Бүгін Қоғамдық палата отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қоғамдық кеңес отырысы

Палата отырысында қылмыстық кодекске екі бап енгізу ұсынылды. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сарқұлов Ұлан Серікұлы екі бап туралы толығырақ түсіндіріп, қандай жаза қарастырылғанын айтты. 

Біріншісі 366-1-бап "Пара алуға, пара алу туралы өтініш немесе талапқа келісім беру" және екіншісі 367-1 "Пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін" қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. 

Пара алуға келіскендерге 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады; сол мөлшерде түзеу жұмысына тартылады; 4000 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Пара алуды өтінгені немесе талап еткені үшін 2000 АЕК айыппұл салу; сол мөлшерде түзеу жұмыстарына; 600 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту; екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін 1000 АЕК айыппұл салынады; сол мөлшерде түзеу жұмыстарына; 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Сома аз болған жағдайда, бопсалағанда, бас тартса  және тиісті органдарға хабарласса жауапкершілік жүктелмейді", – деп атап өтті ол. 

Агенттік өкілінің сөзінше, енді сыбайлас жемқорлардың жария тізімі жасалады. 

"Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасап, сотталғандар туралы мәліметтер қамтылады", – деді ол. 

Сондай-ақ Сарқұлов пара беруге оқталудың өзі аяқталған қылмыстық құрам болып саналатынын атап өтті. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.