Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экологиялық заңнаманы өрескел бұзған ірі компанияларға қанша көлемде айыппұл салынғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр елдегі кәсіпорындардың экологиялық талаптарды сақтауын бақылау мақсатында 652 тексеру жүргізілгенін атап өтті. Осының аясында Қазақстанда барлығы 1679 заң бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 628 ұйғарым шығарылған.

"Жалпы сомасы 322,9 миллиард теңгеге 2 138 әкімшілік айыппұл салынды. Қоршаған ортаны қорғауға рұқсатсыз ластаушы заттарды ағызғаны үшін ең ірі айыппұлдар өндірілді: "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нен 7,2 миллирд теңге, "Теңізшевройл" ЖШС-нен 2,8 миллиард теңге",-деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Министр табиғатты қорғау заңнамасын бұзған өзге өңірлердегі кәсіпорындарды атап, оларға қанша көлемде айыппұл салынғанын мәлімдеді:

  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2,6 миллиард.теңге ("Қазцинк" ЖШС, "Теплоэнергия" мемлекеттік кәсіпорны, "Өскемен су арнасы", "Қытай Синсин компаниясы" ЖШС филиалы).
  •  Қызылорда облысы бойынша 681,8 млн.теңге ("Қуатамлонмұнай" БК" ЖШС, "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС, "Семізбай-У" ЖШС). 
  • Абай ауданына 677,5 млн.теңге ("ЭКО-Семей" ЖШС, "Прииртыш бройлер құс фабрикасы" ЖШС, "Теплокомуэнерго" МКҚК). 
  • Ақтөбе облысы бойынша 133,8 млн.теңге ("Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, "Өрiхтау Оперейтинг" ЖШС, "КазЭкоСервис Ақтөбе" ЖШС, "ҚМК Мұнай" АҚ, "CNPS" АҚ).

Ерлан Нысанбаев шектен тыс және рұқсат етілмеген шығарындылар үшін айыппұлдар салынығанын және сот тәртібімен 31 кәсіпорынның қызметі тоқтатылғанын хабарлады. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.