Бокстан Қазақстан құрамасының жас боксшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. 63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Тринидад Тобаго елінің өкілі Донелл Филиппен жұдырықтасты. Базарбайұлы үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз әлемдік лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өтті. 

Айта кетейік, 63,5 келіде сынға түсетін боксшылар алдағы олимпиадаға жолдама алу үшін Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықса жеткілікті. Бұл салмақта финалдық жекпе-жек болмайды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.