«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет8/116
Дата24.11.2022
өлшемі1.31 Mb.
#179382
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ аурудың себептері мен даму кездерінетікелей байланысты болып келеді. Құрғақ перикардитте дене қызуының көтерілуі мен тамыр соғысының жиілеуі қатарынан айқындалады. Ауру малдың көңіл-күйі жабығыңқы,азыққа тәбеті жоқ. Ірі кара малы шұғыл қимылдан қашқалақтайды, ал жылқы малы жатпайды. Алдыңғы аяқтарын алшақтатып ұстайды. Тамыр соғысы бәсеңдейді, оның толуы нашар. Жүрек түрткісі жақсы білінеді. Жүрек тұсын сипалағаңда, немесе соққылағанда ауырсынғандық байқалады. Жүрек қабының үйкеліс шуылын тыңдауға болады. Ол шуыл жүрек соғысымен пара-пар келіп отырады.
Жалқаяқты түрінде қан айналысының бұзылуы айқынырақ болып, аурудың жалпы күйі күрт төмендейді. Жалқаяқтың көп жиналуына байланысты үйкеліс шуылының естілмеуі де мүмкін. Жүректің соғуы жиілейді, қан тамырларының қабырғаларының серпімділігі нашар, толуы аз, ырғақтығы бұзылған. Жүрек түрткісі әлсіз, жайылыңқы, сипалағанда ауырысынғаңдық білінеді. Жүректің көлемі ұлғайған. Венада қан айналысы баяулайды, мойын көк тамыры білеуленген. Шынтақ сүйектері сыртқа қарай тебілген. Ауру малдың ыңқылдағаны байқалады. Жүрек пен қан тамырларының жеткіліксіздіктерінің негізгі белгілері (жүрек соғуының жиілеуі, ырғағының бұзылуы, көгеру, ентігу, ісіну) жақсы білінеді. Ірі қара малдарда ісік көбінесе алқымында, шықшыт тұсында, төсінің астында орналасады. Жауырын алды бездері ұлғаяды.
Электрокардиограммада кертештерінің амплитудасы кері кішірейеді, қосымша жирылу, жүрек ырғағының бұзылу белгілері анықталады.
Артерияда қан қысымы төмендейді, венада жоғарылайды (қалыпты 80-130 мм сынап бағанасының орнына 600-ге дейіп көтерілуі мүмкін). Қан ағысының жылдамдығы бәсеңдейді. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз. Зәрде - белок, альбумоздар, индикан.
Қабыну процесі алдыңғы қарыншақтардың жиырылуын әлсіретеді, өкпелердің, бауырдың және басқа да ағзалардың қызметтері бұзылады.
Барысы. Жарақатсыз түрінде себептеріне байланысты. Құрғақ перикардит себептерін жойғаннан кейін қысқа мерізімді жазылып кетуі де мүмкін. Ал жалқаяқты түрі ұзаққа созылады және ауыр түрде жүреді де өлім-жітіммен аяқталады.
Жарақаттан болған перикардит ұзаққа созылады, қатты әсер етіп асқынады. Қабыну жүрек еті мен ішкі қабатына өткенде ауру мал бірнеше күннің ішіңде өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет