Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Данил Мұсабаев Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Данил Мұсабаев батутты гимнастикадан Париж олимпиадасында өнер көрсету құқығына ие болды. Отандасымыздың әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді. Ол 2023 жылы Португалияда 9-орын, АҚШ-та 20-орынға ие болып, жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтижесінің арқасында лицензияға ие болды. 

Айта кетейік, батутты гимнастикадан олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.