Әлем кубогінде қола жүлдегер атанған Әділ Ғалиахметов жарыстан кейінгі ішкі жай-күйімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Германияның Дрезденде қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогінде қола жүлдеге қол жеткізген Әділ Ғалиахметов жарыстың қаншалықты қиын болғанын айтты.

"Шынымды айтсам, ауыр күн болды. Өзімді өзім жеңген күн десем де болады. Іріктеуден негізгі жарысқа өтпеген соң, таңертеңнен бастап жұбаныш кезеңде бақ сынадым. Бұның өзі  моральдық тұрғыда қандай сын екенін спортшылар түсінуі керек. Жүлделі орын өзіңнен тағы екі қадамға алыстап кеткендей болады. Екі есе шаршайсың. Бірақ бәрін бір Аллаға табыстап, бар күшімді салып жүгірген едім — финалға шығып, тіпті жүлделі орынға да жете алдым. Шүкір, өте қуаныштымын.
Әрине, маусымдағы басты мақсатым әлем чемпионатының медалі. Мені қолдаған баршаңызға, жақындарыма,
командамызға рахмет", – деп жазды шорт-трекші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықтың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді. Алтын және күміс жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары Пак Дживон мен Чан Сунву иеленді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.