Neuralink компаниясының басшысы Илон Маск миына нейрочип орнатылған адамның алғашқы жетістігімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Кәсіпкер X әлеуметтік желісінде чиптелген адамның операциядан кейін толық айыққанын айтты.

"Прогресс бар және науқас толық қалпына келген сияқты. Бізге белгілі жанама әсерін байқаған жоқпыз". Сонымен қатар ол науқастың компьютер тінтуірінің курсорын ақылмен басқаруды үйренгенін айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, Neuralink компаниясының алдағы уақытта миына чип салынған адам көп жетістіктерге жетеді деп үміттенеді. Атап айтқанда, мамандар оған курсорды экран бойымен жылжытуды ғана емес, сондай-ақ пернетақта түймелерін басуды да үйретеді.

Бұған дейін Маск чиптелген адам ең алдымен ой күшімен тінтуір мен пернетақтаны басқаруды үйренуі керек деген еді. Айта кетейік, Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына алғаш рет чип салғаны туралы жазған едік. Сондай-ақ норвегиялық депутат Илон Маскты Нобель сыйлығына ұсынды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.