Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинадан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс Еленаның 2024 жылғы екінші WTA титулы және мансабындағы жетінші жеңісі болды. Жаңа маусымның басында Рыбакина 11 жеңіске жетіп, екі рет жеңілістің дәмін татқанын айта кетейік.

Турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші $142 000 (63,3 млн теңге) көлеміндегі сыйлыққа ие болады. Сонымен қатар, жаңартылған WTA рейтингінде Елена Рыбакина 5-ші орыннан 4-ші орынға көтеріледі.

Бұған дейін Еленаның Australian Open чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін алғашқы кездесуін жеңіспен бастағаны жазылған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.