«Ветеринария саласындаєы нормативтік ќўќыќтыќ кесімдерді бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2003 жылєы 28 сјуірдегі №407 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»



жүктеу 0.51 Mb.
бет2/8
Дата04.03.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары

1. Жалпы ережелер


1. Осы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң)  30-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң тәртiбiн анықтайды.

2. Осы Қағидалардың әрекет етуі қолданылады:

1) жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;

2) жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);

3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға.


2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою тәртiбi


      3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін жануарлардың саулығы мен адамдар денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары жағдайында жүргізіледі.

      4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулыны аурудың бар екенін осы Қағиданаң 1-қосымшасына сәйкеснысан бойынша растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулы қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою бойынша шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі.

5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою туралы қаулыны алған күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.

       6. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Қағидалардың  4 және (немесе) 5-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (басшы болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға) ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің басшысының бұйрығын алғаннан немесе қабылданғаннан бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.

7. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға (бұдан әрі – Алып қою актісі) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.

Алып қою Актiсінiң бiрiншi данасы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.

8. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою актiсiн алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде оның негізiнде , осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес алып қою туралы қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.

9. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты оларды алып қою туралы қаулыда, не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.

10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат белгiленген тәртiппен жойылады.

11. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік заңнамасына сәйкес шешiледi.

12. Жануарлардың қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.

13. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысымен бекітілген, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қою және жою жөнiндегi ветеринариялық іс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстарды тиiстi аумақтағы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың тiкелей бақылауымен жүзеге асырады. 

15. Жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Қағидалардың 5-қосымшасыда белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес уақытта акт жасайды.

16. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледi.

17. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет