V халықаралық ғылыми-практикалық конференция V международная научно-практическая конференция



жүктеу 56.17 Kb.
Дата07.03.2019
өлшемі56.17 Kb.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

L.N. Gumilyov Eurasian National University


V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

V Международная научно-практическая конференция

The 5-th International Scientific and Practical Conference

22 ақпан 2018ж

ҚАЗАҚСТАН, Астана қ.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2018 жылдың 22 ақпанында «Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» атты V Халықаралық ғылыми –практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты - АКТ – кластерін құру мақсатында білім, ғылым және IT-индустриясының интеграциясын, интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасау, қолдану, технологиялар трансфертін талқылау және озық тәжiрибемен алмасу, «Қазақстан - 2050» стратегиясын табысты іске асыру тәсiлдерiн анықтау және мүмкіндіктерін бағалау.

Конференция адам іс-әрекетінің барлық салаларындағы интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасау және тиімді пайдалану аясындағы қазiргi тенденциялар мен инновациялық тәсiлдерді анықтау үшiн конструктивтi диалог алаңы болады.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы Жолдауына сәйкес, бұл конференцияда интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, құру бойынша саясатты қалыптастыратын мәселелерге негiзгi назар аударылады. Конференция аясында технологиялар қоғамды ақпараттандыру үдерісінің катализаторы және маңызды құралы ретінде қарастырылады.

Конференцияға қатысушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар әлеуетін талқылайды және қазақстандықтардың өмiр деңгейi мен сапасының түбегейлi жоғарылауын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялар мен ақпараттық ресурстарды жасаудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн талдайды.

Конференцияға ҚР білім және ғылым министірлігі өкiлдерi, жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері, сонымен бiрге эксперттер, педагогтар және жасалуда пайдалану білім беруде АКТ қолдану саласында жаңашылдар, АТ-компаниялары өкiлдері қатысады.

Конференция шеңберiнде тақырыптық дөңгелек үстелдер, мастер-кластар және презентациялар ұйымдастырылады.
Конференция жұмысының бағыттары
1-ші секция: «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру барысында цифрлық қоғамды қалыптастыру.

Үшінші индустриалдық революция - ХХІ ғасырдың жаһандық міндеті; заманауи және тиімді білім беру жүйелерін құру еліміздің білім беру жүйесінің сандық кезеңдегі басты мақсаты болып табылады; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - еліміздің халықаралық және қорғаныс саясаты үшін жаңа шақыру, Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.



2 -ші секция: Білім берудегі цифрлық трансформация

Цифрлық бизнес модельдері. Шығармашылық қоғамды дамыту. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, салалар бойынша АКТ мамандарын даярлау бойынша жұмыстарды жүргізу. Цифрлық оқытудың теориясы мен әдістемесі, білім беру роботтарын бағдарламалау, білімдегі робототехника, білім берудегі толықтырылған және виртуалды шындық. Ақпараттық технологиялар секторы үшін адам капиталын дамыту. Білім беруді басқарудағы АКТ; цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану үшін АКТ-құзыретті кадрларды дайындау; компьютер ғылымының жөнделмейтін жаңалықтары жағдайында мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін үздіксіз дамыту; білім беру жаһандану жағдайындағы ақпараттық-дидактикалық жүйелер.



3 -ші секция: Есептеу және компьютерлік қосымшалар

Компьютерлік бағдарламалар және таратылған ақпараттық жүйелер; ендірілген жүйелер; ақпаратты қорғау және қорғау; кодтау теориясы; компьютерлік графика; математикалық физика, теория және сандық әдістердің кері есептері; медицинада және өнеркәсіпте томография әдісі; механика, геофизика, биофизика, электродинамика, акустикадағы математикалық модельдер мен әдістер.



4 -ші секция: Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелер: даму үрдістері және қолдану.

Ақпараттық жүйелерді дамытудың заманауи технологиялары; бұлтты есептеулер; GRID-технологиялар; зияткерлік ақпараттық жүйелер; қоғамның түрлі салаларын ақпараттандыру; ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердегі қауіпсіздік пен сенімділік.

Жасанды интеллект. Суреттерді тану; компьютерлік лингвистика; шешімдер қабылдау жүйесі; нейрондық желілер; генетикалық алгоритмдер; айқын логика; табиғи тілдерді өңдеу (мәтінді морфологиялық, синтаксистік, семантикалық талдау).

5 -ші секция: Бақылау теориясының заманауи мәселелері.

Цифрлық өнеркәсібінде ақпараттық және телекоммуникациялық басқару жүйелерінде жаңа үрдістер. Бейімді және сенімді басқару жүйесі. Сенімді тұрақтылық үшін әлеуеті жоғары басқару жүйелерінің теориясы. детерминирленген ретсіз процестерді Хаос теориясы және басқару. Зияткерлік басқару жүйесі.

Қазақстан үшінші жаңғыртуы- «Цифрлық Қазақстан»бағдарламасы: әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және медициналық жүйелер, ғылыми-зерттеу және басқару тұрақсыздық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық, медициналық жүйелердің дамуының детерминирленген ретсіз процестерді жүйелі талдау және басқару әдістері мен үлгілері.
Конференция өтетін орыны мен уақыты

Конференция Астана қаласы, Сатбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өткізіледі.

Конференцияның ашылуы – 22 ақпан 2018ж, сағат 10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ , орыс, ағылшын


Өтiнiштердi тiркеу және
тезис және баяндамаларды беру

Конференцияның ашылуында баяндамалар тезисі жинақ ретінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2018 жылдың 15 ақпанына дейiн қабылданады.

Баяндамалар тезисі көлемі 4 беттен аспау керек, А4 форматында MS Word 2000/XP мәтіндік редакторында дайындалуы тиісті. Формулалар Microsoft Equation 3.0 формула редакторында, суреттер *.jpg или *.gif форматында ұсынылуы керек.

Бет параметрлері: барлық өрісі – 2 см., шрифт параметрлері: Times New Roman (Unicode), өлшемі 14 пт, бірлік жоларалық интервал.

Жоғарғы сол бұрышта ӘОЖ индексі көрсетіледi, екі аралықтан кейін авторлардың аты-жөнiнiң бiрiншi әрiптерi (бас әрiптермен, жартылай қалың шрифт), екі аралықтан кейін жұмыстың орындалған мекеме атауы, қаласы, елі (жартылай қалың шрифт), екі аралықтан кейін мақала атауы (бас әрiптер, жартылай қалың шрифт), екi аралықтан соң тезис мәтіні (азат жол шегiнiсi - 1 см).

Баяндама тезисiмен файлдың атауы фамилия және қатысушының аты-жөнiнiң бiрiнші әрiптерiмен мазмұндалуы тиіс. Мысалы: asanovAT.doc

Конференцияға қатысу үшін оргшығыны 4000 теңгені құрайды, төлем Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады. Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, «Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» конференциясына қатысу деп көрсетілуі керек. Түбiртектiң электрондық көшiрмесiн конференция ғылыми хатшысының e-mail: zhumadillayeva_ak@enu.kz адресіне жiберу керек.

Жол шығыны мен тұру шығындары конференция қатысушыларының есебiнен төленедi.
Банкілік реквизиттері:

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

РГП на ПВХ «Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева»

Кбе 16


БИН 010140003594

РНН 031400075610

Счет KZ91998BTB0000003104

БИК TSES KZ KA

Банк Бенефициар АО «Цеснабанк» 
Байланыстар

Өтініштерді қабылдау, тезистер мен баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі адреске хабарласуыңызға болады:

010008, Қазақстан Республикасы,

Астана қ., Пушкин көшесі 11,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №2 ғимарат, 2 қабат, 203 бөлме

Конференцияның жауапты хатшысы: т.ғ.к. Жумадиллаева Айнур Канадиловна.


Телефон: (7172) 709-500 (31359) Моб: 8-702-529-59-99

e-mail: zhumadillayeva_ak@enu.kz, ay8222@mail.ru
Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет