Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі ер мен әйел арасындағы келіспеушіліктің себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Ол ер мен әйел адамды қорлау болатын іс-әрекеттерді тізді. 

“Әйел адамның мына істері ер адамға қорлық болып есептеледі: Сөзін бөлу,
ер адаммен дауласу, өз-өзіне қарамай қалай болса солай жүру, кекетіп сөйлеу
өзге адамдардың көзінше құрметтемеу, оның көзінше дауыс көтеру, күнде мін іздеп, орынсыз ұрыс шығару, достарына, туыстарына құрмет көрсетпеу, үнемі ақыл айтып, дұрыс өмір жолдарын үйрету”, – дейді блогер. 

  • "Күйеуім кактус берсе де ризамын": Қыран Талапбектің әйелінің сөзін жақтаған коучтың пікірі елге ұнамады

  • Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда көп

Сонымен қатар блогер ер адам тарапынан болатын қандай жағымсыз іс-әрекет әйелді қорлау болатынын да айтты. 
“Оған дауыс көтеру, уақытында көңіл бөлмеу, еркелетпеу, оның көзінше басқа біреудің әйелін мақтау, комплимент айтпау, атын бұрмалап, мазақ ету, ылғи кемшіліктерін айтып, бетіне басу, өзінің асыраушы екенін ұмыту, кекету, жасаған тамағына сын айту, туыстарын сыйламау”, – деп түсіндірді жазба иесі. 

Желі қолданушылардың дені блогердің жазбасын сынап жатыр. “Бәріміз білетін ақыл”, “Осылар не жеп ақылды болады екен”, “30 жыл отасқан әйел сияқты” десе енді бірі блогердің жазғандарын сақтап алып жатыр. “Өте пайдалы жазба”, “Келіндерім оқыса екен”, “Менің күйеуімнің іс-әрекеттерін жазыпты”, “Үлгі алатын жанұя” деп жазып жатыр блогердің оқырмандары. 

Еске салайық, Фариза не себепті ұзақ уақыт бала көтермегенін жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.