ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева Ақтауға гастрольдік сапармен барды. Алайда концерттің болатыны алдын-ала хабарланса да, көрермен жиналмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/rozarymbaeva/

Өнер иесі Амал мерекесі күні қарсаңында Маңғыстау өңірін аралады. Алайда, сол күні 112 қызметі облыстың барлық тұрғындарына жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін жел соғатыны туралы ескерту жолдаған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өнер иесі ашық аспан астында концерт берді. 

“"Концертті өткізбейік дегенбіз, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтаулықтар қашаннан мықты адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт ақтаулықтарға құрмет", – дейді ұйымдастырушылар. 

  • "Бұрынғы жігітіммен сотта кездесеміз": Анна Данченконың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

  • "Бірге уақыт өткізбейміз": Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Қатты желге қарамастан концертке 50-ге жуық қала тұрғыны жиналды. Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып жатыр. 

“Көрісу күні болып, үйімізге қонақ шақырып қойдық”, “Концерт уақыты сәйкес келмеді”, “Ауызашар уақытында концерт бере ме?”, “Тегін палау десе ауа райына қарамай баратын еді” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Павлодар қаласында Роза Рымбаеваның өнер көрсетуі 10 миллион теңге екенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 112 — Ақтау — Актау (@112_aktau)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.