Соңғы кезде дінге бет бұрып, сахнадан қол үзіп қалған әнші Индира Расылхан әлеуметтік желіде белсенді. Ол алғаш рет жеке парақшасында балаларын қалың көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/indirarasylkhan/

Жақында әнші күйеуімен ажырасқанын растаған еді. 

“Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды алғаннан кейін, Алланың берген сыйы ғой – екі қыз. Көп нәрсе айтқым-ақ келіп тұр. Екеуі жайлы айтайыншы. Мені танығанымен, менің бала-шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін: Бірінші туған – Айдина. “Айдон” дейміз бәріміз. Мінезі ашық жарқын, (экстраверт) ақкөңіл, қолындағысын аямай бере салады. Ақша жаратқанды жақсы көреді. Көп қыдырғанды ұнатпайды. Өзінен ештеңе аямайды. Өзін жақсы көреді және құрметтейді. Елмен тез тіл табысады. Көркем мінезді деп айта алмаймын, әлі күнге дейін еркелейді. Қырсық мінезімен күресіп келеді. Қызғаншақ адам. Өзінің алдындағы тамақты жесең, бәлеге қалдың дей бер. Менен сырын жасырмайды
Көк инені артынан түрте алмайды, бірақ тамақ жасағанды қатырады”, – дейді әнші. 

  • "Досымның әйелі үйден кетіп қалды": Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлады

  • "Келместей болып кетіп едің": Өнерге қайта оралған Индира Расылхан оқырманын сотқа бермек

Өнер иесі балаларының мінезі әртүрлі екенін айтады. Тіпті екінші қызынан аяқ тартып жүретінін де жасырмайды. 

“Екінші қызым – Дарина. Бәріміз “Дадош” дейміз. Мен “Тонь” деймін. Бәрімізді бір шыбықпен айдайды. Өзім де қорқып, аяқ тартып тұрамын. Өте ақылды. Артық сөз жоқ, сабырлы. Көп нәрсені ойланады. Жаңа ортаға барса, бірден араласып кетуі қиын. Ақша үнемдегіш. Бірақ қыдырғанды жақсы көреді. Мінезін көрсеткенде, үндемей қаламыз. Бірақ қайтымы тез. Бәрін ұмытып кетеді. Керемет әнші. Қолынан келмейтіні жоқ. Іс тігіп, тоқыма тоқиды. Кілемшілер тоқып жүр. Бірақ тамақты онша жасамайды”, – дейді көпбалалы ана. 

Желі қолданушылары мен әншінің әріптестері қос бойжеткенге бақыт тілеп, бармақтай бақ бұйырсын деп жатыр. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.