Ветеринариялық медицина кафедрасы


Емі негізінен симптоматикалық; емнің химиотерапиялық заттары жоқ. Иммунитет және өзіне тән алдын алу шаралары



жүктеу 1.38 Mb.
бет4/7
Дата21.09.2017
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Емі негізінен симптоматикалық; емнің химиотерапиялық заттары жоқ.

Иммунитет және өзіне тән алдын алу шаралары. Ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасады. Алдын алу үшін тірі аттенуирленген вакцина қолданады. Жылқыларды әрбір жасында вакцинирлейді, тек қана буаздықтың соңғы сатысында вакцинирлемейді.

Күресу және өзіне тән емес алдын алу шаралары. Шаруашылыққа вирусты кіргізіп алмау керек. Ветеринарлық-санитарлық ережелерді ссақтау қажет. Ауру шықса сау емес шаруашылықтан жылқыларды шығаруға және кіргізуге болмайды. Ауру жылқыларды оқшайлайды. Өлекселер мен іш тасталған төлдерді өртейді. Ауру малдар тұрған бөлмелерді хлоры бар ерітінділермен дұрыстап дезинфекциялайды. Іш тастаған биелерді басқа шаруашылықтарға, осы аурудан сауықтанғаннан кейін іш тастауы біткен соң 2 айдан кейін аударуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жылқылардың вирустық артериті ауруының тарихи деректері мен

қоздырушысын айтып беріңіз.

2. Клиникалық белгілері мен патолого – анатомиялық өзгерістері қандай?

3. Қандай аурулардан ажыратады?

4. Алдын алу және күресу шараларына және еміне не қолданады?


7 тақырып ШОШҚАЛАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АТРОФИКАЛЫҚ РИНИТІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жұқпалы атрофикалық ринит /орыс. инфекционный атрофический ринит, лат. Rhinitis atrofica infectiosa, ағыл. Rhinitis atrophica infectiosa suum/– созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі қабығының сірі-іріңді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш 1830 ж. ауруды неміс ғалымы Франк сипаттады. Ұзақ уақыт бойына ол жұқпайды деп есептелінді. Л.Радке 1938 жылы ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде жұқтырып, аурудың жұқпалы екенін дәлелдеді. Бірақ көп уақытқа дейін оның негізгі қоздырушысы анықталынбады. Әртүрлі ғалымдар аурудың негізгі қоздырушысы ретінде микоплазманы, вирусты, пастерелланы, бордетелланы, т.б. қабылдады. Соңғы жылдары көптеген мамандар аурудың негізгі қоздырушысы Bordetella bronchiseptica деген тоқтамға келді. Оған негізгі дәлел микробтың таза өсіндісі арқылы торайларды осы ауруға тән клиникалық белгілері бар дертке шалдықтыруға болатындығы.

Қоздырушысы - Bordetella bronchiseptica - Brucellaceae тұқымдастығының, Bordetella туыстастығына жатады. Көлемі 0,4-0,5 х 1,5-2,5 мкм, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грамтеріс таяқша. Құрамында ыстыққа төзімді О-антигені және ыстыққа төзімсіз К, Н-антигендері бар. Теріні өліеттендіретін экзо - және эңдотоксиндер түзеді, тыныыс жолдарының кілегейлі қабығына жабысып өсуге бейім /адгезивтік/ келеді.

Зертхана жағдайында қоздырушының таза өсіндісін немесе ауру шошқаның танау қуысының кілегейлі қабығының жуындысын 1-15 күңдік торайдың, көжектің, күшіктің, мысықтың танау қуысына жіберіп, оларды ауыртуға болады.



Індеттік ерекшеліктері. Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына қарамай бейім келеді, алайда клиникалық белгілері 1-2 айлық торайларда анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ бұл ауруға қоян, егеуқұйрық, тышқан, теңіз тышқаны сияқты кемірушілер бейім келеді. Аурумен сиректеу ит, қой, құлын ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар оны сыртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа шошқалар көбінесе жасырын түрде ауырып, қоздырушының таралуына себепші болады. Әсіресе бұл тұрғыдан мегежіндер жас торайларға аса қауіпті ауру қоздырушысының басиауы болып есептелінеді.

Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе тұқымдық малмен енеді. Харристің (1968) деректері бойынша аурудан сау емес шаруашылықтарда бордетелла алып жүрушілер 25-50 % болады.

Атрофикалық ринитте індеттік процесс жай өрбіп, 2-4 жыл өткесін ең шырқау шегіне жетеді. Әдетте шаруашылық ауру жөнінен тұрақты сау емес болып есептелінеді. Ауру алғашында жеке мегежіндердің бауырындағы торайлардың арасында байқалады, кейіннен олардың саны көбейеді. Ауру мегежіндер қоздырушыны сыртқы ортаға 2-3 торайлағанша бөліп шығарады.

Індеттің шығуына және таралуына шошқаларды жемдеу, күтім жағдайының талапқа сай болмауы әсерін тигізеді. Әсіресе жемнің құрамында минералды заттар, витаминдердің жеткіліксіздігі, қораның ішіндегі ылғалдылықтың өте жоғары ( 90-100% ) болуы, серуеннің жоқтығының нәтижесінде торайлар арасындағы ауруға шалдығу 50-80 % - ке жетеді.

Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тәулік. Ауру негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің беттік бөлігіндегі деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгілері өзіне тән болмайды.

Әдетте торайлар ауруға туғаннан кейінгі алғашқы күңдері шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін торайлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты зақымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі-ірііңді болып, көзінен жас ағып, төменгі қабағы ісіп, көздің ішкі бұрышында қара дақтар пайда болады. Бұл кезенде мегежіндер мен торайлардың жем-күтімі нашар болса торайлардың басым көпшілігінде /10-90 %/ өкпе, бронханың қабынуы және іші өту белгілері байқалады. Нәтижесінде торайлардың бір бөлігі өліп, қалғандары титықтап өспей қалады.

Кейбір торайларда танаудың кілегейлі қабығы жіті қабынғаннан кейін /2-3 аптадан аспайды / ауру жасырын түрге ауысады. Ондайда аурудың негізгі белгісі - кеңсіріктің семуі байқалмайды, байқалған күнде де анық білінбей тек кейбір торайларда жақтардың беттесуі қалыптағыдай болмайды. Басқа торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кеңсірігінің және бас сүйектің беттік бөлігінің семуі анық байқала бастайды, соның .салдарынан күрек тістердің бір-біріне беттеспеуі 1-2 айлық торайларда 0,5-1 см болса, ал 3-6 айлық торайларда ол 1-3 см жетеді. Ауру торайлардың көпшілігінің қаңсарының арт жағының терісі қыртыстанып, жиырылып, төменгі ерні жоғары айқайып, малдың жем жеуін қиындатады.Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей зақымданғанда торайдың тұмсығы жоғары қайқайып /мопсовидность/, кежірейеді, ал бір жағы зақымданған торайдың жоғарғы жақ сүйегі бір жағына /не оң, не солға/ қарай қисаяды. Мұндай өзгерістер ауру торайлардың 3-4 айлығында тең жарымыңда кездесуі мүмкін.Егерде қабыну процесі торлы сүйек пен ми қабыктарын қамтыған жағдайда, торайларда Ауески ауруына ұқсас жүйке жүйесінің закымдану белгілері білінеді. Торайлардың дағдылы, жүріс қимылы бұзылып, аяқтары жартылай салданып, не сал болады. Кейбір торайларда өкпенің, ішкі және ортаңғы құлақтың қабынуы байқалады. Құлағы қабынған торайдың басы сол ауырған жағына қисайып, құлағы салбырап кетеді. Ыссы кезінде торайлардың танауынан қан кетеді. Ауру торайлар 4_5 айлығында өсу жағынан сау торайлардан көп кейін қалыл, бірден көзге түседі. Ауру торайлардың қанында лейкопения болып, ядро слоға ауысады, гипохромды қан аздық байқалып, кальций мен фосфордың мөлшері төмеңдейді, арақатынасы бұзылады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойғанда міндетті түрде бас сүйегінің беттік бөлігін ұзынынан және көлденеңінен кесіп, тексеру керек. Аурудың бастапқы кезеңінде танау қуысыңда қою шырыш жиналып,оның кілегей қабығына қан толады. Аурудың соңғы кезендерінде, әсіресе аурудың жасырын не анық білінбейтін түрінде әр түрлі дәрежедегі танау кеңсірігінің семуі анықталып, кейде жоғарғы жақ сүйектің қысқарғаны байқалады. Аурудың ауыр түрінде танау кеңсірігі толық семіп, кеңсірік қуыстары бір-бірімен қосьілып кетеді. Сүйек ұлпасы ыдырап, жоғарғы жақтың қуыстары бір-бірімен және азу тістердің қуыстарымен қосылып, Малдың тістері босап түсіп қалады. Кеңсірік шеміршегі қисайып, өзгереді. Танау қуысында иісі жағымсыз бөлінділер жиналып, кілегей қабық өліеттеніп, сыдырылып, астынан сүйегі көрінеді. Кей малдарда ортаңғы құлақтың сүйектері ыдырап, ірің жиналады.

Ауру шошқалардың басым көпшілігінде өкпенің, ішек-қарынның қабынуы, мида іркілімдер кездеседі. Маңындағы сөл бездеріне іріңдіктер, ішкі ағзаларда лимфоидты-ретикулярлы торшалардың көбейгендігі /жиынтықтары/, дегенеративті-өліеттенулік өзгерістер кездеседі.



Балау. Аурудың өзіне тэн клиникалық белгілері болған жағдайда балау қою қиынға түспейді. Соңдықтан ауруды балағанда індеттанулык дерекгер, клиникалық белгілер және өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты өзгерістер ескеріледі.

Ауру табында жаңа басталған кезенде балау қою белгілі шындыктар туғызады. Ондайда барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, ауруға күмәнді 3-4 мал басын сойып, тексеріп қарайды. Ауруды анықтау мақсатында рентген және риноскопияны пайдаланып, танау сорасын ауру қоздырушысына тексереді. Сондай-ақ аурудың танау кілегейлі қабығының қабынуы, жақ тістерінің беттеспеуі сияқты белгілеріне көңіл аударады. Бір ескеретін жәйт, кейбір шошқа тұкымдарында /әсіресе қысқа тұмсықтыларда/ жоғарғы танау терісінің қатпарлануы, жақ сүйектерінің дұрыс беттеспеуі олардың өзіндік тұқымдық ерекшеліктері болып есептелінеді. Серологиялық реакциялар ауруды балауда кең қолдану таппады.



Ажыратып балау. Атрофиялық ринитті тұмаудан, өліеттенулік танау қабынуынан, энзоотиялық өкпе қабынуынан ажыратады. Тұмау жылдам таралып, жіті түрде өтеді.

Өліеттенулік танау қабынуында танаудың жұмсақ ұлпалары, шеміршегі, сүйегі ыдырап, ойық жаралар кездеседі.

Энзоотиялық өкпе қабыну жөтелмен, дене қызынуымен сипатталып, жай таралып, көп шығын болмайды.

Емі. Емдеу ауру жаңа басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақсатта антибиотиктерді, сульфаниламидьерді, Д витаминін пайдаланады.Танау қуысына йодтың 1/500, Люголь, ашудастың, фурацилин, АСД, 3% сутегінің қос тотығының, риванолдың 1/1000, т.б. ерітінділерін жіберіп емдейді.Ауру жаңа білінген малдарды емдеп, кеңсіріктің семуін болдырмауға болады.Бірақ жазылған шошқалар көп уақытқа дейін бордетелла алып жүрушілер болатындықтан, оларды тұқымға қалдыруға болмайды, семіртіп етке өткізеді.

Иммунитет. Ауырып жазылған сақа шошқалар қайталап ауырмайды, және олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады.Жапонияда, АҚШ-та өзіндік дауалау үшін тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады.Вакцинамен мегежіндерді торайлауға 8-9 және 4-5 апта қалғанда екі қайта егеді.Олардан туған торайларды 3-4 және 5-6 апталығында тағы да екі реттен вакциналайды.

Дауалау және күресу шаралары. Ауруды дауалауда шошқалардың күтімін, жемін дұрыс ұйымдастырып, ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау қажет. Жаңа келген малдарды мұқият клиникалық тексеруден өткізіп, карантинде ұстап, ал буаз мегежіндерді қосымша торайлағаннан кейін екі айға дейін оқшау ұстайды.

Г.Яновский жаңадан әкелінген малды биосынама қойып тексеруді ұсынады.Ол үшін әкелінген шошқаның танауынан 20 мл физиологиялық ерітінді жіберіп, жуынды алып, оны таза 10 күндік екі торайдың танау қуысына 4 күн қатарынан 0,5 мл тамызады. Оларды оқшау ұстап, 6-8 аптадан кейін өлтіріп, танау қуысын тіліп тексереді.

Торайлар мен мегежіндерге қысқы күңдері жемге тұз, бор, ағаш көмірі, балық майы, трикальций фосфат, йодты калийді косып беру керек.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық атрофиялық риниттен сау емес деп есептелініп, шектеу енгізіледі.

Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, үш топқа бөледі:

1. Аурудың анық клиникалық белгілері бар шошқалар, оларды оқшаулап, семіртіп етке өткізеді.

2. шарты сау шошқалар, яғни ауру шыққан топтағы басқа шошқалар. Бұларды әр 5-6 күн сайын клиникалық тексеруден өткізіп отырады, ауруларын оқшаулап, семіртіп етке өткізеді. Мегеженнің бауырындағы торайлардың біркуі ауырған күннің өзінде қалғандарын енесімен бірге оқшаулап, семіртіп, етке өткізу керек.

3. Ауру байқалмаған сау топтағы шошқалар.Оларды аурудан сақтандырудың шаралары жүргізіледі.Ол үшін мегежіндерге торай-лағаннан күннен бастап жемге қосып (премикс ретінде) антибиотиктер береді.Бір басқа шаққанда 10-15 күн бойына, әр күн сайын биовит-40 – 12-20 г, биомицин немесе террамицин 0,5-1 г.

Торайларға 10-15 күңдгінен бастап тірі салмағының әр кг шаққанда биовитинді 0,08-0,1 г күніне 2 рет, 3-4 күн қатарынан береді.Сондай-ақ торайлардың бұлшық етіне А, Д витаминдерінің майдағы ерітінділерін салмағының әр кг шаққанда 100 ӘБ егеді.

Егер ауру табындағы малдың 50% тен артығын қамтыған жағдайда мал басын өсіруді тоқтатып, барлығын семіртіп, етке өткізеді.Тұқымдық мақсатқа сақа мегежіндерді қалдырады.Шаруашылықты толықтыру үшін торайларды сатылап, оқшаулап өсіру жүйесі пайдаланылады, мегежіндерді алынған торайлардың сапасына қарай тексеріп отырады.

Шошқа қораларды жүйелі түрде жаңа сөндірілген әктің 20 % судағы тұнбасымен, 2 % күйдіргіш натриймен зарарсыздандырады.

Шаруашылықтан шектеуді табындағы малдан ауру мал бөліну тоқтағаннан кейін және негізгі мегежіндерден екі соңғы туғанында алынған торайлар атрофиялық ринитпен ауырмаған жағдайда бір жыл өткеннен кейін алады. Шаруашылықты аурудан ада деместен бұрын, нұсқауға сәйкес шаралардың толық кешені орындалуы керек.



Бақылау сұрақтары:

1.Аурудың себебін, таралу жолдарын айтыңыз. 2. Тарихи деректері мен індеттік ерекшеліктірін сипаттап беріңіз. 3.Аурудың емдеу шараларында не қолданады.



4. Аурудың алдын алу шаралары.
8 тақырып ШОШҚАЛАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ – РЕСПИРАТОРЛЫҚ СИНДРОМЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромы – /орыс. синее ухо, ағыл. Porcine reproductive and respirstoro sundrjme;/ шошқалардың індеттік кеш іш тастауы. Шошқалардың торайлары өлуімен және өмір суруге қабілеті жоқ торайларды туумен сипатталатын және тыныс алу жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауру XX ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында Америка құрама штаттарының шошқа шаруашылығы дамыған Айова және Миннесота штаттарында кездесті. 1990 жылы ғана голландық ғалымдардың зерттеуімен қоздырушысы вирус екені анықталды.

Қоздырушысы. Arterivirus suisбұл ұсақ (28,4 нм),шар тәрізді құрамында РНҚ бар вирус. Ол вирустың екі генотипі бар американдық және еуропалық. Вирусқа барлық қоздырушыларды өлтіретін дезинфектанттар әсер етеді.

Індеттік ерекшеліктері. Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромының қоздырушысына барлық жастағы шошқалар биімді келеді. Бірақ репродиктивті қызметінің бұзылуы тек ғана аналық шошқаларда байқалады. Ал респираторлық барлық жастағы топтарды қамтиды. Инфекция қоздырушысының бастауы – ауру және ауырып жазылған шошқалар. Олар вирусты мұрын қуысынан аққан сорасы, нәжісі, несебі, шәуеті арқылы сыртқы ортаға бөліп шығарады.

Патогенезі. Асқазан және жыныс жолдарының кілегей қабықтары арқылы организмге енген вирустар инфекция қақбасының маңайында көбейеді. 7 күннен кейін альвеолярлы макрофактардың 40% жояды. Торша қорғанысының компонентерідегі вирустардың көбеюі уақытша жергілікті резистентілігін төмендетеді.

Өтуі мен симптомдары. Әр түрлі жастағы жануарлардың экубациондық кезеңі 4-7 күннен 35 күнге дейін созылады. Жіті инфекцияның үш фазасын айырады: алғашқы фаза, клиникалық белгілері айқын көрінетін фаза және соңғы. Аурудың клиникалық белгілері жасырын түрінде кездеседі. Алғашқы белгілері сау шаруашылықта шошқалардың тек ғана дем алу органдарының немесе репродуктивті органдарын ғана зақымдайды.респиратор синдром мегежіндерде, торайларда және бордақылауда тұрған шошқаларда байқалады. Кейін басқа жастағы шошқаларға жұғады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Торайларды сыртынан қарағанда өсуінің баяулағанын көруге болады. Тамырларын қарағанда әртүрлі геморрагиялық өзгерістерді және ісіктерді көре аламыз. Шошқа көкшіл тартып көгереді. Тораулардың көздерінің тұсы көкшіл немесе қызыл түсті болады. Ал мегіжіндер де жатырларында патологиялық өзгерістер байқалады. Аурудың созылмалы түрінде сүт бездерінде абцесстер байқалады.

Балау. Балау және ажыратып балауды клиникалық белгілерін, індеттік ерекшеліктерін патолого анатомиялық өзгерістерін және лабораторлық зерттеулерді ескере отырып, кешенді түрде жүргізеді. Лабораторлық зерттеулерге қан сынамасын, өкпе, кеуде және құрсақ қуысының эксудатын жібереді.

Ажыратып балау. Ажыратады: бруцеллезден, лептоспирозден, хломидиоздар, Ауески ауруынан, лестириоздан, туляремия ауруларынан ажыратады.

Емі. Арнайы емдеулер жоқ. Өлімді тоқтату үшін электролиттер және глюкоза, уыз ішкізеді. Ауру торайларды ауырып жазылып кеткен шошқалардың жанына қояды. Қоздырушысын әр түрлі антибиотиктерменде емдеуге болады. ШРРС – ны қоздыратын басқада аурулардан мысалы: Ауески, лептоспироз, сальмонеллез сияқты аурулардан вакцинация жасайды.

Дауалау және күресу шаралары. Шошқаларды сыртқа шығару және сыртқа апару рұқсат етілмейді. Шаруашылық ішінде ауырған шошқаларды союға етке тапсыруға болмайды. Етін шикі күйінде емес өндірілген күйінде құртуға болады. Санитарлық ветеринарлық шаралар ШРРС қоздырушысын зарарсыздандырады. Нәжіс қалдықтарын биотермиялық жолмен зарарсыздандырады. Шошқалар тұратын орындарды 3% натрийгидроксид ерітіндісімен, 5% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Энергиясы көп витаминдерге бай сапалы азықтармен шошқаларды азықтандырады. 18 апталық торайларға ШРРС-ға қарсы вакцинация жасайды. Бірінші рет 2-3 айлығында, екінші рет – 5-7 айлығында, үшінші рет – 2-3 апта қалғанда.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауруды мінездеп беріңіз. 2 Тарихи деректері қандай?

3 Қоздырушысына сипаттама беріңіз. 4 Клиникалық белгілерін сипаттап беріңіз

5 Патологиялық өзгерістері қалай көрінеді? 6 Аурудың алдын алу шараларын айтыңыз.


9 тақырып ҚОЙ МЕН ЕШКІЛЕРДІҢ ЖҰҚПАЛЫ АГАЛАКТИЯСЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы /орыс. инфекционная агалактия овец и коз, лат. Agalactia infectiosa ovium et caprarum, ағыл. Contagious agalactia/ - малдың желіні, буындары және көздері закымданып, сүті қайтуымен ерекшеленетін аса жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Италияда Метакс 1816 ж. ашты. Содан кейін Орталық Европа мен басқа аймактарда да белгілі бола бастады. Зерттеушілер оның қоздырушысының бактериологиялық сүзгіден өтетіндігін анықтап, бұл микроб вирустарға жатады деп болжам жасады. 1923 ж. Бридре мен Донатием микроб өсінін таза күйінде бөліп алған соң, оның сиыр перипневмониясының қоздырушысына ұқсас екендігі, яғни микоплазмаларға жататындығы анықталды.

Қоздырушысы Mycoplazma agalactiae полиморфты 25-175 мкм, Романовский-Гимза әдісімен боялатын, жартылай ауасыбағалы, арнайы Эдвард қоректік ортасында,

Мартен және қан сарысуы агарында жақсы өсетін микроб. Сорпада 3-5 күн өткенде орта аздап лайланады. Тығыз орталарда 2-5 күнде өзгеше дөңгелек, орталық тұсы агарға сіңіп өсетін өсін пайда болады. Алғашқы өсін алу қиынға түсетіндіктен бастапқыда тауық эмбрионында өсіру жақсы нәтиже береді.Зертханалық жануарлардан тек үй қояны ғана сезімтал.



Індеттік ерекшеліктері. Жұқпалы аглактиямен қой мен ешкі жынысына, жасына және тұқымына қарамай ауырады. Бәрінен лактациядағы жануарлар және бір айға дейінгі төл өте сезімтал. Қолдан жұқтырғанда қой мен ешкі ғана ауырады. Қойға қарағанда ешкінің ауруға бейімділігі жоғары.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған жануарлар. Қоздырушы сырткы ортаға сүтпен, нәжіспен, несеппен, шаранамен, көзден және қынаптан аққан сорамен бөлінеді. Ауырып жазылған мал 7 айға дейін қоздырушыны нәжіспен және несеппен бөліп шығаруы мүмкін. Аурудың берілуіне топырақ, көң, малды қарайтын адамдардың киімі сиякты жұқтыру факторларының да тигізетін әсері едәуір. Жұғу жолдары: алиментарлық және емшек үрпі мен желіңдегі жарақаттар мен сызаттар. Қозы мен лаққа аурудың жатыр ішіңде тумай тұрып жұғуы туарлы да деректер бар.



Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі қолдан жұқтырғанда 2-6 күн, табиғи жағдайда 10 күннен 2 айға дейін созылады. Агалактия жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты аурудың маститтік, буындағы, көздегі, жұлындағы және аралас түрлері болады.

Жіті өтуі лактациядағы малда, қозы мен лақта байқалады. Лактациядағы қой мен ешкіде негізінен желіні, сирегірек буындары мен көздері зақымданады. Токтыларда, серкештер мен шыбыштарда, текелер мен қошқарларда аурудың басты белгісі бір көзі мен буындарының зақымдануы. Алғашында ауырған мал күйзеліп, жемшөпке самарқау тартып, денесінің ыстығы оқтын-оқтын көтеріледі. Содан барып лактациядағы малда қатарлы немесе паренхималык мастит байқалады.

Жітіден төмен өткенде денесінің ыстығы көтеріліп, мал күйзеледі, желіні, буындары мен көздері зақымданады. Кейбір жануарларда тек қана желінсау байқалады да, сүті кайтып кетеді. Ауру асқынғанда іріңді мастит болып, гангреналық процеске ұласады.

Ауру созылмалы өткенде негізгі белгілері жітіден төмен өткендегідей, бірақ оншама айқын білінбейді.



Желіндегі түрі кезіңде көбінде желіннің бір бөлігі, ал кейде екі бөлігі де қабынады. Желін үлғайып, ып-ыстық болып, ауырсынады. Желіннің үстіндегі сөл түйіндері ұлғаяды. Сүт қоюланып, дәмі ащы тұз татиды, кейіннен су сыяқты сұйылады, реакциясы сілтілік түрге ауысады. Кейіннен сүттің орнына ішінде ірімігі бар сұйық, одан соң мөлдір су бөлінеді. Желін кішірейіп, беріштеніп қатаяды да, сүттің шығуы мүлдем тоқтайды. Емшектерінде қатты түйіндер пайда болып, өліеттенеді де, одан қоймалжың сұйық пен ірің ағады. Буаз мал іш тастайды.

Буындағы түрі кезінде негізгі клиникалық белгілер - малдың аяғы ақсап, жүргенде ауырсынады. Кейіннен буыңдары ісініп, ұстағанда қолға ыстығы білініп, ауырсынады. Көздегі түрі кезінде қабақтары домбығып, қан кернейді, көзден жас ағып, коньюнктивит байқалады. Жануар жарыққа қарай алмай қарашығы бұлыңғыр тартып, көз көрмей қалады. Бұл кезде дененің ыстығы көтеріліп, буындары аздан ісініп, ауырсынады, сүті қайта бастайды.



Жұлындағы түрі кезінде ауруға шалдыққан мал тез шаршайды. Жиі-жиі жатып қалып, орнынан ықылассыз тұрады. Жануар аяғын байқап басып, сақтықпен қозғалады. Жүргенде теңселіп, әлсіздігі сезіліп тұрады. Аяқтары, әсіресе артқы аяқтары, қозғалғанда былк-сылқ етеді. Уакыт өте салдану басталады да, жануар жүріп-тұра алмай қалады. Аурудьщ аралас түрі жиі байқалады. Желіннің және көздің зақымдануы, желіннің және буынның закымдануы, осындай аурудың әртүрлі кабаттасып өтуі байқалып тұрады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлген мал әдетте әбден арықтаған. Терінің асты мен етінде іріңдеген абсцессалар болуы мүмкін. Жеке мүшелердегі өзгерістер аурудың түріне байланысты болады.

Көздегі түрі кезінде көздің мүйіз қабығы ақшыл тартып, сұрланады. Мүйізді қабықтың сұралануы бір жерде шоғырланады немесе әр жерде шашыранды болуы мүмкін, немесе қан тамырларын қан кеулеуіне байланысты мүйізді қабық қызғылт коңыр реңге енеді, сонымн қатар ноғала тәрізді қабыршақ пайда болуы мүмкін. Ондай қабыршақ оңай сыдырылып орынында шеті жырымдалған ақшылтым ойылым болады. Кейде мүйізді қабық тесіліп көз ағып кетеді.

Желін зақымданғанда сүт цистерналары кеңіп, сұрғылт - сұр, ұйыған, іріміктелген қоймалжың массаға толы бөлтек-бөлтек қуысқа айналады. Зақымданған бөліктің паренхимасы азғьндап, тығызданып, арасында ұсақ бұдырмақтар немесе едәуір ошақтар пайда болады. Бұл бұдырмақтар мен ошақтарды жарып, қысса, іріміктелген қою бөлінді шығады.

Аурудың жұлындағы түрінде мишықтың, жұлынның қабын қан кернейді. Кейде жұлынның сұрғылт заты сұйылып, жұлынның ішіңдегі сұйық лайланады. Жұлыннан тараған жүйке желісі ісінеді. Омыртқалардың біріккен жерлеріңде абсцессалар ұшырасады.

Көк бауыр агалактия кезінде әдетте ұлғаймайды, бірақ тіліп қарағанда түйіршікті дәнекер ұлпа /грануляцил/ байқалады. Көкбауырдың паренхимасында сұрғьлт-қоңырқай түсті үлкеңдігі тарыдай бұлдырмақтар жиі ұшырасады. Олар паренхимадан оңай ажырайды.

Жүрек пен бауыр болжыраңқы, әр жерлерінде гистиоцитарлық инфильтрат кездеседі. Бүйректердің үсті бұжырланып, ұлпасы тығызданып, қатаяды. Кейде бетінде ақшыл-сұрғылт дақтар ұшырасады да, ол жердегі бүйректің сыртқы қабы ішкі паренхимасына қарай тартылады. Тіліп қарағанда дақтардың формасы үшкіл сына тәрізді болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет