Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында
(басылымдарында) пайдаланған жағдайда ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ШҚО Статистика департаменті РММ сілтеме жасау міндетті
2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРТЫНДЫЛАРЫ.
Экономиканың нақты секторы. 2015 жылғы қаңтар- желтоксанда, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 79,9% құрады. Оған кен өндіру өнеркәсібінің 56,8% кемуі әсер етті.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында алдынала мәліметке қарағанда ірі қара мал басы саны (1,3%), жылқы (6,5%), шошқа (16,7%), құс (0,5%) өсті, қой мен ешкі саны (1,0%) төмендеді,. Ет өндіруде 99,9 %, сүт өндіруде 104,9 %, жұмыртқа алу 102,6% құрады.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 5618,2 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың сәйкес мерзіміне өсу қарқыны - 101,0%-ды құрады.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 2864,2 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 84,8%-ды құрады.
Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 1880 шаршы метрді құрады және 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80,0%-ды құрады.
2016 жылдың 1-қаңтарына аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 194 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 185 (93,4%)- шағын, 8 (4,1%)- орта, 1 (0,5%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 51,1%-ы, жеке меншік – 47,4%-ы тіркелді.
Бағалар. 2015 жылғы қараша айындағы жалпы инфляция деңгейін көрсететін тұтыну бағаларының индексі 113,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 10,9 %-ға, азық-түлік емес тауарларға 19,2%-ға, қызметтер 9,9%-ға артты.
Халықтың табысы. 2015 жылдың желтоқсанында ауданда күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасының халықтың орташа жан басына шаққанда және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өзгеруі 19618 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға кеміді.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 69321 теңгені құрады және 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,5%-ға артты.
Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі көрсеткіштері
|
2015 ж. қаңтар-желтоқсан
|
Өткен жылдың тиісті кезеңіне,%-бен
|
Өнеркәсіп өнімдерінің (жұмыс,қызмет көрсету) көлемі қолданыстағы бағалармен, млн. теңге
|
2 218,2
|
79,9
|
Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру:
Ет (тірідей салмақта мал мен құстың барлық түрін өткізу),тонна
|
17 875,7
|
99,9
|
Сүт,тонна
|
69 054,7
|
104,9
|
Жұмыртқа, мың дана
|
6 371,9
|
102,6
|
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, млн. теңге
|
2 864,2
|
84,8
|
Тұрғын үйлерді іске қосу, пайдалы алаңының шаршы метрі
|
1 880
|
80,0
|
|
2015ж. қаңтар-желтоқсан
|
Өткен жылдың тиісті кезеңіне,%-бен
|
Бір қызметкедің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге
|
69 321
|
109,5
|
Нақты жалақы индексі,%
|
-
|
102,4
|
Орындаушы:
|
Күршім ауданы статистикасы басқармасының басшысы:
|
Мекенжайы:
|
Б.Ә. Хамитов
|
Б.Ә. Хамитов
|
Күршім ауылы
|
тел. 3-14-88
|
тел. 3-14-88
|
|
© Күршім ауданы Статистика басқармасы
|
|
|
Баспасөз хабарламасы «2014 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРТЫНДЫЛАРЫ.»
№ 1
2016 жылғы «09» ақпан
|
Лауазымы
|
Қолы
|
Аты-жөні
|
Басшы
|
|
Б.Ә. Хамитов
|
Орындаушы
|
|
«09» ақпан_ 2016ж.
|
Достарыңызбен бөлісу: |