Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентіне Азат ету күнімен құттықтау жеделхатын жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Ақордадан

Мемлекет басшысы Болгария президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

“Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін”, – деп жазылған жеделхатта. 

  • Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

  • Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің су жаңа президенті Геннадий Головкинмен кездесіп, тапсырма берді

Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.