Ветеринариялық медицина кафедрасы



жүктеу 1.38 Mb.
бет6/7
Дата21.09.2017
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауруға қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Аурудың клиникалық белгілері қалай өтеді.

Дерттенуі және қандай балау әдістерін білесіз.
12 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ ОРНИТОЗЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Орнитоз /орыс. Орнитоз, лат Ornithosis. ағыл.Chlamidiosis / - негізінен

жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен коньюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру.



Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Маранге (1895) адамға тотықұстан жұғатындығын байқап, "пситтакоз" деп атады. Кейіннен аурудың тоты құсқа ғана емес, басқа да құстарға тән екені анықталып, Мойердің (1941) ұсынысы бойынша "орнитоз" аталды.

Қоздырушысы-Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын кокктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм. Өсіп-өну циклында өте ұсақ (0,2-0,4 мкм.) элементарлық, яғни қарапайым денешіктер (инфекциялық түрі) және едәуір ірі (0,8-1,5 мкм) ретикулярлық денешік (инфекциялық емес түрі) кездеседі.

Бұлардан басқа аралық түрі - аралық денешік болады. Орнитоздың қоздырушысы иесінің торшасыңда цитоплазмалық қосындыда микроколония түзеді. Торшаға енген элементарлық денешік аралық денешік сатысынан өтіп, инфекциялық емес ретикулярлық денешікке айналады. Бинаралық бөлшектену арқылы ретикулярлық денешік қайтадан аралық денешікке, одан элементарлық денешіктің жаңа ұрпағына айналады.

Хламидиялар тауық эмбриондарында, торша өсінділерінде өсіріледі, ақ тышқанға, теңіз тышқанына, көгершінге жұқтырады.

Төзімділігі. Chl. psittaci сыртқы ортада төзімсіз, әсіресе шіріген кезде тез өледі, 60° С-та 10 мин. өледі. Кептірілгенде 5 апта, бөлме температурасьнда күн көзінде 6 күнге дейін, суда 17 күн, құстың саңғырығыңда 4 айдан артық сақталады. 3% фенол, 5% лизол, 2% формальдегид, 2% хлорамин ертінділері 3 сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Орнитозға үй және жабайы құстардың барлығы да бейім. Табиғи жағдайда тотықұс, көгершін, Үйрек, қаз, күрке тауық, қырғауыл және тауық ауырады. Бәрінен тоты құс тез ауырады, тауық басқа үй құстарына қарағанда төзімді. Ересек құсқа қарағанда балапандар сезімтал. Көптеген сүтқоректі жануарларға қолдан жұқтыруға болады. Ақ тышқанды, үй қоянын, атжалманды жасаңды жолмен оңай ауыртуға болады.

Инфекция қоздырушысының бастауы ауырған құс пен жасырын халамидия алып жүрушілер. Ауырып жазылған құс ұзақ уақыт 6 айдан астам, микроб алып жүреді. Организмнен халамидиялар тыныс жолдары арқылы және нәжіспен бөлініп шығады. Зарарланған экскреттері мен мұрыннан аққан сора құстың қауырсынын, маңайдағы заттарды ластайды. Негізгі жұғу жолы респираторлық, сонымен қатар алиментарлық жолмен де жұғады.

Құстардың көптеген түрлерінде орнитоз білінбей жасырын өтеді. Аурудың індет ошағы әдетте тұрақтанып қалады. Сонымен қатар орнитоз табиғи ошақты індет болып табылады. Оның табиғатта кең тарауына жыл құстары, олардың миграциясы әсер етеді. Хламидиоздың таралуына эктопаразиттер мен кемірушілер де қатысады. Халамидиоз адамға жұғатын қауіпті зооантропоноз болып есептеледі.

Өтуі мен симптомдары - Жасырын кезеңі 3 күннен 3 айға дейін немесе одан да ұзақ созылу мүмкін. Аурудың өзіне тән клиникалық белгілері жоқ, көбінесе инаппарантты жасырын инфекция ретінде өтеді. Әдетте жіті байқалғанда, құстың, әсіресе жас балапандардың іші өтіп, өлім көрсеткіші жоғары болады.

Орнитозбен ауырған тоты құс жабырқау тартып, жемге қарамайды, тынысы қиындап, нәжісі сұйылып, сұрғылт-жасыл түсті болады. Көзінен, танауынан серозды немесе іріңді экссудат ағады. Ауру ұзаққа созылғанда сирақтары мен қанаттары салдануы мүмкін. Өлім көрсеткіші 30 %-ке жетеді.



Патологоанатомиялық өзгерістері. Аурудың ұзақтығы мен клиникалық белгісі қоздырғыштың түріне байланысты болады. Өкпенің шашыранды қабынуы мен көкірек қуысында фибринді экссудат болуы мүмкін. Бауыр мен көкбауыр ұлғайып, түсі өзгереді, өліеттенген ошақтар мен қанталаулар кездеседі.Сірі қабықтарында жабысқақ фибринді экссудат болады.

Балау. Індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді. Ауру құстың бауыры мен көкбауырынан алынған жағындыны микроскоптау арқылы хламидияның цитоплазмалық денешіктеріне тексереді, ауру қоздырушысын бөліп алады, құстың қанын комплемент байланыстыру реакциясымен тексереді. Сонымен қатар орнитоз аллергенімен тері сынамасын қояды. Хламидиозды микоплазмоздан, сальмонеллезден, риккетсиоздан, тұмаудан ажыратады.

Емі. Құс шаруашылығында емі жүргізілмейді.

Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылған құста аз уақытқа ғана иммунитет қалыптасады. Алдын алу шаралары ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтауға негізделген. Ауырған құсты уақытында бөліп алып, оқшаулаудың орнитоздың таралуын тежеуде маңызы зор. Ауру шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы мен питомнигіне шектеу қойылады. Ауру құсты жойып, қора-жайды дезинфекциялайды. Күдікті құсқа бұлшық ет арқылы тетрациклин препараттарын береді. Бірнеше апта бойы құстың қанында антибиотиктердің 1 мкг/мл концентрациясы аурудан сақтайды. Шектеу аурудың соңғы рет білінгенінен 6 ай өткен соң алынады.

Құстардың Орнитоз ауруы кезіндегі алдын алу шаралары. Ауруды болдырмау үшін барлық ауруларға ортақ алдын алу шараларын жүргізеді және ауруды тасымалдаушы жабайы құстармен күресу жұмыстарын жүргізеді.

Құстардың орнитоз ауруының алдын алу шаралары құс шаруашылық субъектілерінде, зообазаларда құсты ұстау, азықтандыру қалыпты жағдайын жасау керек. Құс шаруашылық объектілерінде микроклимат жағдайын жасау керек, “бос - бос емес”, “таза – таза емес” тәртібін қатаң сақтау керек және Қазақстан Республикасына әкелінген құстарды 30 күн жеке ұстап оқшаулайды.

Балау, диагноз індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.

Орнитоз ауруы шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы қолайсыз шаруашылық деп Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.

Шектеу кезінде осы шараларға қатаң тиым салынады:

Шаруашылыққа сырттан жаңадан құстар әкелуге, шаруашылықтан сатуға құстарды шығаруға және оларды топтауға тиым салынады.

Ауру шығып жатқан шаруашылықтан жұмыртқа жинауға және жұмыртқаны бастыруға қатаң тиым салынады.

Ауруға күдікті және ауру құсты жойып, қора жайды тазалап, дезинфекциялайды. Ауру шыққан құсқанадан алынған жұмыртқаларды азонның немесе формальдегидтің буымен зарарсыздандырады, содан кейін пайдалануға рұқсат етіледі.

Құстарды бағып күту үшін, арнайы күтуші адамдар белгіленеді. Бұл адамдармен басқа құс шаруашылық мекемелерге кіруге болмайды.

Шектеу Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес шектеу шаралары тоқтатылады.



Бақылау сұрақтары:

    1. Аурудың сипаттамасы және қоздырушысы қандай?

    2. Тарихи деректері мен індеттік ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.

    3. Сауықтандыру шаралары. Қандай балау әдістерімен балайды.

    4. Қандай сауықтыру шараларын білесіз.

5 Адамдарға жұға ма, жұқса қандай клиникалық белгілері болады?
13 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ МАРЕК АУРУЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Марек ауруы – (нейролимфоматоз, құстардың салдануы) онкогендік герпес вирусы туғызатын құстардың жұқпалы ауруы (тауықтарда жиірек кездеседі) және аяқ-қанаттарының парездарымен, параличтерімен, көздің мөлдір қабығының түсінің өзгеруімен, көз қарашығының майысуымен, және де ішкі органдарда, бұлшық еттерінде және терісінде ісікті жаралардың пайда болуымен көрінеді.

Қоздырғышы сыртқы ортада жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және төсеніште, қабырғаларда, қора терезелерінде, жабдықтарда және желдеткіш жүйесінде жылдан кем емес уақыт сақталынады.

Табиғи жағдайда ауруға тауықтар шалдыққыш келеді. Түйе құстар, цесаркалар, бөденелер, фазандар жұқтырып алуға бейім келеді. Құстардың балапандары бірінші өмірлік күнінен бастап жұқтырып алуға көбірек сезімтал.

Ауру құстар індеттің көзі болып табылады, және де вирусты тасымалдаушыға клиникалық сау құстар жатады.

Инкубациялық кезең 14 күннен 6 айға дейін созылады. Вирустың бөлінуі жұқтырып алынған күннен кейін 7-20 күн аралықтарында басталады. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаға асқорыту және тыныс жолдары арқылы және тері қабаты арқылы бөлінеді (қауырсын фолликулдары эпителийі). Негізгі жұғу жолы – аэрогендік. Қоздырғыш залалданған жұмырқалардың сыртқы қабаты арқылы тасымалдана алады.

Марек ауруы зпизоотия түрінде немесе спорадиялық жағдайда өтеді.

2. Марек ауруына эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық жарып-кесудің нетижелерін негізге ала отырып және гистологиялық, цитологиялық, вирусологиялық зерттеулер арқылы диагноз қойылады. Бұндай кездерде, лимфойдтық лейкоздан, ньюкаслска ауруынан, құстардың тұмауынан, жұқпалы энцефаломиелиттен, Е, В, Д авитаминоздарынан және токсикоздардан ажыратып бөліп алу қажет.

Құстардың Марек ауруын алдын алу шаралары

3. Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі – Құс шаруашылығы) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі. Аз өнім беретін және ауруға күдікті құстар бөлініп алынып, жойылады. Марек ауруына төзімді тауықтардың түрлерін (тұқымдық ерекшелігі) таңдап алып өсіру ұсынылады.

4. Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына, Марек ауруына қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.

5. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундік алдын алу жұмысын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасында тіркелген вирус-вакциналар, қолдану нұсқаулығына сәйкес қолданылады.

6. Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-алу үзілісі іске асырылады.

Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

7. Марек ауруына күдік болған жағдайда құс шаруашылығының ветеринариялық маманы диагнозды анықтауға шара қабылдайды. Осы мақсатта ветеринариялық зертханаға жаңа өлген құстың денесін немесе ауру құстарды зерттеуге жібереді (5-10 бас).

8. Марек ауруына диагноз қойылған жағдайда, құс шаруашылығына шектеу енгізіледі, оның шеңберінде ауруды жою бойынша аурудың өту сипатын ескере отырып, кешендік ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.

9. Құс шаруашылығында аурудың таралуы кең ауқымды сипат алмай және ауру шамалы ғана жалғыз ілікті шыққан жағдайларда, формальдегидтің буымен 4-реттік дезинфекция жүргізілгеннен кейін, құс шаруашылығының ішінде жұмыртқаларды инкубациялауға рұқсат етіледі. Құстардың түк-мамықтарына, қауырсындарына, инкубациялық жұмыртқаларға және бөлмелерге кәдімгі жалпы қабылданған заттармен дезинфекция жүргізіледі.

10. Марек ауруының эпизоотиялық оты кезінде (құстардың жаппай ауыруы және аурудың таралуы ұлғайғанда) келесі шаралар жүргізіледі:

1) инкубациялық жұмыртқалардың және тірі құстардың сатылуына тиым салынады;

2) инкубацияны және құстардың жас балапандарын өсіруге қабылдау тоқтатылады;

3) аурудан таза емес құс қораларындағы, цехтарындағы, фермалардағы барлық құстарды шаруашылықтың құс союшы бөлімінде немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорында сояды;

4) аумаққа кіретін инкубаторға, құс қорасына, қосалқы құс жайларына, жабдықтарға, құралдарға мұқият тазарту және дезинфекция жүргізіледі;

5) аурудан таза емес құс шаруашылықтарында құс қораларына, инкубаторияларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, өндірістік аумақтарға, көлік заттарына және басқа объектілерге күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізіледі;

6) қи-нәжістеріне және төсеніштеріне биотермиялық зарарсыздандыру жүргізіледі.

11. Балапандарды өсіруге қабылдау, құс шаруашылығында санация аяқталғаннан кейін бір ай уақыт өткеннен кейін рұқсат етіледі.

12. Өсіруге қабылданған балапандар, Марек ауруына қарсы тәуліктік уақыттағы жасында егіледі (вакцинаны қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес егеді).

13. Аурудан таза емес құс шаруашылығының тауықтарынан алынған жұмыртқалар, анықталған тәртіп бойынша формальдегидтің буымен келесі схема бойынша дезинфекцияланады:

1) инкубациялық жұмыртқалар: төрт рет – бірінші рет жұмыртқалағаннан кейін 1 сағаттан кем емес уақытта, екінші рет – инкубаторға қаланар алдында, үшінші рет – инкубаторларда 6 сағат жылытылғаннан кейін және төртінші рет – шығарушы шкафтарда жұмыртқалар бір орыннан келесі орынға ауыстырылғаннан кейінгі сәтте;

2) ас жұмыртқалары – сауда көздеріне жіберілердің алдында бір рет дезинфекциялаудан өткізіледі.

14. Марек ауруынан таза емес құс қораларындағы құстарды етке сою кезінде тұтас еттері ішкі органдарынан толық босатылады, барлық ішкі органдары утилге жіберіледі, ал тұтас еттері қоғамдық тағамға, немесе қайнатылған шұжық, консервілер дайындауға қолданады. Терілерінде немесе бұлшық еттерінде ісікті жаралар болған жағдайда, тұтас еттері техникалық утилизацияға жіберіледі және ас өнімдерін дайындау үшін қолдануға тиым салынады.

15. Марек ауруының классикалық үлгісімен құстардың 5-10 % ауырған жағдайда құстардың барлық қолайсыз топтарын сою тиімді саналады.

16. Ауру кең ауқымды таралған жағдайда инкубациялық жұмыртқаларды сатуға және балапандарды өсіруге тиым салынады. Ауру құстарды жойғаннан кейін және құс шаруашылығында өндірістің барлық технологиялық бөлімдеріндегі санациядан соң 1 ай уақыт өткеннен кейін балапандарды өсіріп ұстауды бастайды. Барлық жас балапандар тәуліктік жасында егіледі.

17. Құс шаруашылығынан 6-айлық жасқа дейінгі өсірілген құс балапандарының арасында Марек ауруы болмаған кезде, шектеу алынады.


14 тақырып ҚҰНДЫЗДАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ ЭНТЕРИТІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Құндыздардың вирустық энтериті, жұқпалы энтерит, Форта - Вильям ауруы /орыс. Вирусный энтерит норок, ағыл. Mink virus enteritis/ -жіті, жанасу арқылы өтетін, іш өтуімен мінезделінетін ауру.

Тарихи деректер. Ең бірінші құндыздардың вирустық энтериті қоздырушсын 1949 ж Ф. Шоффилд бөліп алып сипаттаған болатын. СССР бұл ауру 1965 ж Сахалинде кездескен. Алдын алу шараларын жоғары эфективті биологиялық препататтар арқылы жүргізуге байланысты құндыздардың вирустық энтериті АҚШ-та Канада да кездесіп отыратын. Қоздырушысы. Вирустық энтерит қоздырушысы ДНҚ бар Parvoviridae туысына, Parovirus тұқымдасына жатады. Жас құндықдар мен мысықтардың торшалы өсіндісінде өседі.

Төзімділігі. Қайнату кезінде вирус лезде өледі.. Формалиннің 0,5% сілтілі ерітіндісінде бір тәуліктен кейін бұзылады, антибиотиктер мен формалин әсеріне тұрақты келеді.

Індеттік ерекшеліктері. Аурумен күзеннің барлық жасы қамтылған, көптеген жағдайда олардың күшіктері ауруға бейім.

Ауру және сауығып келе жатқан мал індет жұқтырудың көзі болып табылады, сонымен бірге, індет жұққан азық, су, төсеніш, пайдалану құралдары, кеміргіштер, жәндіктер, киім, аяқ киім, транспорт құралдары. Ауру жылдың барлық кезінде кездеседі.



Дерттенуі. Ауру құндыз организмде вирус бауырда, мида, талақта және ішекте жиналып, ішектің және лимфа түйіндерінің эпителиалды ядросында көбеуеді.

Өтуі мен симптомдары. Икубациялық кезеі 3-7 күнге дейін созылады. Ең бірінші клиникалық белгілерінен дене температурасы 40-41ОС дейін көтеріледі. өсы кезде кейбңр аңдар аз қозғалып тәбеті төмендеп қызуы көтеріліп сусызданады. Кейінгі күндерде құндықдар азықтан бас тартады. Жануар депрессиялық күйде болады, құрсақ қуысын палпациялағанда ауырсыну белгілері байқалады.

Патолого - анатомиялық өзгерістері. Анус тесігінің аймағында құйрығының түгінің жүндері нәжісімен ластанған. Көз қабығының, ауыз және мұрын қуыстарының клегей қабықтары ақшыл қызыл түсті анус тесігінің аймағындағы клегей қабығы қызыл түсті. Асқорту жолында, лимфа түйіндерінде, талақта, жұлын жіне мида көптеген өзгерістер болады.

Балау. Вирустық энтеритке балау клиникалық белгілері, патоморфологиялық және вирустік тексерулер, эпизоотикалық жағдай негізінде қойылады.

Ажыратып балау. Ет қоректілердің обасынан, инфекциондық гипотиттен және азықтық уланудан ажырату қажет.

Емі. Ауру жануарларды ьөлек ұстап, жүнінің өскенінше емдейді. Құндыздардың вирустық энтеритін емдеуге арналған арайы препараттар жоқ. Ет қоректілердің обасына, инфекциондық гипотиттенке қарсы дәрі дәрмек қолданады. Басқада дәрі дәрмектер қолданады: гепатопротекторлар, витаминдер, иммуномодуляторлар және т,б.

Алдын алу шаралары. Вирустық энтеритке ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай шаралар жүргізіледі:

Вирустық энтеритке таза емес аймақтан күзен шаруашылығына азық, төсеніш, транспорттық құралдар әкелуге рұқсат берілмейді. Аурудан қолайлы шаруашылықтағы күзенді күтетін қызметкерлер, ауруға қолайсыз шаруашылық субъектісіне баруға тиым салынады.

Вирустық энтеритке таза емес аймақтарда және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар

Күзеннің вирустық энтериті ауруына күдік болған жағдайда (азықтан тартыну, іш өткенде нәжістер әртүрлі-түсті болған кезде, нәжістерде кілегейлі түтік тәрізділер байқалғанда және басқалар) шаруашылық субъектілерінде жұмыс істейтін ветеринар маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжісі бар кілегейлі түтіктер немесе ішек кесінділері) жіберуі тиіс.

Аурудың шыққаны туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринар инспекторына хабарлауға тиіс.

Барлық ауру және ауруға күдікті деген күзендерді оқшау жерге бөліп алады. Аймаққа кіретін жерде формалин немесе күйдіріліген натрийдың 2% ерітіндісі бар дезинфекциялық кедергі қою керек.

Күзен өлген үйшікті, торды, су, азық беретін құралдарды, 2% формалин ерітіндісімен сулы дезинфекция жүргізіп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргізеді. Күтуші адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдерін булы формалин камерасында дезинфекциялайды.

Көң төсеніш және азық қалдықтары күн сайын жинап, биотермикалық әдіспен зарарсыздандыруға үйіп дайындайды.

Тор астындағы топыраққа хлордың күштілігі 2% құрайтын 2% ыстық күйдіргіш натрий, формалин не хлорлы әк ерітіндісін құяды.

Күзен ауруына күдікті деген малды қарауға бөлек адамдар бөлінеді; оларды басқа аурудан таза шаруашылық субъектілеріндегі адамдармен қатынасуына жол бермейді.

Шаруашылық субъектідегі күзендерді вирустық энтеритіне қарсы вакциналайды.Егу жұмыстары күзеннің бір бөлігінде болып, екіншісіне ауысқан кезде қызмет жасайтын адамдар алжапқышын 2% формалин немесе күйдіргіш натрий ерітіндісімен сүртеді және осы ерітіндімен қолғабын, күзен ұстайтын торды өндейді.Күн сайын аңдарды күтетін құралдарды, сондай-ақ жетісіне бір рет олар тұратын тор мен үйшіктерді 2% ыстық формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Энтериттен өлген күзендердің терісін алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлінген жұмыскерлермен жүргізеді. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін өлекселерді, пайдаланған ағаш жаңқаларың және майлар өртеледі, ал орын құрал саймандар мен жабдықтар тазартылып 2% формалинмен немесе күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекцияланады.

Шаруашылық субъектісінен өлген күзендердің терілерің, ауаның температурасы 30-35 градус Мақсатысий және салыстырмалық дымқылдығы 50-60% болған кезде кептіру арқылы зарарсыздандырады. Бұдан кейін оларды 10 күн бойы бөлме температурасында ұстайды.

Аурудан таза емес шаруашылық субъектісінен шектеуді соңғы өлім тіркелгеннен 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердің вирустық энтеритінен сауыққаннан кейін және осы Ережеде анықталған барлық ветеринариялық- санитарлық іс шаралар өткізілгеннен соң алынады. Күзендерді шектеу алынғаннан кейін бір жыл уақыт мерзім бойы шаруашылық субъектіден, сонымен қатар, бұрынғы аурудан таза емес пункттерден шығаруға болмайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Аурудың себебін, таралу жолдарын айтыңыз.

2.Аурудың емдік шараларын қалай жүргізіледі?

3.Диагнозды қалай қояды?

4.Аурудың алдын алу шаралары талдап беріңіз.
15 тақырып ЕТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ОБАСЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Ет қоректілердің обасы Карре ауруы, иттердің обасы /орыс. Чума плотоядных, лат. Pestis carnivorum ағыл. Canine disttmper/ -қызба,тыныс және ас қорыту жолдарының көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі№ Аристотельдің еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының қоздырушысын вирус екенін 1905 жылы француз ғалымы Карре дәлелдеді.

Қоздырушысы. РНҚ - тұратын Paramyxoviridae тұқымдастығының morbillivirus туыстығына жататын Canine distemper morbillivirus. Иммунологиялық жағынан антигендік туысты болып адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен байланысты.

Төзімділігі. Вирус сыртқы ортада онша төзімді емес.Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде кемінде бір жыл сақталады. 60ºС-та 30 минутта, 100 ºС –та бірден жойылады. Дезинфектанттар және физикалық факторлар тез өлтіреді. 1% лизол, ультракүлгін сәуле 30 мин., 2% күйдіргіш натрий -60 мин., күн сәулесі мен 0,1-0,5% формалин немесе фенол ерітінділері бірір сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Ет қоректілердің обасы-фильтрленетін вирус тудыратын өте жұғымтал ауру. Обаға бейім жануарлар қарсақ, сусар, құндыз, жанат, кәмшат, иттер және басқа етқоректілер болып саналады. Ауырған немесе ауырып жазылған жануарлар инфекцияның көзі болып табылады.Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді.Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды.Жануарлардың барлық жастағылары ауырады, көбінесе 2-3 айлық күшіктер бейім келеді.Аң өсіретін шаруашылықтарда ауру жануарлардың бір түрінен басталып, 1-2 айдан кейін аңдардың басқа түрі ауруы мүмкін.

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге дейін кейде 3 айға созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті өтеді. Оба қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Көп жерге таралған, етқоректілердің аса қауіпті індетіне жатады.

Аурудың өту түріне қарай ішек, өкпе, тері және жүйке түрлеріне бөлінеді.



Дауалау және күресу шаралары. Обаға қарсы шаралар ұйымдастырғанда қолайсыз пункт, эпизоотиялық ошақ және қатерлі аймақты айыру керек.

4. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруынан алдын ала сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылық субъектісінің басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде ветеринариялық - санитариялық режимдік талаптарды міндетті түрде қатаң сақтау керек.

5. Етқоректілердің обасымен күресте аң өсіретін фермаларды, ит өсіретін питомниктер мен елді мекендерді ауру жануарлармен және аурудың тарауынан қорғау, алдын-ала егу, ал ауру басталса міндетті түрде диагноз қою секілді кешенді шаралар жүргізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет