест тапсырмасында берілген тақырыптар бойынша оқушы жүйелі білім меңгерген (білім деңгейінің тереңдігін тексеру) негізгі сұрақтармен анықталады.

Сурет 1. Тікелей тестілеу алгоритмінің қасиеттері


Тесттің күрделілігі оқушының тапсырманы орындауын көрсететін білім деңгеймен бейнелейді. Ол оқушыға ұсынылуы мүмкін тест тапсырмасының күрделілігінің дәрежесімен қарастырылады. Зерттеулер нәтижесі бойынша тесттің күрделілігі кем дегенде үш деңгеймен анықталады: стандартты, жоғарылатылған және төмендетілген.

Бақылау деңгейі білім тереңділігінің қатаңдығын тексеру дәрежесімен анықталады. Емтиханды жүргізу әдістемесінің сауалнамасын зерделеу кезінде тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау қатаңдығының әр түрлі төрт деңгейін көрсетуге болады (қатаң бақылау; тереңдетілген білімді анықтау; қарапайым білімді анықтау; кез келген бар білімді анықтау).

Тестті алдын ала тоқтату шартын бақылау – тестті жалғастыру тиімсіз болған жағдайда тестті мезгілінен бұрын тоқтатуды талап етеді. Осы шарттардың біріншісі ретінде тестілеудің шекті уақытынан асуын қарастырады. Екінші шарты – тестілеуді тоқтату және априориды алу барысында дұрыс емес жауаптардың белгіленген санына қанағаттанарлықсыз баға қою.

Ұсынылған бес мінездемелердің әр түрлі мәндерге ие екендігі білімді тікелей тестілеу алгоритмінің кең көлемде таралғанын айтуға болады (мысал, білімінің тереңдігін жоғарылатылған күрделілікпен және қатаң бақылаумен бағалау) [2].



Жүйені жобалау барысында келесі ерекшеліктер ескерілген:

  1. Қолданылатын жабдықтың параметрлері. Кейбір оқу орындары көбінесе қазіргі жаңа жабдықтармен жабдықталмаган. Өңделген бағдарламаның клиенттік бөлімі 400 МГц жиілікті және жедел жады 64 Мб көлемді ДК жұмыс істейді.

  2. Платформа аралық үйлесiмдiк. Microsoft корпорациясының операциондық жүйесінің басқаруымен де, кең тараған GNU Linux ядорлы операциондық жүйесінің басқаруымен де клиенттік бөлігінің жұмыс істеу мүмкіндігі мол.

  3. Байланыс каналының өткізу қабілеттілігі. Бағдарламаның қолайлы жұмыс істеуі үшін 33,6 Кбит/с өткізу қабілеттігімен қосу жеткілікті.

  4. Компьютерлік кластағы жергілікті желінің қосылуы немесе жоқтығы. Егер тестілеу өткізіліп жатқан класта жергілікті желі бар болса, онда «Тесттер генераторы» басты компьютерден бастапқы тесттерді көшіруге және есеп жинағын қалыптастыру үшін алынған деректерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Егер желі жоқ болса, онда бұл операцияларды жинақ тасымалдаушы көмегімен іске асыруға болады.

  5. Қолданушылардың жас шамасы және олардың компьютерлік сауаттылығының деңгейi. Қолданушылардың жас шамасы 11 мен 18 жас аралығын құрайды, ал компьютерлік сауаттылығының деңгейi әсіресе, ауыл мектептерде төмен деңгейде болады. Осыған байланысты бағдарламаның интерфейсi барынша ыңғайлы (қарапайым) орындалған.

  6. Мектеп қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейi. Жүйені қолдануды жеңілдету үшін әрбір бағдарламаны орнату бойынша және жүйені пайдалану нұсқаулығымен толық жабдықталған.

  7. Қауіпсіздік деңгейі. Бағдарламада деректер қорына оқушы мен оқытушы туралы жеке мәліметтер енгізілетін болса, онда ақпарат көзінің жойылуы мүмкін. Қарсы әрекет ету үшін мәліметтер шифрланады және ашық түрде сақталмай, байланыс желісі бойынша таратылмайды

  8. Бағаны есептеу. Бағдарлама бірнеше әдістер мен білімді тестілеудің интеллектуалды моделін, сонымен қатар Раша моделін қолдана алады.

  9. Территориальды тарату. Жүйе модульдік құрылымға ие және «Клиент-Сервер» технологиясы бойынша құрылған. Клиеттік және серверлік бөлімнің өзара әрекеті жергілікті желі арқылы да, Интернет желісі арқылы да жүзеге асырылады, сонымен бірге клиенттік сервермен әрдайым байланысы қажетті емес, тестті енгізу және тестілеу нәтижесін түсіру уақытында қосылған болса жеткілікті. Қосылу үшін стандартты TCP/IP желілік хаттамасы және 80 порт қолданылады.

Оқыту үрдісін адаптивтік басқарудың интеллектуалдық жүйесі оқытуды бақылаудың тиімділігін жоғарылату мүмкіндігін береді. Ол оқушының моделін тұрғызу арқылы және оны аттестациялауға уақыт шығындарының төмендеуімен іске асырылады. Сонымен қатар, үрдістік білімдердің берілуі оқушының ой-пікірі логикасын талдау негізінде қайта байланыс енгізу арқылы оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осы технологияның нәтижелерін талдау авторлардың келесі мақалаларында талқыланады.
Әдебиет


  1. Касьянова Н.В. Создание системы компьютерного контроля как результат новых информационных технологий в обучении // Материалы конференции ИТО. Восточно-украинский Национальный Университет (ВНУ), Украина. – Луганск, 2001.

  2. Рудинский И.Д., Соловей Е.В. Реализация алгоритмов прямого тестирования в интеллектуальной автоматизированной системе контроля знаний // Сб. материалов конференции, 2001.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары
II-tom 2012 -> Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде қант қызылшасы зиянкестерінің таралуы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет