Белгілі әнші Балжан Бидаштың әкесінің денсаулығы сыр беріп, Түркия еліне ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесінің айтуынша, отандық дәрігерлер нақты диагнозын қоймаған көрінеді. 

“Стамбұлға аман-есен қондық. Бірден клиникаға келдік. Әкемді палатаға орналастырды. Қазақстаннан мықты дәрігерлерді кездестірмедік. Бірақ бар екеніне күмәнім жоқ. Тек ол мықтыларды тапқанша уақыт аз. Сондықтан сеніп қалған түрік дәрігерлеріне келдік. Әкем мен анамның көңілдері көтеріңкі. Оларды көріп, менің де көңілім жайланды. Әкем барлық оқырманға рақмет айтып жатыр. Анамды да тексертіп алсам ба деп тұрмын. Толық “чек-ап” өткісі келіп тұр. Барлық жаңалықты айтып отырамын”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің әкесі дәл туған күнінде денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалған еді.

“Туған күн бітіп, қонақтар тарағаннан кейін әкемнің жөтелі басталды. Біз күтпеген қан жөтел болды. Бәріміз абыр-сабыр болып, жедел жәрдемді күтпей машинамен ауруханаға алып бардық. Диагнозы белгісіз. Аяқ-асты шетелге ұшып кеттік” деген еді эстрада жұлдызы. 

  Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.