«Ветеринария саласындаєы нормативтік ќўќыќтыќ кесімдерді бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2003 жылєы 28 сјуірдегі №407 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»



жүктеу 0.51 Mb.
бет5/8
Дата04.03.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына 6-қосымша


Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы

АКТ

Бізбен: _______________________________________________________________________


______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(тапсыруға қатысқан комиссия мүшелерiнiң тегі аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иесімен

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның аты)

_______________________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын


______________________________________________________________________________

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі


Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабының негiзiнде қайта өңдеуге тапсырылды

______________________________________________________________________________


______________________________________________________________________________
  (қайта өңдеуге тапсырылған жануарлар, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың түрi, саны)

«____» __________ 20__ ж __________________________________________ 

(қайта өңдеу мекемесінің орналасқан орны, аты) көрсетiледi)

     Қолдары

1. _________________________________________________  ___________________
2. _________________________________________________  ___________________
3. _________________________________________________  ___________________ (комиссия мүшелерiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы) (қолы)

M.O.


     Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау объектiсi иесiнiң қолы

      ___________________________________________                    ___________________


          (тегі, аты, әкесінің (аты болған кезде))               (қолы)

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
3-қосымша    
        

Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары


      

1. Жалпы ережелер


      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағдидалар) «Ветеринария туралы»
2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде олардың құнын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.

      2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құны мiндеттi түрде өтеуге жатады.

     

2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қойылатын және жойылатын не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) және қайта өңделетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібі


      3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу және ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, буаздығын және асыл тұқымдық құндылығын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың түрлерін ескере отырып, сараланған орташа айлық нарықтық құн негізінде жүргізіледі:

1) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;

2) бір ауданның (облыстық маңызы бар қала) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның,.

4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, бағаларға мониторинг жүргізуге уәкілетті агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым), мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, жеке кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды адам болып табылады.

     5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде құрылатын арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық бағасының мөлшерлемесі туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мамандандырылған ұйымның және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық статистика органы) деректері негізінде қабылдайды.

Мамандандырылған ұйымның және аумақтық статистика органының арасында деректер айырмашылығы болған жағдайда, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының орташа айлық нарықтық құны орташа айлық нарықтық бағаның төменгі көрсеткіштері бойынша арнайы комиссияның шешімімен қабылданады.

      6. Мамандандырылған ұйымның, аумақтық статистика органының ақпаратын жинау мен талдауды жүзеге асыратын және алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат орташа айлық құнын анықтау үшін оны арнайы комиссияның қарауына ұсынатын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық не аудандық аумақтық бөлімшесі арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құны туралы шешім шығарады:

1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7590 тіркелген) бұйрығымен бекітілген жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жемшөп және жемшөп қоспаларын, ветеринариялық препараттарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiне (бұдан әрі – тізбелер).

Арнайы комиссияның шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады, дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы еркін нысандағы акт жасалады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет