Ветеринариялық медицина кафедрасы



жүктеу 1.38 Mb.
бет5/7
Дата21.09.2017
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Балау. Жұқпалы агалактияға диагноз қою, оның басқа ауруларға ұқсастығы көп болғадықтан бірталай киыншылықтар тудырады. Сондықтан аурудың біліну ерекшелтктерін жан-жақты мұқият талдау қажет. Індеттік жағдайды, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерісерді ескере отырып, қажеттілігіне қарай бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Бактериологиялық зерттеу үшін малдың қанын, сүтін, буыньнан синовиальдік сұйықты, ал өлекседен сөл түйіндерін, жұлын сұйығын, үлпершек ағзаларды және миын алады, онымен қатар зертханаға тастаңды төлді жөнелтеді. Серологиялық диагноз үшін диффузды преципитация және комплемент байланыстыру реакциялары ұсынылған. Кейбір ерекше жағдайларда лақтар мен үй қоянына жұқтырып биосынама қояды. Үй қоянына материалды көзінің алдыңғы қалтасына жібереді.



Ажыратып балау. Агалактияны жұқпалы маститтен, бруцеллезден, қатерлі қатарлы қызбадан, телязиоздан, тілме септицемиясынан ажырату қажет. Бруцеллез тиісті серологиялық және аллергиялық әдістер арқылы айқындалады. Телязиоз кезіде коньюнктива қуысында телязиялар табылады. Жұқпалы мастит кезінде дененің ыстығы жоғары болып, тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілейді, құрсақтың кіндік тұсы домбығып, ауру жылдың кез келген маусымьнда байқалады. Қатерлі қатарлы қызба кезіңде коньюнктиваны өте шұғыл қан кернейді, көздің мүйізді қабығы тез бұлдыр тартады. Сонымен қатар ауыз бен танаудың кілегейлі қабықтары домбығады, ал мұндай құбылыстар агалактиямен ауырған малда байқалмайды. Тілме септицемиясы кезіңде өкпе мен буындардың зақымдануы жас қозыларда ғана болады. Барлық жағдайда түпкілікті балау бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне негізделеді.

Емі. Агалактияның өзіне тән емі жок. Емдеу үшін бірқатар дәрі-дәрмектер үсынылған. Новарсенолды 0,01 г/кг дозада 5 % ертінді ретінде көк тамырға жіберу арқылы қолданады. Егер оған қоса 10 % уротропин еріндісін күніне 3 рет 4-5 сағ. аралатып 4 мл дозада бір апта бойы жіберіп отырса, емнің нәтижесі едәуір артады. Бұнымен қоса жүректің қызметін жақсартатын дәрілерді қолданған жөн. Йод пен йодты калийдің судағы ертіндісінің емдік қасиеті айтарлықтай. Антибиотиктерден дибиомицин мен тетрациклин қолданылады. Көз зақымданғанда емдеу үшін бор қышқылы мен альбуцид қолданылады. Мастит байқалғанда пенициллин, стрептомицин пайдаланылады. Ісіген буынның жанындағы терінің астына 1 мл Люголь ертіндісін немесе тотығынның 1 % ертіндісін ересек малға 2-3 мл, төлге 1-1,5 мл жібереді. Емі. Көздері ауырған малдарды қараңғылау жерде ұстайды да көздерін 1 проценттік бор қышқылының су ерітіндісімен жуады, немесе альбуцидпен күніне 3 рет.

Желіндерін емдеу үшін йодты калийдің және йодтың су ерітіндісін қараңғылау жерде ұстайды да көздерін 1 проценттік бор қышқылының су ерітіндісімен жуады күніне 3 рет.

Желіндерін емдеу үшін йодты калийдің және йодтың су ерітіндісін (йодты калийді 0,2 г, кристалды йодты 0,1г, суды 200мл) желінге жібереді күніне үш рет.

Буындары қабынғанда 1 проценттік тотыяйынның ерітіндісін тері астына ауырған буыннан төменірек жібереді 10г ұнтақты 1 литр дистилляциалық суға. Ол ерітіндіні 2- 3 рет стерильді мақтадан жасалған фильтрден өткізеді. Мөлшері әр буынға 2-3 мл үлкен малға, қозыларға 1- 1,5 мл. Келесі 2 күннен кейін мөлшерін азайтып жібереді -1,5мл үлкендерге, 0,8-1,0 қозыларға 4-5 рет 2 күн аралатып. Осылармен бірге пенициллин немесе новарсенолды уротропин мен бірге қолданады.

2. Еметін қозылар мен лақтарды оқшаулап сау малдардың сүтімен қоректендіреді. қолайсыз отардағы басқа малдарды жаңа жайылымдарға жаяды, жаңа суаттардан суарады да ветеринариялық бақылауға алады да 5-10 кџн сайын клиникалық тексеруден өткізеді.

3. Ауырған мал тұрған қораны, ауланы мұқият механикалық жолмен тазалап 2 проценттік күйдіргіш натрий, калий ерітіндісімен, 20 проценттік жаңа күйдірілген әк пен 2 проценттік лизол ерітіндісімен залалсыздандырады, дезинфекциялайды. Сауыншылардың қолын залалсыздандыру үшін 2 проценттік екі углеводты қышқылды соданы қолданады.

4.Лажсыз сойылған ауру малдардың етін бактериологиялық тексеруден өткізгеннен кейін ғана қолданады Ауылшаруашылығы Министрлігінің 351 бұйрығына сәйкес.

5. Терілерді күнге кептіреді де тоқтаусыз қолданады.

6. Жайлауға, қыстаққа баратын малдарды айдау жол бағытын облыстық ветеринария бөлімі мен келіседі, ветеринария Департаментінің АШМ рұқсатын алғаннан кейін.

7. Ауру және жазылған қошқарларды табиғи немесе қолдан ұрықтандыруға жіберілмейді. Жазылған саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады.

8. Қолайсыз отардан тұқымға және қолдануға мал берілмейді. Сегіз айдан кейін ауырған мал болмаса, сонда ғана беруге болады.

9. Шектеуді соњғы ауру малды жойғаннан кейін 60 күннен кейін алады. Малдарды басқа шаруашылық субъектілерге тұқымға және басқа мақсатпен алуға 8 айдан кейін ғана болады егер сол мерзімде ауру байқалмаса



Иммунитет. Ауырып жазылған қой қайтадан ауырмайды, ал ешкіде ондай иммунитет болмайды. Әзірбайжанда М.Фарзалиев дайындаған алюминий гидрототықты формолвакцина егілген малды түгелдей аурудан сақтамайды, тек шалдығу көрсеткішін төмендетеді. Румынияда даярланған тірі вакцинаның иммунитеті біршама жоғары. Бұл препарат Монғолияда пайдаланылып, тәуір нәтиже берді.

Дауалау және күресу шаралары. Агалактияньң алдын алу үшін жалпы ұйымдастыру және ветеринариялық шараларды жүзеге асыру қажет. Шаруашылыққа шеттен әкелінген қой және ешкі атаулыны түгел сақтық карантинде ұстап мұқият клиникалық тексеруден өткізеді. Малдану үшін сау емес шаруашылықтан мал әкелуге болмайды. Жайылымда, суатта алысқа айдағанда әртүрлі отардағы жануарлардың араласуына жол беруге болмайды.

Жұқпалы агалактия байқалғанда сол ферманы немесе отарды аурудан сау емес деп жариялап, шектеу қояды. Барлық ауру және ауруға күдікті малды түгел бөліп альп, бөлек ұстайды. Іш тастаған саулықтар мен ешкілерді де оқшаулайды. Егер ауруға шыққан мал аса құнды болмаса, сояды. Ауырған мал тұрған қораны, ауланы мұқият механикалық жолмен тазалап, 20 % жаңадан сөндірілген әкпен немесе 2 % күйдіргіш натрий ертіндісімен, 2 %-ті лизолмен дезинфекциялайды.

Ластанған төсенішті, жемшөпті, көңді, тастанды төлді, шуын өртейді. Ауырып жазылған.

Жұқпалы агалактия байқалғанда сол ферманы немесе отарды аурудан сау емес деп жариялап шектеу қойылады. Қой мен ешкілердің дереу мастит болуына, іш тастауына, буындар мен көздерінің ауырмауына назар аударған жөн. Іш тастаған малдарды қауіпті отардағы оқшаулайды. Іш тастанды төлді, шуды, көңді, ластанған төсенішті өртейді, іш тастаған жерді залалсыздандырады. Ауру және ауру деп күдіктенген малдарды оқшаулап емдейді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ауруға қысқаша анықтама беріңіз.

  2. Аурудың клиникалық белгілері.

  3. Алдын алу шаралары.

  4. Балау және ажыратып балау әдістері қандай?

  5. Иммунитетіне сипаттама беріңіз.


10 тақырып ҚОЙЛАРДЫҢ СКРЕПИ АУРУЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Скрепи /орыс. почесуха, лат. Chesmus ovium, ағыл. Scrapie, Rubbers/ – қойлар мен ешкілердің баяу үдемелі инфекциялық ауруы. Ұзақ жасырын кезеңімен созылмалы өтумен орталық жүйке жүйесінде дегенеративтік өзгерумен, дененің қышыумен, қозуымен және салданумен сипатталады.

Тарихи деректер. Бұл ауру Исландияда, Англияда, Шотландияда, Францияда, Испанияда, Канада және АҚШ-та тіркелген. Қоздырғышты 1954 жылы Б.Сигурдсон ашты.

Қоздырғышы толығымен бекітілген жоқ. Оның кезеңдері туралы бірнеше ғылыми болжаулар бар. Мысалы: Вирустық, ақзаттық, мембраналық, полисахаридтік. Физико – химиялық қасиетеріне байланысты басқада белгілі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан ерекшеленеді. Қоздырғыш – прион төмен молекулярлық ақзат. Экксперименттік жолмен ешкіні , қойды, тышқанды жұқтырғанда байқаған.

Індеттік ерекшеліктері. Қой мен ешкілердің ауруы. Негізінен үлкен жануарлар ауырады. Бұл ұзақ жасырын кезеңімен басталады. Бұл ауру горизонтальді – ауру малдан сау малға, вертикальді – анасынан ішіндегі төлге таралады. Ауру әсіресе жас малдарда ұзақ уақыт ешқандай белгісіз дамиды.

Індет қоздырғышының көзі – ауру қойлар болып табылады. Ауру және сау қойларды бір жерде ұстағаннан бір – біріне жұғады. Вирус анасынан төлге беріледі, көбінесе 2-3 жастағы қойлар аурады.



Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 1-4 жылға дейін эксперименталдық жолмен ешкілерді жұқтырғанда жасырын кезеңі 6-22 ай. Клиникалық белгілер белгілі бір уақыт аралығында немесе бір уақытта пайда болуы мүмкін. Мал тынышсыз тұрады, басын шайқай береді. Кейбір кезде бұлшық еттері дірілдейді, айналасындағыларға мән бермей айнала береді. Көз ауруына шалдығады немесе соқыр болып қалады. Жүрістері ұсқынсыз, аяқтары бүгілмейді, сүріне береді. Әр жерге сүйкене береді, әсірісе құйрық, маңдай жағында қышу әсерінен жүндері түсіп қалады. Кейбір қойлар тістерін қайрайды. Ондай қойлар даусы өзгеріп, тамақтануға зауқы соқпайды, қойларға азықты шайнауға да жұтынуға да қиынға түседі. Сүйкелген жерге адам қолы тисе, онда бұлшық еттері дірілдеп, тез арада қозып кетеді, қышына береді. Дене температурасы көтерілмейді. Ауру өте баяу дамиды, артқы мүшелерінің салдануына әкеледі. 6 аптадан 6 ай аралығында, кейде 1 жылдан кейін мал өледі.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Өлексе жүдеген. О.ж.ж. дегенирация пайда болады, кейбір кезде мида қан ұйып, қабынады. Мидың сұр затында ошақты диффузия көрінеді. Олар мидағы жүйке клеткаларын вакуолизациялау, нейрондарды прогрессивті дегенерациялау арқылы пайда болады. Зақымдалған нейронда жеке немесе бірнеше вакуолилерде табады. Көптеген нейрондар үсінеді хроматолизге, лизиске және пикнозға ұшырайды. Ақ затта пайда болу тарихы белгісіз вакуоли бар. Демиелинизация жүреді. Көптеген малдарда қаңқа бұлшық еттерінің ауытқуы байқалады. Бүйрек асты ісіп, щитовидная железа кішірейеді. Цереброспинальді сұйықтық көбейеді.

Балау. Аурудың клиникалық белгілеріне байланысты бас миының гистологиялық зерттеу негізінде қояды (дененің қозуымен, қышуымен, басын шайқаумен, көз ауруымен, бұлшық еттің дірілдеуімен сипатталды). Қышыманы, құрғақ теміреткені дифференциалдау қажет ( зақымдалған теріні зерттеу бойынша). Скрепидің жүйкелік формасын висны – маеди, Ауезки ауруынан, листериозадан дифференциалдау қажет. Скрепиге имунитет (қабылдамаушылық ) тумайды ( пайда болмайды). Белгілі реакциялармен антитела табылмайды.

Ветеринарлық – санитарлық тазалықты қадағалау шаралары.

Аурудың алдын алу шаралары. Скрепиге қарсы вакциналар шығарылған жоқ. Аурудың алдын ала сақтану шараларын қолданады, малды клиникалық бақылаудан өткізу керек.

Қой мен ешкілердің иелерімен жүргізілетін ветеринарлық – санитарлық шараларға мыналар жатады:



  1. малды әкелуде, азықтандыруда ветеринарлық – санитарлық ережелерді қадағалау керек.

  2. мал ұстайтын орынды және суару жерлерін ветеринарлық – санитарлық деңгейде ұстау керек.

  3. қиларды және өлекселерді дер кезінде шығарып, тазарту.

  4. әрдайым профилактикалық дезинфекция ( микроағзаларды жою ), дератизация ( кемірушілерді жою), дезинсекция (жәндіктерді жою), дезакаризация (кенелерді жою) жасау.

  5. мал шаруашылық фермаларының, бөлмелерін дезинциялау.

  6. мал тұратын обьектілерді қоршау.

  7. мемлекеттік ветеринарлық бақылау органдарына әкелінген мал туралы, оларды сою немесе сату туралы хабарлап отыру.

  8. барлық малдарды жеке құжаттармен және индентификациямен қамтамасыз ету.

  9. әкелінген малды 30 күн бөлек ұстап, барлық ауруларға зерттеу.

  10. мал азығын арнаулы жерлерге дайындау.

  11. асханаларды және мал сою орындарын термиялық қадағалаудан өткіземіз.

  12. ауру малдар мен сау малдарды араластыруға жол бермеу.

Ветеринарлық мамандармен жүргізілетін арнайы шаралар:

  1. малдарға жыл сайын клиникалық бақылау жүргізу.

  2. малдарға емдік – профилактикалық обработка жүргізу.

  3. малдарға жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізу.

Қойларда скрепидің пайда болу жағдайын да жүргізу шаралары.

Скрепиге имунитет жоқ. Белгілі реакциялармен антитела пайда болмайды. Мал иелері жүргізеді:

  1. ветеринарлық мамандарды малдардың ауруға шалдығуын ескерту, оларды ветеринарлық мамандар келгенше қадағалау, бақылау, ауруға шалдыққан малды оқшаулау.

  2. ауру малды жеке ұстау.

  3. малдың және ішкі құрылысының ветеринарлық – санитарлық экспертизасыз союға рұқсат етпеу

  4. бөтен адамдарды және көліктерді оқшауланған территорияға кіруге тыйым салу.

  5. ауру малдың астын тазартып, өлекселерді өртеу керек.

Ветеринарлық инспекторлар жетекшілігімен ветеринарлық маман – лицензиаттар мынаны жүзеге асырады.

  1. малдарға клиникалық бақылау жүргізу.

  2. ауру малдарды емдеу.

  3. дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу.

Мемлекеттік ауыл аймақтық ветеринарлық инспекторлар скрепи диагнозын тапқан жағдайда «мемлекеттік аудандық ветеринарлық инспекторларға» хабарлау керек. Олар карантин жариялайды. Карантин Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің 2002 жылдың 14 қараша № 367 бұйрығына сәйкес 30 күнге жарияланады. Ауру малдарды өлтіріп, ветеринарлық – санитарлық шаралар қолданылғаннан кейін карантин жабылады.

Ауру малдардың етін жояды. Етте дегенеративтік өзгерістер болмаса қайнатамыз, ал ішкі мүшелерді және басын утилизацияға жібереміз.


Бақылыу сұрақтары:

  1. Ауру қоздырушысына сипаттама беріңіз.

  2. Тарихи деректері мен індеттік ерекшеліктерін айтыңыз.

  3. Балау, емдік шараларында не қолданады?

  4. Патологоанатомиялық өзгерістері.


10 тақырып ҚОЙЛАРДЫҢ ВИСНА-МАЕДИ АУРУЫ

Мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Висна-маеди /орыс. Висна-маеди лат. Visna – maedi, ағыл. Ovine progressive/ – артқы аяқтарының салдануымен созылмалы өтетін пневмониямен мінезделетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет бұл ауру 1935 ж. Исландияда висна ( қажу, кіру ) атымен тіркелген. Кейін осы жерде созылмалы өтетін пневмония, жануарлардың өлімімен аяқталатын ауру тіркелді. Бұл ауру маеди ( ентігу ) деп аталды.

Алғашқыда висна мен маедиді: екі бөлек ауру деп санады, содан кейін олар тек қана бір аурудың екі формасы екені дәлелденді. Табиғи індеті сау қойға ауру қойдың милы ұлпасынан дайындалған суспензиямен жұқтыру жолымен дәлелденген.



Қоздырушысы. РНК – дан тұратын вирус, Retrovirus тұқымдастығы. Ол сфирикалық формада болады, диаметрі 70-100 нм.РНК вирусы бір спиральді, гомогендік учаскесі бар бірнеше фрагменттен тұрады.

Вирион құрамында РНК және ДНК байланысты ДНК полимераза. Вирус ауырған қойдың барлық мүшелерінде кездеседі. Оны эпендима торша өсіндісінде және буын байланысында өсіреді; қойдың бас миынан алынған, 24-48 сағаттан кейін цитологиялық өзгеріс түзеді; көп ядролы үлкен торшаларымен олардың келесі деструкциясы.



Індеттік ерекшеліктері. Қойлар ауырады, бірақ әр тұқымның сезімталдығы әр түрлі. Әдетте ауру жиі асыл тұқымдарда кездеседі. Ұрғашы қойларда ауру әдетте буаз кезінде байқалады. ІҚМ ауырады деген мағлұмат бар. Экспериментальді жұқтырғанда басқа жануарлар ауырмайды. Римиссия байқалмағандықтан, бұл ауруды созылмалы емес, баяу өрбитін деп атаған. Инфекция қоздырушының көзі-ауру жануарлар. Қоздырғышты әкелу себебі-аурудан сау емес шаруашылықтан қой әкелгенде болуы мүмкін. Вирус ауру мен сау жануарларды бірге ұстағанда беріледі, сонымен қатар азық арқылы да беріледі. 2 жастан асқан қойлар ауырады.

Жасырын кезеңінің ұзақтылығына байланысты жануарлар көп уақытқа дейін жасырын вирус тасымалдаушы болады. Вирусты әр түрлі бөлінділер арқылы берілетіндігі туралы мәлімет бар, сүт және уыз, ұрық және т.б.Аурудың маусымдылығы жоқ.



Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 6 айдан 6 жылға дейін байқалмайтын, баяу дамуымен мінезделеді. Висна – маеди өкпелік және жүйкелік формада өтеді.жүйкелік формада алғашқы белгілері жануар жүгіргенде байқалады, ереннің шамалы дірілі және басты дұрыс ұстамауымен. Ауру баяу өрбіп, жартылай салдануға немесе толық салдануға әкеледі. Әдетте салдану артқы жағында болады, жануар тұра алмайды, қатты жүдейді.

Өкпелік түрінде негізгі белгілері тұншығу. Жануар жұмыс істегенде, ал сосын тыныш тұрған уақытында да тұншығу байқалады: қиын демалу, жиі демалу (80-120 мин). Содан кейін құрғақ жөтеліп және мұрын қуысынан кілегейлі бөлінді ағады, жүдеу басталады. Өліммен аяқталады. Клиникалық белгілері бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады.



Патолого-анатомиялық өзгерістері. Өлексе қатты жүдеген. Жүйкелі түрінде-микроскопиялық өзгерістер байқалмайды немесе бұлшық етте атрофия байқалады. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері диффузды энцефаломиелит демиелинизациямен байқалады. Бас миының « ақ заты » бұзылуы және көптеген торшалардың түзілуі милы қабықта полиферация глин, димиелинизация жүйке жүйесінің ошақтары.

Өкпелік түрінде созылмалы қабыну мен қорғаныс ұлпаның өсуімен мінезделеді. Зақымдалған өкпе шеттері сау өкпеге қарағанда екі есе ұлғайған, олар сұр-ақшыл, сұрғылт-қоңыр түсті, тығыздалған, аралық сөл түйіндері ұлғайған, шырышты.Гистологиялық зерттеуде өкпеде интерстициалды пневмония белгілері байқалған: альвеолярлық қоршаудың арасы жауандау.



Балау. Клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және лабораториялық зерттеудің нәтижелеріне қарап қояды. Серологиялық реакциялар: КБР, ДПР.

Емі. Қарастырылмаған.

Иммунитеті. Ауырып жазылған жануарларда антидене қалыптасады. Оны КБР көмегімен анықтаймыз. Бірақ иммунитеттің жалғасуы әлі де толық зерттелмеген.

Адын алу және күресу шаралары. АҚШ, Канада, Исландия елдері дәлелдегендей, шараларды жүзеге асыру, шаруашылыққа немесе мемлекетімізге кірген жағдайда тез арада хабарлап, оны жою. Ол үшін аурудан сау емес шаруашылықтардан немесе мемлекеттерден қойларды әкелуге тиым салу, жүру жолдарын тіркеп, қой мен оның төлдерін беру орындарын.

Ауру пайда болған жағдайда қарсы тұру шараларды ең бастысы ауру, күмәнді жануарларды сою, жақсысы аурудан сау емес шаруашылықтағы барлық отарды жойған жөн. Аурудан сау емес шаруашылықта карантин жариялайды: шаруашылықтан қойды шығаруға және сау шаруашылықтағы жануарлармен байланысқа түсуіне тиым салынады.

Кейбір елдерде мал соятын жерлерде висна-маеди ветеринарлық-санитарлық зерттеу міндетті түрде жүргізілелді. Бірақта висна-маеди кездесетін елдерде күресу шаралары шаруашылықтағы ауру жұғуын төмендетеді. Висна-маеди ауруына ќарсы вакцина жоќ. Барлыќ күрес шаралары скрепи ауруыныкі сияќты. Ең бірінші аурудың ќоздырғышын кіргізбеу, таратпау. Шаруашылыќ субъектіде ауру шыға ќалған кезде тез арада диагнозды аныќтап аурудың көзін ќұрту. Ауру шыќќан жағдайда 30 күндік карантин ќойылады да барлыќ ќой мен ешкілерді ауыстырады сау малға. Карантинді барлыќ ауру мен күдікті малдарды сойып, ветеринариялыќ- санитарлыќ шараларды сапалы жүргізіп біткеннен кейін ғана сау малдарды әкеліп сойылѓан малдардың орнын толтырады. Сау малдарды аурудан таза региондардан алады Ауылшаруашылыќ министрлігінің 14 ќарашадағы 2002 жылѓы № 367 бұйрығына сәйкес. Сойылған малдардың еттерін ќоңдылығы жаќсы болса ќайнатады ал іш ќұрлыстарын утильге жібереді. Ал кахексиялы ұшаларды іш ќұрлыстары мен аяќ бастары мен утильге жібереді. Қойларды сою керек және басқа партия жануарларымен ауыстырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауру қоздырушысына сипаттама бер.

2. Балау, емдік шаралары.

3. Қандай патологоанатомиялық өзгерістері болады.

4. Алдын – алу үшін қандай шаралар қолданады.

.

11 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ



Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жұқпалы ларинготрахеит /орыс. Инфекционный ларинготрахеит лат. Laringotracheitis infectiosa ағыл. Laringotracheitis/ - катарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады. Бірақ одан кейін де жұқпалы бронхиттен ажыратылмады.Бұл екі аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді.

Қоздырушысы – Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамында ДНҚ бар герписвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоалантоис қабығында, торша өсіндерінде өсіріледі. Табиғатта вирустың уыттылығы жоғары штамдарымен қатар уыттылығы төмен штамдары да айналымда болады.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жұқтыру вирусты жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына, коньюнктиваға жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған ( 2 жылға дейін вирус алып жүреді ) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен тыныс жолы арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем, құрал-жабдықтар жұқтыру факторлары болып табылады. Қан сорғыш жәндіктер вирустың қорламасы ролін атқарады.

Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет ретінде қаулайды. Тұрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті жоқ жас құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының тұрақтануына вирус алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір партиясымен екіншісін алмастырғанда үзіліс жасамай санитариялық реттілікті бұзу себеп болады.



Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті және коньюнктивитті түрде білінеді.

Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, тәбеті болмайды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған құс қырылдаған, шиқылдаған үздік-үздік дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, құс аузын ашып дем алады. Құс жөтеліп, басын сілкіп, экссудат шығарады. кейде көмейіңде іріміктенген фибринді бөлінді іркіліп қалады. Ауырған тауық жұмыртқалауын тоқтатады. Жіті өткенде өлім көрсеткіші 10-60 %-ке жетеді. Ауру жітіден төмен және созылмалы өткенде респираторлық синдром онша байқалмайды, оқтын-оқтын құстың жағдайы жақсарып, қалпына келеді.



Патологиялық – анатомиялық өзгерістер. Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас ұйынды болады. Тілдің түбінде фибринді қабыршық кездеседі. Үлпершек ағзаларда қан іркіледі, жүрек кеңіп, ішек пен клоаканың кілегейлі қабықтары қабынады.

Балау. Ауруға тән індеттанулық, клиникалық деректер, патолого-анатомиялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанмен тұжырымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Ол үшін зертханалық тексеру жүргізу кажет. Түпкілікті балау үшін ауырған құстың кеңірдегінен тауық эмбрионында немесе торша өсіндісінде вирусты бөліп алып, серологиялық реакцияларда айқындайды. Сонымен қатар балапандарға биосынама қояды. Вирустың әсерінен эмбриондар өлмейді, тек хориоалантоис қабығында өзіне тән өзгерістер тудырады. Жұқпалы ларинготрахеитті жұқпалы бронхиттен, гиповитаминоздардан, респираторлық микоплазмоздан, тұмаудан ажырату кажет.

Емі. Құс шаруашылығында емі жүргізілмейді.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін шаруашылыққа құсты, инкубациялық жұмыртқа мен бір күндік балапанды тек аурудан сау жерден ғана әкеледі. Бір күндік балапандарды ересек тауықтардан оқшаулап ұстайды. Шаруашылықтағы барлық ыдысты таңбалап, пайдаланған соң жуып, дезинфекциялайды.

Кезекті құстың тобын орналастырмас бұрын қора-жайды мұқият дезинфекциялап, құрғатып, торда ұстағанда 10 күн, еденде өсіргенде 14 күн бос қалдырады.

Жұқпалы ларинготрахеит байқалғанда шаруашылыққа шектеу қояды. Ауырған және күдікті құсты өлтіріп, құс қораны, сою цехын мұқият дезинфекциялайды. Ауру жойылған соң, 2 ай өткенде барлық сауықтыру шараларын жүргізіп барып, шаруашылықтан шектеуді алады.

ЖЛТ-ті алдын алуға Қазақстан Республикасында тіркелген, қолдану


нұсқаулығына сәйкес, құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы
вирусвакциналар қолданылады. Құстарды бір қалыпты зоогигиеналық нормада
ұстау және азықтандырумен, әрбір құс шаруашылығы қамтамасыз етуі қажет.

Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

ЖЛТ ауруына күдік пайда болған жағдайда, ветеринариялық зертханаға аурудың бастапқы сатысындағы клиникалық ауру құстардың 4-5 бас сандарын және жаңа мәйіттерін зерттеуге жібереді. Бір мезгілде аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу шараларын қолданады.

Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша таза емес болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгізіледі.

Шектеу енгізу кезінде тиым салынатыны:


  1. құс шаруашылығының ішінде аурудың оты өршіккен кезде құстарды бір орыннан келесі орынға ауыстыруға;

  2. аурудан таза емес құс шаруашылығына құстардың барлық жастағыларын тасымалдап апаруға және олардан тасымалдап шығаруға;

3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына
тасымалдауға;

4) құс шаруашылығының ішінде аурудан таза емес құс қораларынан


алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;

5) азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды аурудан таза емес


өндірістік бөлмелерден және аурудан таза емес құс шаруашылығы аумақтарынан
тасымалдап шығаруға;

6) аурудан таза емес бөлімдерден, ошақтан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына тасымалдауға және қалауға;

7) аурудан таза емес құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан адамдардың толық санитариялық өнделуінсіз және киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырмай өтулеріне.

8) құс шаруашылығының аурудан таза емес кезеңінде рұқсат етілетіні:

9) аурудан таза емес бөлімнен ас жұмыртқаларына дезинфекция жасалғаннан кейін сауда көздеріне облыс көлемінде тасымалдап шығаруға;

Аурудан таза құс қораларынан алынған жұмыртқаларды ішкі шаруашылық мақсатына қолдану үшін инкубациялау, формальдегидтің ерітіндісімен жүргізілген аэрозольдық дезинфекциядан кейін, схема бойынша: бірінші жолы - жұмыртқалағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екінші -арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйінде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшінші - инкубаторға қаланардың алдында таңдалып алынғаннан кейін; төртінші - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткеннен соң;

Құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде, облыстың мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау мекемесінің рұқсатымен, аурудан таза құс қораларынан
жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етін қайта өңдеуші
кәсіпорындарына тасымалдауға.

Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында аурудан таза емес құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Бұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететін барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.

Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда, мұқият таңдау жүргізіледі және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсіз құстар етке сойылады.

Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен, қолдану


сәйкес иммунизациялайды.

Құс шаруашылығында құстарды азықтандыруды және ұстауды жақсартады, рационға антистресстік препараттар (қоспаларды) енгізіледі.

Әрбір құс қорасына қызмет атқарушы адамдар тағайындалады, олар
жұмыс киімімен, арнайы аяқ киіммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз
етіледі.

Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай


отырып, ветеринариялық маманның бақылауымен, соңынан сойылған жерге,
құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.

Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуынан соңғы жағдайынан


соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.

Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинацияланған


асыл тұқымды құс шаруашылығына, асыл тұқымды жұмыртқаларды
формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін
барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы
құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына ғана
рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет