Ветеринариялық медицина кафедрасы


Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру



жүктеу 1.38 Mb.
бет2/7
Дата21.09.2017
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.


Сиырдың вирустық диареясы /орыс. вирусная диарея крупного рогатого скота, лат. Diarrhea viralis bоvит, ағыл.viral diarhea/ - дененің ыстығы көтеріліп, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығы ойылып, қан аралас іш өтуі, коньюнктивит және ринит арқылы ерекшеленеіін жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректср. Ауру 1946 ж. АҚШ-та анықталып, оның қоздырушы вирусын П.Олафсон ашты. Қазіргі уақытта бұл ауру дүние жүзінің барлық елдеріңде тіркеліп отыр. Қазақстанда алғаш рет К.Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. Алматы облысының Балқаш ауданында анықтады.

ҚоздырушысыВоvіпе virus diarrhea pestivirus, құрамыңда РНҚ бар Тоgаvіridае тұқымдастығының Pestivirus туыстастығына жатады. Шошқа обасының вирусымен ортақ антигені бар. Шошқа обасына қарсы гипериммунды қан сарысуы сиыр диареясының вирусын бейтараптайды. Ауырған малдың организмінде вирус ішек-қарынның кілегейлі қабығында үнемі кездеседі, ал виремия кезінде қанда, сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда болады.

Індеттік ерекшеліктері. Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады. Ірі кара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта аурады, жаңа туған бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалдығады. Торайлар мен көжектерге оны қолдан жұқтыруға болады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Вирус денеден нәжіс, несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогеңдік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы рөлін вируспен ластанған жемшөп, күту саймандары, су, күтуші адамдардың киім-кешегі атқарады.

Дерттенуі. Ас қорыту және тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі қабықтардың эпителиінде көбейіп, қанға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. Бұл кезде дененің ыстығы көтеріледі. Вирусты бейтараптаушы антиденелер пайда болып, олар қанға түскенде виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл арқылы сөл түйіндеріне және басқа да лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғырланады. Сөл түйіндерінде, көк бауырда, Пейер түйіндерінде жас торшалар өліп, көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады /азғындайды/. Өліеттену әсірсе Пейер түйіндерінде едәуір болады. Ауру басталғаннан соң 1-2 апта өткенде қанда антиденелер пайда болып, егер ауру асқынбаса, жануар жазыла бастайды, немесе процесс созылмалы сипатталады.

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-14 күн. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және жасырын өтеді.

Жіті өткенде малдың денесі қызынып /40,5-42,2° С/, күйзеліп, жемшөптен қалады. Танау қуысынын кілегейлі қабығын кан кернеп, кейінірек сора аға бастайды. Ауыздың кілегей қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар пайда болады. Кейіннен ойылып, қызылшақаланып, бетінде сұрғылт түсті бүркеніш пайда болады. Ауыздан қоймалжын сілекей ағады. Қаңсарда, танау тесігінде, қынапта ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін.

Буаз мал іш тастайды, Диарея 4 аптаға дейін созылып, мал шектен тыс арып, өледі.



Жітіден төмен өткенде, дененің ыстығы уақытша көтеріледі /40° С/, мал күйзеліп, әлсіреп, аз қозғалады. Көзге көрінетін кілегейлі қабықтарда іркілген қан кернеуі байқалады, ауыздан сілекей, танаудан сора ағып, жөтел пайда болады, атония байқалады, сауын сиырдың сүті қайтады. Кейде аз уақыт іші өтеді. Ауру жітіден төмен өткенде мал негізінен 3-4 күн өткенде жазылып кетеді, бірақ денесінде ұзақ уақыт вирус сақталады.

Созылмалы өту індеттің қаулауының соңы кезеңінде байқалады. Аурудың белгілері өте баяу, кейде 6 айға дейін өрбиді. Ауырған мал арықтап, үнемі немесе ара-тұра іші өтеді. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары ойылып, беті іріміктенген бүркенішпен жабылады. Мұндай аурудың ақыры әдетте сәтсіз болады. Вирустық диареяның жасырын түрін тек серологиялық зерттеу арқылы анықтайды. Вирустың денесінде ұзақ сақталуына байланысты мұндай жануарлар ауру қоздырушысының аса кауіпті бастауы болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Негізгі патологиялық-анатомиялық өзгерістср ас қорыту жолдарында кездеседі. Қаңсардан бастап ұртында, ауыз қуысында, тілінде, жұтқыншақта, өңешінде, ұлтабарында, аш ішегінің кілегейлі қабықтарында көптеген, әрқайсының диаметрі 1-5 мм, эрозиялар болады. Мұндай ойылымдар кейде алдыңғы қарындарда да кездесуі мүмкін. Әдетте қаңсарға кепкен экссудат қабыршақтары жабысып тұрады. Ауыз қуысында эрозиялар әсіресе таңдай мен тістерінің айналасында көзге түседі. Ұлтабар қабынып, кілегейлі қабығының көптеген тұстары қанталап, айналасында эрозиялар болады. Аш ішекте өліеттену мен ойылым Эрозиялар мен ойылымдар қынаптың, танаудың кілегейлі қабықтарында, тұяқ арасындағы теріде де кездеседі.

Балау. Сиырдың вирустық диареясына балау клиникалық-індеттанулық деректерді, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескере отырып, міндетті түрде зертханалық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.

Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 күн болған малдан, не болмаса әдейі аурудың жіті кезенінде сойып, алады. Ауру малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіні, қанын, ауыздың ойылған кілегейлі қабығының қырындысын алады. Әдейі сойылғаи малдан өкпенің кесіндісін /сау және закымданған ұлпасының аралығынан/, көк бауыр, сөл түйіндері, закымданған кілегейлі қабықтар алынады.



Емі. Негізінен симптоматикалык емдік шаралар қолданылады. Бактериялық инфекциялар қабаттасып, аурудың кетпеуіне, малдың тез арықтамауына баса көңіл аударады. Баска да вирустық пневмоэнтериттермен/парагрипп, ринотрахеит /қабаттасып өткенде реконовалесценттердің қан сарысуын пайдаланады. Малдың күтімін жақсартып, сіңімді жұмсақ азықтар береді. Ауру ауыр өткенде емнің нәтижесі шамалы және тиімсіз болып табылады.

Иммунитет. Аурып жазылған малда бірнеше жылға айтарлықтай берік иммунитет қалыптасады. Бұзау енесінің уызы арқылы антиденелер алады. Вирустық диареяға қарсы тірі және өлтірілген вакциналар ұсынылған. Көптеген елдерде бұл ауруға қарсы басқа да пневоэнтериттер /парагрипп, ринотрахеит, рео- және аденовирус инфекдиялары/, хламидиоздар, лептоспироз, пастереллез т.б. әртүрлі үйлесімде поливалентгі вакциналар қолданады.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін вакцина егу өзінің лайықты орнын алған жоқ. Әзірше негізінен ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралар ауруға қарсы басты тосқауыл болып есептеледі.

Ауру шыға қалғанда, вирустық диареяға шалдыққан малды жедел оқшаулап, індетті одан әрі таратпай және ауру мал арықтамай тұрғанда уактылы сойып алған дұрыс. Індет басылғанша малдардың орын ауыстыруына тиым салынып, қатаң шектеу қояды. Қораны күн сайын мұқият тазалап, дезинфекциялайды.



Бақылау сұрақтары

1. Сиырдың вирустық диарея ауруының тарихи деректері мен қоздырушысын айтып беріңіз. 2. Індеттік деректерімен сипаттап беріңіз. 3. Сиырдың вирустық диарея ауруының дерттенуі қалай өтеді? 3. Клиникалық белгілері мен патолого – анатомиялық өзгерістері қандай? 4. Алдын алу және күресу шараларына не қолданады?


3 тақырып КАМПИЛОБАКТЕРИОЗ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Кампилобактериоз /орыс. Кампилобактериоз, лат. СаmруІоbасtеrіоsіs, ағыл. vibriosis,virio fetus infection of cattie/ - жыныс мүшелері зақымданып, іш тастаумен, қайталап күйлеумен, бедеулікпен, шала жансар төл туумен сипатталатын, негізінен сиыр мен қойдың жұқпалы ауруы.

Тарихи деректер. Алғаш рет кампилобактериоздың қоздырушысын қойда 1909 ж., сиырда 1913 ж. Мак Фрадиан мен Штокман /Англия/ ашты. Смит пен Тейлор /АҚПІ, 1919 ж./ бұл микробты Vibrio fetus деп атады да, ауру вибриоз деген атпен мәлім болды. Қазіргі заманғы микробтардың жүйеленуі бойынша қоздырушысы Spirillaceae тұқымдастығының СатруІоbасter туыстастығына жатады да, ауру вибриоз емес, кампилобактериоз аталады.

Қоздырушысы. Жануарлар патологиясы үшін маңызды микробтың үш түрі C. Fetиs, С. sрutorит және С. Fесalіs деп аталады. Кампилобак-териоздың негізгі қоздырушысы - C. Fеtиs үш түр тармағына бөлінеді: С. Fеtиs subsp. fеtиs -сиырдың кампилобактериозының қоздырушысы, C. Fеtиs subsp. іпtеstіпаs - қойдың кампилобактериозының қоздырушысы, C. Fеtиs subsp .jеjипі - бұзау мен қозыда іш өту арқылы байқалатын және құста болатын кампилобактериоздың қоздырушысы. Ол адамға да жүғады. С. sриtоrитшошқа үшін зардапты. С. fecalis - ішек кампилобактері деп аталады, ол жануарлардың ішегінде болады да, нәжіс арқылы бөлініп шығады.

Кампилобактерлер жіңішке, ирек келген спора түзбейтін жуандығы 0,2-0,8 мкм, ұзындығы 0,5-5 мкм микроб. Иректігі бір немесе бірнеше орам болып, кейде ұзындығы 8 мкм жетеді. Қозғалмалы, бұрғы тәрізді қозғалады. Денесінің бір немесе екі шетінде бір-бірден жіпшесі болады. Жіпшесі клетканың өзінен 2-3 есе ұзын болуы мүмкін. Грам теріс.



Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда кампилобактериозбен сиыр және қой ауырады, сонымен қатар шошка да бейімді. Бұл сүткөректілерде жыныс мүшелері зақымданын, іш тастау және уақытша бедеулік арқылы байқалады. Ауруға тауық та шалдығады, негізгі белгілері: бройлерлер салмақ қосуын азайтады, мекиендердің жүмыртқалауы төмендейді, ал балапандардың өлімі көбейеді.Кампилобактериоз барлық елдерде кездеседі. Жылдың барлық маусымында байқалса да, негізінен қыстама уакытында күзгі-қысқы мезгілде белең алады. Ауру қоздырушысының бастауы ірі карада негізінен бұқалар. Олар ауруға шалдыға қалғанда өте ұзақ уақыт, өмір бойы дерлік, микроб альш жүреді. Қоздырушы үрпінде, күпегінде, оның енінде, шылауында сақталады да, шәуетпен, күпектің сорасымен бөлініп шығады. Сонымен қатар ауырған сиыр және құнажындар да 3-10 ай бойы жыныс мүшелерінен шыққан бөлінділер, сүт және несеп арқылы, іш тастағанда шу және шарана арқылы сыртқы ортаға микроб таратады.Ауру қоздырушысы негізінен жыныстық жолмен шағылысқаңда және қолдан ұрықтандырғанда беріледі.

Дерттенуі. Сиырға ауру жыныстық жолмен жұққанда қоздырушы қынапта жылдам өсіп-өніп, 3-4 күңде жатырға өтеді де, 10-15 күнде жатыр түтігіне, сирек жағдайда 20-30 күңде аналық безге жетеді. Микроб бөлетін токсиндердің әсерінен қынап пен жатырдың кілегейлі қабығы қабынып, ұрықтану әлсірейді, ұрықтанған аналық клетка сақталмайды, немесе өсе бастаған ұрық өліп қалады. Бұл жағдай 3-6 айға созылған уақытша бедеулікке соқтырады.Ауру 3-4 айдай жіті өтіп, содан соң қабыну процесі тежеліп, өше бастайды. Бұнымен қабат иммунитет қалыптаса бастайды да, организм ауру қоздырушысынан арылады.

Өтуі мен симптомдары. Сиырда кампилобактериозға тән тұрақты симптомкомплекс байқалады. Оның басты белгілері: шудың түспеуі, вагинит, эндометрит, слаьпингит және оофорит. Бұлардың әсерінен малдың жыныстық қабілеті төмендеп, қысыр қалуы жиілейді.Аурудың басты көрінісі - іш тастау. Буаз мал кез келген мерзімде іш тастайды, сүйтсе де негізінен 4-7 айлық кезде жиі байқалады. Аборт бастапқы 2 айлық мерзімде де болуы мүмкін, бірақ ол әдетте назардан тыс қалады. Тек қана сиырдың қайтадан күйлеуінен оның іш тастағанын біледі. Әдетте іш тастаған малдың шуы ұзақ түспейді, вагиниттің асқынуы, метриттін белгілері байқалады. Шалажансар, әлжуаз бұзаулар туып, 2-3 күнде ауруға шалдығып, 3-7 күн ішінде өліп қалады.Бұқаларда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмайды. Тек қана күпегі мен қамшысының кілегейлі қабығы қызарып, талаурайды, бастапқы 2-3 күнде суланып біршама сұйық бөлініп түрады.Кейін бұл белгілері де өшіп, бұқалар өмір бойы кампилобактериозды алып жүруші болады.Қойдың кампилобактериозының негізгі белгісі - буаздықтың екінші кезеңінде жаппай іш тастау. Іш тастаудан 3-5 күн бұрын кейбір малдарда бей-жайлық, күйзеліс байқалып, сарпайы ісініп, қызарып, шарана ағып тұрады. Іш тастаған малда метриттің белгілері байқалып, ыстығы 41,2-41,4° С жетіп, қынаптан қара қошқыл сұйық ағады. Ауруға басқа инфекция қабаттасса малдың 3-10 % өледі.Кампилобактериозбен ауырған тауықтың балапандарының 1 айға дейінгілері өлімге /3-15 %/ ұшырайды, бройлердің салмақ қосуы 20-45 %, мекиендердің жұмыртқалауы 15-35 % кемиді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Қой мен сиырда ұқсас келеді. Жатыр домбығып, жатыр мүйіздері қабынады, корункулалар үлкейіп, суланып, төлдің қабығынан жеңіл бөлінеді. Шу ісініп, бетінде сумен тез шайылатын ірімтікті сарғыш қоймалжың сұйық болады. Кейде өліеттенген, қанталаған, кальцийленіп қатайған, бір-біріне жабысқан телімдері болады. Ірінді қоймалжың жалқақ төлдің терісінде де болуы мүмкін.Тастанды төлдің терісі, тері асты шелі, кейбір бұлшық еттері мен ішкі ағзалары қабынады. Тіліп қарағанда тері мен оның шелінің шектен тыс қалындағаны байқалады. Көкірек, құрсақ, жүрек айналасы қуыстарында қаңды сарысу іркіліп, ағзалар мен қуыстарда фибириңді шөгінділер болады. Төлдің ұлтабарының ішіндегісі сұйылып, лайланып, ірімтіктеніп тұрады. Бауырында сұрғылт сары өліеттенген телімдер болады. Кейбір төлдер қатып-семіп қалады.Құстың ішегіңде катарлы қабыну, бауырында өліеттенген телімдер кездеседі.

Балауы клиникалық-індеттанулық деректерді талдауға, зертханалық зерттеулердің нәтижесіне негізделген. Қойдың іш тастауы, сиырдың қайта-қайта күйлеп, қысыр қалуы, төлдін әлжуаз болып тууы кампилокбактериозға күдік тудырады. Диагнозды айқыңдау үшін зертханалық, ең алдымен бактериологиялық тексеру жүргізу керек. Тексеру үшін зертханаға аналық малдан тастанды төлді немесе оның ұлтабарын, бауырын өт қабымен қоса, өкпесін, басын, шуды немесе оның кесіндісін іш тастаудан кейін бір тәуліктен асырмай, жатыр мойнынан аққан бөліндіні іш тастаудан кейінгі 3-4 тәулік ішінде; бұқадан күпегінен бөлінген қоймалжың сұйықты, шәуетін жібереді. Кампилобактериозға жаппай жалпы тексеру үшін сиырда қынап сұйығымен агглютинация реакциясьш /ҚСАР/, ал қойда қан сарысуымен агглютинация реакциясын /АР/ қояды. Сонымен қатар люминисценциялық серологиялық әдіс қолданылады.

Ажыратып балау үшін клиникалық белгілері кампилобактериозға ұқсас бруцеллез бен трихомонозға баса назар аударады. Бруцеллез кезінде өте ерте іш тастау сирек ұшырасады, негізінен құнажындар іш тастайды. Трихомоноз кезінде тек қана ерте іш тастау байқалады да, сиыр ірінді метритке шалдығады. Бұл екі ауру кезінде мал іш тастау салдарынан қысыр қалса, кампилобактериоз кезінде алғаш рет ұрыктандырылған құнажын бедеулікке ұшырайды.Кампилобактериозға күдік тудырған қойдың сальмонеллез бен хламидиялық іш тастауға қандай дәрежеде бейім екендігін тексеру қажет.

Емі. Ауырған бұқаға әрқайсысы 4 күннен, арасында 5-6 күн үзіліс жасап, 2 курс ем жасайды. 1-курста үрпектің ішін антисептикалық ерітіндімен жуып, 50-60 мл балық немесе өсімдік майына әркайсысы 1 млн. ӘБ пенициллин мен стрептомицин қосып жағады. Сонымен қатар бұл антибиотиктерді 1 кг дене массасына 4 000 ӘБ есебінен бұлшық етке тәулігіне 2 рет жібереді. 2-курста бұлшық етке 5 000 ӘБ/кг окситетрациклинді тәулігіне 2 реттен, үрпек ішіне фуразолидонның 5 %-ті эмульсиясын қосу арқылы жібереді.

Иммунитет қойда айқын байқалады. Бір ауырған қой қайтадан өте сирек ауырады. Қойды иммундеу үшін өлтірілген эмульсин вакцина қолданылады. Сиырда иммунитет әлсіз қалыптасады.

Дауалау және күресу шаралары. Асыл тұқымды мал, әсіресе бұқа сатып алғанда тек қана кампилобактериоздан сау шарушылықтан әкелу керек. Карантинге ұстаған кезде 10 күн аралатып, 3 рет бактериологиялық тексеруден өткізеді. Қолдан ұрықтандыру станциясындағы бұқаларды 6 айда бір рет кампилобактериозға тексереді, ал шәуетіне антибиотиктер қосады.

Ауру шыға қалғанда ұрыктандыру станциясын, /малды асылдандыру мекемесін/ шаруашылықты /ферманы, табынды/ кампилобактериоздан сау емес деп жариялап, тиісті шаралар жүргізіледі. Малды әкелуге, әкетуге тиьш салып, төлді оқшаулап ұстайды. Ауру белгісі бар сиыр, құнажын, бұқаларды емдейді. Іш тастаған малды оқшаулайды. Қораны 2 % формальдегид, күйдіргіш натрий ертінділерімен дезинфекциялайды. Көнді биотермиялык әдіспен залалсыздандырады.Қойдың кампилобактериозы кезінде іш тастаған малды оқшаулап, емдейді. Қалғандарын баска жайылымға әкетеді. Бұрынғы жайылымды 2 ай өткен соң ғана пайдалауға болады. Сау емес отарда күйекке қосылатын қошқарлардың бұлшық етіне 4 тәулік бойы күніне 2 реттен, әркайсысы 4 000 ӘБ/кг пенициллин мен стрептомицин жібереді.



Ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемелерін кампилобактериоздан сауықтыру шаралары

Қазакстан Республикасысының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабынын 1 тармағына сәйкес кампилобактернозға диагноз қойылғаннан кейін ауданның, қаланын әкімшілігі бас ветеринариялық инспекторының ұсынуымен ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесін кампилобактериоздан таза емес деп ұйғарып шектеу қоюға шешім қабылдайды және сауықтыру шараларының жоспарын бекітеді.

Кампилобактериоздан таза емес ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесіндегі барлық бұқаларды және жас малдарды нұсқамаға сәйкес вакцинамен егеді.Барлық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.Жануаларды вакцинамен егумен қатар, бұқаларды дәрімен емдейді.Емдеу ұсынылған дәрілер нұсқамасындағы талаптарға сәйкес қолданады.Вакциналау және емдеуден бір айдан кейін барлык бұқалардың
ұрықтары арасына 10 күн салып бактериологиялық жолмен 3 рет тексеріледі.
Қатарынан 3 рет теріс нәтиже алынған жағдайда бұқалар сауықты деп
есептеледі.

Шаруашылықты ірі қара мал кампилобактериозынан сауықтыру шаралары

Ірі қара мал кампилобактериозынан таза емес шаруашылығын сауықтыру, оның алдын алу және емдеу-сауықтыру шаралары кешенді түрде кешені ауданның әкімшілік органында бекітілген жоспар негізінде жүргізіледі.

Аурудың таралуынын алдын алу мақсатында аурудан таза емес табында малдарды қолдан ұрықтандырады. Шаруашылықтағы сиырларды және қашарларды ерікті ұрықтандыруға бұқаларды қосуға болмайды. Бұқаларды оқшаулап кампилобактериозға тексереді және емдейді.

Сауықтыру шараларын жүргізу кезінде келесі шараларға тиым салынады:

баска шаруашылықтан мал әкелуге жөне шаруашылық ішінде мал араластыруға;

кампилобактериоздан таза емес шаруашылықтан асылдандыру үшін және қолдануға жануарлар сатып алуға;

Барлык ірі қара малды сиырлар және қашарлар кампилобактериозға қарсы вацинамен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді. Кампилобактериоздан таза емес ферма аумағында орналасқан бұқалар және малдар вакциналанады.

Фермадағы сиырлар мен қашарлар мал төлдеу бөлімдерінде


қабылдануы тиіс. Шаруашылық субъектісінде кезекте сауықтыру мал төлдеу бөлімдері болуы қажет. Әрбір іш тастаған сиырды оқшаулайлы. мал іш тастаған жырынды тазалайды және дезинфекциялайды. Іш тасталған төлдер ветеринариялық зертханаға бактериологиялық зерттеуге жіберіледі. Жас туған төлдерді сақа малдардан бөлек ұстайды.

Кампилобактериоздан таза емес фермаларда сауықтыру шаралары жүргізілген кезде мал қораларына және аумағына дезинфекция жүргізіледі.

Шаруашылық субъектісін алдын алу және емдеу-сауықтыру
шараларын толығымен орыңдағаннан кейін, 12 ай аралығында зардапты
кампилобактериялар табылмаса жөне аурудың клиникалық белгілері
байқалмаса аурудан таза деп есептейді.Шаруашылық субъектісінде сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылатын бұқалар, шектеуді алардан бұрын қынап сұйығын немесе жыныс бездерінін секреттерін 3 рет бактериологиялық зерттеулер кезінде теріс нәтиже алынғаннан кейін пайдалануға болады.

Кампилобактериоздан таза емес қой шаруашылықтарын сауықтыру шаралары

Барлық іш тастаған, сондай ақ мезгілінен ерте туған қойларды отардан тез арада бөліп және сақман біткенге дейін оқшаулап ұстайды.Түсікте, аана қабықтарын, шуды және ластанған төсенішті, көңді жинайды сонан кейін дезинфекциялық заттармен залалсыздандырып барып жерге көмеді.

Қойлардың қораларын және аумағын дезинфекциялайды. Кампило-бактериоздан таза емес отарлардан асылдандыру және қолдану үшін қой алуға, отарларды шаруашылықтың ветеринариялық қызметінің рұқсатынсыз қайта жасақтауға тиым салынады.Аурудан таза емес отарларда қой кырқу және тоғыту график бойынша, ал сонында қой қоралары, жабдықтар инструменттер және қоранын аумағы дезинфекцияланады.Жайылымдағы қойларды басқа жайылымға ауыстырады, ал аурудан таза емес отарлар бағылған жайылымдарды 2 ай карантиндейді.Іш тастаған саулықтарды антибиотиктермен нүсқамасына сәйкес емдейді. Барлык туатын саулықтарды кампилобактериозға қарсы вакцинамен егеді.Егер шаруашылықта кампилобактериоздан бірнеше отар қой таза емес болса, олардан алынған төлдерден жеке отар дайындап оларды шартты түрде таза деп есептейді.Қойларда соңғы 2 жыл аралығында кампилобактериозға байланысты іш тастау байқалмаса шаруашылық субъектісін кампилобактериоздан таза деп шаруашылықты сауықты деп есептейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Кампилобактериоз ауруын сипаттап беріңіз. 2. Аурудың тарихи және індеттік деректерін айтып беріңіз. 3. Кампилобактериозға тән клиникалық белгілері қандай?

4. Қандай патолого-анатомиялық өзгерістері болады?

5. Кампилобактериозды қандай аурулардан және қандай белгілері арқылы



ажыратады? 5. Емдеу және дауалау шараларын айтып беріңіз.
4 тақырып СИЫРДЫҢ ПАРАГРИПІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Сиырдың парагрипі /орыс. парагрипп крупного рогатого скота, лат. Раragrippus bоvит, ағыл. Раrainfluenza-3/ - негізінен жас малда болатын, ыстығы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет АҚШ-та 1932 ж. Скот пен Тарлей ауруды сипаттады, коздырушы вирусты 1958 ж. Чанок пен серіктестері бөліп алды. 1959 ж. Рейзенгер мен Хедделстон бұл вирустың антигендік кұрамы жағынан адамнын парагрипп-3 вирусымен ұксас екенін анықтады. Ауруды алғашқыда анықтаған зерттеушілер этиологиялық фактор ретінда пастереллаларға айрықша мән берген болатын, кейінгі кезде бұл микроб аурудың негізгі қоздырушысы емес, оның асқынып, өлім көрсеткішінің жоғарылауының себепкері екені айкындалды. Ауру бордақылайтын малды тасымалдаған кезде жиі байқалатын болғандықтан көліктік қызба деп аталды. Кейіннен бұзаулар мен тайыншаларды өндірістік кешендерде өсіріп, бордақылайтын елдердің көбінде бұл аурудың кең тарайтындығы белгілі болды.

Қоздырушысы - Рагаіпflиеnzа 3 Ьоvіпе раrатіхоvіrиs парамиксовирустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын құрамында РНҚ бар вирус. Парамиксовирустар тұқымдастығының адамның паротит пен парагрипп-3, кемірушілердің, маймыл мен құстың парагрипп вирустары мен құстың ньюкасл ауруының қоздырушылармен морфологиялық жағынан айырмашылығы болмағанмен антигендік құрамы бойынша өзгешелігі бар. Антигендік құрамы тұрақты, баска елдерде бөлініп алынған вирус АҚШ-тағы эталондық прототипімен тақылеттес.

Індеттік ерекшеліктері. Әдетте 10 күннен 1 жасқа дейін, сирегірек 1 жастан асқан жас малдар ауырады. Ересек жануарлар ауруға шалдыққан кезде жеңіл ғана ауырып, тез жазылады. Ауруға сонымен қатар қой, ешкі және түйе шалдығады. Қойдын арасыңда ауру кең таралған жағдайда сиырға арналған вакцинамен егу ұсынылады. Парагрипптің вирусының /сиырдың ауруына тән штамы/ буйволдан, жылқыдан, иттен, егеуқұйрықтан бөлінгендігі туралы мәліметтер бар.Аурудың қоздырушысының бастауы - ауырған мал. Әр түрлі жастағы сау ірі қараның арасында вирус алып жүру кең тараған /80-100 %-ке дейін жетеді/. Сондықтан індеттің тұтануына қолайсыз жағдайлар - шоғырландыру, тасымалдау, тұрған қорасының жағымсыз микроклиматы, әсіресе ылғалды суық ауа, зиянды газдар басқа да стресс-факторлар зор әсер етеді.Вирус негізінен аэрогендік жолмен жұғады, алиментарлық және жыныс жолымен де беріледі. Аурудың байқалуына жануарлардың иммунитет ақуалы, әсіресе бұзаулардың енесінен уыз арқылы алған антиденелердің манызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет