«Ветеринария саласындаєы нормативтік ќўќыќтыќ кесімдерді бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2003 жылєы 28 сјуірдегі №407 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»



жүктеу 0.51 Mb.
бет8/8
Дата04.03.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары


      

1. Жалпы ережелер


      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның бөлімшесі;

2) ветеринариялық бақылау бекетi – уәкiлеттi орган ведомствосының шекара және кеден пункттерi (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері) аумағында орналасқан, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;

3) рұқсат – кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіз болып табылады;

4) тізілімнен үзінді көшірме – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беру туралы уәкілетті органның ведомствосы беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметті қамтитын жазбаша хабарлама;

5) тізілім – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;

6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырғыштардың штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдайтын көлiк құралдары.

3. Осы Қағидалар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.

4. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.

5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган шекаралық және кедендін пункттерде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн (бұдан әрi – ВББ) ұйымдастырады.

ВББ-де мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.

6. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 353-І, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 3 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 34 және бірлескен бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізінімінде 2003 жылғы 17 ақпанда № 2174 тіркелген,) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi

Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi

7. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.

8. Құжаттамалық бақылауға:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;

2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);

3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;

4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысымен бекітілген, тиісті аумақта эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Қағидаларында қаралған форма орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.

9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;

2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.

10. Айқындаулар кезінде зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:

1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;

2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);

3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.

Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.

11. ВББ-нің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi негiзiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырған кезде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) елге кiруге рұқсат;

2) әкелуге тыйым салу;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;

3) әкелудi уақытша тоқтата тұру.

12. Елге кіруге рұқсат туралы шешімді ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге


«әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).

13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу туралы шешім:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;.


      2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;

3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;


      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.

ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.


      Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.

14. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қайтару туралы шешім қабылданады.

ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжатына «қайтару» тоқтату қойылады.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмағай әкелу мүмкін болмаған жағдайда, шекаралық аумақтық бөлімдерінен тыс жерлерде заңнамаға сәйкес кәдеге жаратады немесе жояды.

15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру туралы шешім:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;

2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.

16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған кезде елге кіргізуге рұқсат беріледі.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген кезде әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген кезде кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.

17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.

18. ВББ-нiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортын, импортын, транзитiн есепке алу журналына тиiстi жазбаларды енгiзедi.

19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау (айдап өту) шарттары туралы хабарлайды.

20. Қадағаланбайтын жануарлар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.      

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына қосымша

нысан

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экпорт, импорт, транзит тіркеу жұрналы


№№ р.с

Рәсімдеу күні

Импорттаушы ел, мекеменің атауы, мекен жайы, алушының телефон №

Экспорттаушы ел, өндіруші және оның мекен жайы

Тауардың аты

Саны

Көлік құралының түрі және номірі

орны

Барлық бас



















































Тауар-көлік жөнелтпе құжатының номірі

Ветеринариялық құжаттың берілген күні және №

Кіргізуге және шығаруға рұқсат №

Қолы
























Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
7-қосымша    

Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру қағидалары

      
      1. Осы Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру қағидалары «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi – бекеттер).
       3. Бекеттер, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер өткізiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлiк құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.

       4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.

5. Бекеттер Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудiң осы пунктi үшін белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады.

6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алады.



7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткiзу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет