Танымал продюсер, актриса, әнші Баян Мақсатқызы “Queen Show” атты шығармашылық кешін өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Шоу-концертке продюсердің жетекшілігімен танылған бір топ әртіс қыздар төбе көрсетеді. Осы жөнінде продюсер Баян Мақсатқызының өзі әңгімеледі.

“Ерке Есмахан мен Мөлдір Әуелбекова офиске келіп, образдарын көрді. Екеуінікі де керемет болғалы тұр. Шығармашылық кешімді қысқаша айтып өтейін. Әнші өз концертінде әнін айтады, әртіс рөлге кіріп ойнайды. Ал мен продюсермін, "не көрсетем" деп көп ойладым. Сөйтіп бұрын-соңды болмаған шоу жасайтын болдық. Бұл кешке билет алған адамдардың бәрі арнайы дресс-кодпен келуі керек. Есікте адамдар тұрып, тексеріп кіргізеді. Ер кісілер смокингпен, ал әйелдер мен қыздар ұзын, кешкі көйлекпен ғана кіре алады. Осы жерде айта кетейін, менің шоуымды көру үшін қазір шетелдіктер билет алып жатыр”, – деді Баян Мақсатқызы Хабарlike бағдарламасына берген сұхбатында. 

  • "Баяндікі ұят болды": Дәнекер Оразбай Баян Мақсатқызының туған күніне қатысты пікір білдірді

  • "Енем маған ренжіді": Баян Мақсатқызының анасы продюсердің дүниеге келген сәтін есіне алды

“Бұл кешке мен де қатысамын. Орамалсыз өнер көрсетемін”, – деді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесі – продюсердің демеушілігімен құрылған “Кешью” тобының алғашқы құрамының мүшесі. Бұл туралы продюсердің өзі былай дейді: 

“Топтың құрылғанына 18 жыл болды. Қаншама адам келді, кетті, біразы күйеуге тиді, біразы ажырасып үлгерді. Шынымды айтсам, кімдер екенін айта алмаймын, кейбірінің аттары да есімде жоқ. Біз топқа әнші қабылдағанда ең бірінші сұлулығына, сосын дауысы мен харизмасына қараймыз. Қолы мен аяғы ұзын болуы керек. Тіпті саусақтары мен құлағына да назар саламыз. Адаммен қалай сөйлеседі, өзін қалай ұстайды, оны да бақылап, жүздеген қыздың ішінен іріктеп аламыз. Қазіргі қыздармен жасаған келісім-шарт уақыты бітті. Екеуі кетеді, солардың орнына екі қызды дайындап отырмыз”, – дейді продюсер. 

Еске салайық, жақында талантты продюсер 50 жасқа толғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.