Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерді жалдап отырған 50 мыңға жуық отбасы баспаналы бола алады. Өйткені енді жалға беру ұғымы жойылып, бірден сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Жағдайы жетіп тұрған адам енді алғашқы жарнасын төлеп, пәтерді атына аударады немесе қажетті қаржыны жиғанынша тұра береді. Бірақ әзірге жекешелендірудің нақты тәртібі белгісіз екен. Себебі заң жобасы әлі мәжілістің қарауында қалып отыр.

Былтырдан бері мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер жалдап тұратындардың бірі – көп балалы ана Бақытгүл Абжалова. Оның тапқан табысы ипотека рәсімдеуге жетпеген. Ал азын-аулақ ақша сегіз баланың ас-ауқатынан артылмайды дейді. Енді сәтін салғанда, жеңілдетілген бағамен жалға берілетін баспана бұйырыпты. Үйреніп қалған үйлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілсе, үлкен көмек болатынын айтады.

  • 2024 жылы "7-20-25" ипотекаға 100 миллиард теңге бөлінді
  • Елімізде жас ғалымдарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

“Бұған дейін пәтерді жалдап тұрдық. Бар тапқан табыс осы балаларға кетеді. Әйтеуір, шүкір, қазір осы үйді беріп отыр. Енді оны сатып алуға мүмкіндік берсе, амалдар едік. Алдымен, жарнасын жинасақ, кейін уақытылы төлемін жасап отырармыз. Жақсы жаңалық”, – деді көп балалы ана Бақытгүл Абжалова.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сарапшылары осының арқасында 50 мыңға жуық отбасы баспаналы бола алатынын айтты. Айтуларынша, қазір мәселе пысықталып жатыр. Заңға тиісті өзгерістер енгізілген. Мәжіліс норманы бірінші оқылымда мақұлдап қойған.

“Осы мәселе бойынша алдын ала оң шешім бар. Әрі қарай жекешелендіру тәртібі пысықталып жатыр. Яғни, заң қабылданған соң оны іске асыру бойынша үш-төрт айдың көлемінде қабылданады. Сол кезде нақты тәртібі көрсетіледі”, – деп мәлімдеді өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы Қарахан Қабиев. 

Жаңа нормаға сәйкес жалға беру ұғымы жойылып, пәтер бірден сатып алу құқығымен ұсынылады. Сәйкесінше, жағдайы келгені жекешелендіреді. Болмаса, уақытша тұрып, ақша жинаған соң атына аударады. Баспана он жылға бөліп төлеуге беріледі. Алғашқы жарна шамамен 30 пайыз болмақ деді мамандар. Алайда бұл тәртіптің бәрі заң қабылданғаннан кейін нақтыланбақ.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.