Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев үкімет қаулысымен қызметтен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

Үкіметтің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, ол қызметтен өз өтініші негізінде босатылды. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев берген өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау министрлігін ауылдарға аурухана салуды мерзіміне сай орындамай отыр деп сынаған. Былтыр 309 нысанның жобалық-сметалық құжаттарын дайындау уақытында орындалмады.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін мехатроника және роботехника мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Экономика мамандығы бойынша (2012), "ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын Денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен (2019) бітірген.

2009-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, бас сарапшы, сарапшы лауазымдарын атқарды.

2017-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2022 жылы 7 шілдеде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.