Алматыда №51 балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: yandex.ru

Мәліметтерге сүйенсек, 3 жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастап кетті. 

"Балабақша қызметкерлерін, балалардың ата-аналарын жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр, – делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұған қоса полиция департаменті балабақшада болған оқиғаға байланысты құқықтық баға берілетінін жеткізді. 

  • Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнын ішімдік ішетін жерге айналдырған

  • Көкшетаудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің төсегіне жатып алып шугаринг жасатқан

“Алматы полиция департаменті, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегіне бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр деп хабарлайды. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады”, – дейді департамент баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыдағы бөбекжай-балабақшаларының бірінде тәрбиеленушілердің қатарластарын ұрып-соққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан баланы қатарластарының еденге құлатып, жұдырықпен ұрып, тепкілегенін байқауға болады. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, жантүршігерлік оқиға 21 ақпанда болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.