Ауыл шаруашылығы министрі үкімет отырысынан кейінгі брифингте бұрын мұндай жағдай болмағанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Министрдің сөзінше, әлемде пияз бағасы төмендеп кеткен. 

“Пиязға келетін болсақ, шынында да алдыңғы жылдары баға қымбаттап кетіп, шаруашылықтар айналыса бастады. Жалпы әлемде оның бағасы төмен түсіп кетті. Өйткені экспорт та төмендеді. Алдыңғы жылы 180 мыңды экспортқа жіберетін болсақ, биыл 117 мың ғана. Экспортымыз 70 мыңға төмендеді. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Осыған қарамастан жұмыс атқарылып жатыр. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істейміз. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзербайжанмен келісімшарт бар", — деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін желіде қоғам белсендісі, саясаткер Санжар Боқаевтың Шенгелді ауылындағы егіс өнімдерін көрсеткен видеосы пайда болды. Ол пияз, соя, жүгерілердің қалай тонналап шіріп, қоқысқа кетіп жатқанын жеткізген. Белсенді одан бөлек, шаруашылық техникаларының жетіспеушілігін айтып, еліміздің ауыл шаруашылық министрлігіне үндеу жолдаған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.