Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Adobe Stock

Депуат Асхат Аймағамбетов, заң жобалары мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу қою туралы тапсырмасы шеңберінде парамент депутаттарының бастамасымен әзірленгенін атап өтіп, заңның негізгі новеллаларын түсіндіріп берді. 

Олар мынадай: 

Біріншіден. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норманы қарастырып отыр. Сондай-ақ басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.

Екіншіден. Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады.

Үшіншіден. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты басқа да маңызды нормалар бар.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.