Шымкентте бір топ экс-полицейлер наразылық білдірді. Айтуларынша олар командирлеріне ақшаны қайғылы оқиға мен өлім-жітімге деп жинағандарын айтады. Алайда антикор мен прокуратура оларды пара берді деп жаппай жұмыстан қуған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан

Шаһардағы екі бірдей ротаның қызметкерлері тергеудің әділ жүрмегеніне сенімді. 

“Бізде Серік дегеннің әкесі қайтыс болды. Оған ақша бергем. Одан кейін Сайрамдағы, балалар үйіне ақша жинағанбыз. Оған да бергем. Иә, одан бөлек, қолма-қол ақша да бергем. 4-ші ротаның қызметкерлері осы жерде тұр. Әлімханов Қайрат дегеннің баласы қайтыс болған. Оған да ақша жинадық, үлкен сомада. Одан кейін өзі де жол апатына түскен соң, әжептәуір ақша бергенбіз”, – деді ЖПП бұрынғы инспекторы Оразәлі Алтаев.

Алайда антикор мен прокуратура екі ротаның командирі мен 95 қызметкеріне жүргізілген тексеріс кезінде ақшаның өлім-жітімге емес, жүйелі түрде пара ретінде жиналғаны дәлелденгенін жеткізген. Нәтижесінде қос командир 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 44 қызметкер жұмыстан қуылған. Олар қысым көрген соң амалсыз пара деп мойындағандарын айтады. 

  • Қарағандыда адвокат өгей әкесі зорлаған қыздардың анасын жалған куәлік беруге көндіру үшін пара берген

  • Шымкентте әйел мас күйінде екі танысын пышақтап өлтірген: Іске қатысты сот үкімі шықты

“Әр кезекшілікке түскен кезде 5 мың теңгеден жиналған. Рота командиріне кезекшілікке түскені үшін. Өздерінің ішкі тәртіптері солай, заңсыз жинаған соң сотты боп отыр ғой. 2-3 күнге демалысқа шыққан кезде, әр демалысқа шыққаны үшін рота командирі 2 мың теңгеден жинап отырған. Ал айына командирский дегенге 10 мың теңге өткізген. Сөйтіп міндеттелген”, – деді Шымкент прокуратурасы басқарма прокурорының орынбасары Адай Құтымов.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.